Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды


Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына



бет2/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері
Әдебиет теориясынан сұрақтар, ҚМЖ7-сынып Әдебиет, Жаксылыкова ГЖ5
Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жалаң және жайылма болып бөлінеді.
Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш пен баяндауыштан – ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы, Есіл тасып жатырЖағасы – бал-құрақАты жүйрік екен.
Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы, Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.
Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем толымды және толымсыз болып бөлінеді.
Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы, Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысып тұр.
Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:
Атыңды сатамысың?
Сатамын.
Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнына қойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.
Бастауыш пен баяндауыштан құралмай, заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын білдіретін сөзден, сөз тіркесінен жасалған сөйлем атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы, Қоңыр күз. Жол лайсаң. 16 желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық.

КОНСПЕКТ
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет