Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды


Түрлері Жалғаулықтары



бет8/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері
Әдебиет теориясынан сұрақтар, ҚМЖ7-сынып Әдебиет, Жаксылыкова ГЖ5
Түрлері

Жалғаулықтары

Тыныс белгісі

1

Ыңғайлас салалас

Және, да, де, та, те, әрі.

Үтір

2

Қарсылықты салалас

Бірақ, сонда да, дегенмен,
алайда, әйтсе де, сөйтсе де.

Үтір, үтір мен сызықша

3

Түсіндірмелі салалас

Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады.

Қос нүкте, сызықша

4

Себеп-салдар салалас

Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б.

Үтір, қос нүкте немесе сызықша

5

Талғаулы салалас

Не, немесе, я, яки, болмаса,
әйтпесе, не болмаса, әлде,
я болмаса

Үтір

6

Кезектес салалас

Кейде, бірде, біресе.

Үтір


КОНСПЕКТ
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Мысалы, Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес, ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес айтыла беретін, ойды тиянақтап тұратын екінші жай сөйлем басыңқы сөйлем деп аталады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары төмендегідей:
1. Бағыныңқының баяндауышы көсемше тұлғалы етістіктен болады. Мысалы, Аудан орталығына қоныс аударғалы, тұрмыстары недәуір түзеліп қалып еді.
2. Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады. Мысалы, Біреуге жақсылық жасасаң, ол ешқашан жерде қалмайды.
3. Бағыныңқының баяндауышы -ша/ше, -дай/дей жұрнақтары мен жатыс, көмектес септікті есімшеден және -дықтан/діктен қосымшалы есімшеден болады. Мысалы, Жолаушылардың қарасы үзілгенше, қорықшы жота басында қарап тұрды. Баласынын келген бір жапырақ қағаз көңілге демеу болғандай, ана жұмысқа құлшына кірісті. Күн райы бұзылып тұрғандықтан, жас төлдерді өріске шығармады. Таң құланиектеніп ата бергенде, ауыл үстін айқай-шу басып кетті. Жұмысшылар ерте жиналғанымен, жұмыс бірден басталып кетпеді.
4. Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары және кезде, шақта, уақытта деген көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Қыстаудан жайлауға көшкен соң, ауыл-ауыл бір-бірін ерулікке шақырыса бастайды. Отырғандар қопарыла сыртқа шыққан кезде, Қуаныш пен Анар да жеке серуендеуге беттеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан екіден де көп болса, ондай сөйлемдер көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Сырттағылар тегіс кіріп, орын-орындарына жайғасқан соң, көпшіліктің өтінішімен жыр тиегі ағытылды. Бұл сабақтастың құрамында екі бағыныңқы сөйлем бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет