Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды


Үйірлі мүше – кемінде екі



бет20/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері
Әдебиет теориясынан сұрақтар, ҚМЖ7-сынып Әдебиет, Жаксылыкова ГЖ5
Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайдыБілімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.
Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?
Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Мысалы, Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің (ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше).
Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі

Құрылысына
қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара бастауыш

Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.

Күрделі бастауыш

Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.

Үйірлі бастауыш

Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.
Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.

Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі

Сөз табы

Мысалдар

Зат есім

Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады.

Сын есім

Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты.

Сан есім

Алтау (кім?) ала болсаауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.

Есімдік

Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.

Есімше тұлғалы етістік

Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа.

Тұйық етістік

Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.

Одағай

Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.

Үстеу

Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.

Еліктеу сөз

Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.

Баяндауыш
Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.
Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;
2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
Баяндауыш даракүрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.
Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкеніЖолаушылар саны – отыздай.
Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді.
Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңғалған жоқ. Оның бар мақсаты – тезірек ер жету.
Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі

Құрылысына
қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара

Басты байлық – денсаулық. Саябақ – демалыс орны.

Күрделі

Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді.

Үйірлі

Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу.

Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп кешікпей күннің көзін қалың бұлт бүркей бастады.
Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.
Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.
Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.
Баяндауыш есімдіктен де боладыЖамал апайдың жастарға айтпағы – осы.
Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі

Сөз табы

Мысалдар

Етістіктер

Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.

Сын есімдер

Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату.

Зат есімдер

Бүгінгі жастар – бақытты жастар.

Сан есімдер

Төрт жерде төрт – он алты.

Есімдіктер

Мәдениет сарайы – анау.

Көмекші етістік пен еліктеу сөз

Кенет әлдене тарс етті. Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді.

Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай бастауыштан кейін төмендегі жағдайда сызықша қойылады.
1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтөбел мен Көкдауыл – аулымыздың аруағы.
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – әр баланың міндеті.
3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы – Ақшолпан. Алты – жұп сан. Жорға Жұмабайдың мінгені – Құанабайдың торы аты.
4. Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек ету – басты парызӘр баланың міндеті  ата-анасын құрметтеу.
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Үш жерде үш – тоғыз. Алты жерде алты – отыз алты.
6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышынан ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – адамның ерекше қабілетін танытадыКөрмес – түйені де көрмес.
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді.
Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады.
Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бірі. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады.
Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.
Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері: 1) атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады; 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады; 4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді; 4) толықтауыштың байланысу түрі – меңгеру мен жанасу.
Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара толықтауыш; 2) күрделі толықтауыш; 3) үйірлі толықтауыш.
Бір сөзден болған толықтауыш дара толықтауыш деп аталадыМысалы, Абай Ерболмен (кіммен?) ұзақ ақылдасты.
Күрделі сөздерден болған толықтауыш күрделі толықтауыш деп аталады. Күрделі толықтауыш төмендегідей жолдар арқылы жасалады:
1. Күрделі зат есімненАта-анасын (кімді?) сыйлаған адам қор болмайды. Күрделі сын есімнен: Марат күрең қасқамен (немен?) ойқастай жүрді. Күрделі сан есімнен: Жүз – жиырма төртке (неге?) қалдықсыз бөлінбейді.
2. Негізгі сөз бен көмекші есім немесе көмекші етістік арқылы: Үй ішіне (кімдерге?) сырттағы дауыс қатты естілді. Абай биік мансаптың биік жартас екенін (нені?) айтқан.
3. Туралы, жөнінде, жайында шылауларының қатысуы арқылы: Абай Әбдірахманның болашақ жоспары туралы (не туралы?) сұрап-білді.
Үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады. Мысалы, Көкірегі ашық, білімі тереңге (кімге?) өмірде қиындық кездеспейді. Қайсардың үйі аң терісі дегенге (неге?) толып тұр.
Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады: 1) тура толықтауыш; 2) жанама толықтауыш.
Тура толықтауыш табыс септігінің жалғауын жалғап, сабақты етістікпен байланысты болып, тура объектіні білдіріп тұрады. Ол ауыл шаруашылығы академиясын (нені?) бітірген еді.
Жанама толықтауыш табыс септігінен басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірін жалғап, салт етістікке қатысты болып, жанама объектіні білдіреді. Терезеден (неден?) ай сәулесі дірілдей түсіп тұр. Абай Ерболға (кімге?) Әйгеріммен (кіммен?) ашық сөйлесуді тапсырды.
Тұрлаусыз мүшенің екінші түрі – анықтауыш. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Күрең (қандай?) ат еш нәрседен үрікпей сұлу (қандай?) жүрісімен сылаң қағып келеді. Екінші (нешінші?) соққыдан есін жинай алмай қалды. Қалиқа – Ұлжанның (кімнің?) ауылдан ертіп келген серігі. Шеткі (қай?) үйден көңілді (қандай?) әуен естіліп жатты. Тілек сегізінші (нешінші?) сыныпта оқиды. Анықтауыш өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады. Мысалы, күрең ат, сұлу жүріспен, Ұлжанның серігі, шеткі үй, сегізінші сынып, т.б.
Анықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) дара анықтауыш; 2) күрделі анықтауыш; 3) үйірлі анықтауыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет