Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды



бет19/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері
Әдебиет теориясынан сұрақтар, ҚМЖ7-сынып Әдебиет, Жаксылыкова ГЖ5
Мысалы, Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.
Айтылған ойға сөйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөздің түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздердің тыныс белгісі – үтір. Мысалы, Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!
Логикалық көтеріңкі екпінмен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.

КОНСПЕКТ
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болу керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек. Мысалы, Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.
Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.
Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауышекі рет – күрделі пысықтауышАлтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет