Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды


Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер



бет17/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері
Әдебиет теориясынан сұрақтар, ҚМЖ7-сынып Әдебиет, Жаксылыкова ГЖ5
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер:
– негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады;
– бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;
автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары:
1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық, /дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.
2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.
3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістік айтылады. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады.
4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.
5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса, төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.
6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарының мысалдарының кестесі:

ТӨЛ СӨЗ

ТӨЛЕУ СӨЗ

– Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы.

Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.

Әркім әртүрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды.

Әркім әр үрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды.

– Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің?

Қазақтың мұң-мұқтажының алтын діңгегі екенін айта келіп, басын көтеріп, қайдан жүргенін сұрады.

– Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлнұр.

Гүлнұр оған сырымен бөліскелі келгенін айтты.

– Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен.

Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын-болмайтынын сұрады.

КОНСПЕКТ
Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет