Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды



бет4/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері
Әдебиет теориясынан сұрақтар, ҚМЖ7-сынып Әдебиет, Жаксылыкова ГЖ5
Белгісі

Мысалдары

Салалас құрмалас сөйлем

Кемінде екі жай сөйлемнен құралады

Өзара тең дәрежеде байланысады, баяндауыштары тиянақты болады.

Әлден уақытта екі атты кісі келді де, мені ағаштан шешіп алды.

Сабақтас құрмалас сөйлем

Кемінде екі жай сөйлемнен құралады.

Бірі екіншісіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болады.

Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды.

Аралас құрмалас сөйлем

Кемінде үш жай сөйлемнен құралады.

Өзара салаласып та, сабақтасып та байланысады.

Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы, Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.
Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:
1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы, Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.
2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те, әрі, және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар; 3) өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар; 5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты салалас, 4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет