Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет7/10
Дата18.11.2019
өлшемі0,92 Mb.
#51963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2-ЖБ Қазақ тілі (Т1) 3-сынып

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).





  1. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу



    1. Ұзақтығы – 40 минут Балл саны – 16

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.



    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі - оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

34


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы





Ортақ тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырм а саны

Жалпы балл

1



Өнер

Атақты


тұлғалар



Тыңдалым және айтылым

3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау





Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.



1

6

2

Оқылым

3.2.3.1. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.5.1 Берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау


Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1


5


3

Жазылым



3.3.3.1* Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу



Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1


5


Барлығы










3

16

35

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі



«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым


1. «Орман өнерпаздары» мәтіні бойынша берілген суретке мұқият қара. Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Мәтіннің мазмұнын болжа және ойыңды дәлелде.

Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Орман өнерпаздары» тақырыбына әңгіме құра.



Тірек сөздер: ашық алаңқай, өнер көрсету, көңілді, шаттану, тамашалау, риза болу.

Жоспар:

  1. Сенің ойыңша оқиға неден басталды?

  2. Оқиға қалай жалғасты?

  3. Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың?

[6]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет