1.Психологиялық дайындық.
-Қандай жақсы, күннің күлімдегені?
-Жақсы!
-Қандай жақсы, желдің соққаны?
-Жақсы!
-Қандай жақсы, достарыңмен бір жүрген?
-Жақсы!
-Қандай жақсы, анаңның құшағы?
-Жақсы!
-Қандай жақсы, туған өлкеңде болған?
-Жақсы!
-Үйің қай жерде болса, сол жер жақсы?
-Жақсы!
-Қандай жақсы, билеген?
-Жақсы!
-Қазақстандық болғаның қандай жақсы?
-Жақсы!
2.Ой қозғау.
-Барлығымыз интербелсенді тақтаға назар аударайық. Мұқият тыңдаңдар.
-Мынау не?
-Жылқы.
-Жылқы біздің ауылда бар ма?
-Бар.
-Жылқы қанша?
-Екі
-Тауықтың балапаны нешеу?
-6
-Қанша доп?
-1
-Қозы нешеу?
-2
Күшіктер қанша?
-3
-Неше лақ?
-1
- Балалар нешінші сыныптың оқушылары?
-бірінші.
-Мұндағы 1,3,6 заттардың несін білдіріп тұр?
-Бұлар заттың санын білдіріп тұр.
-Сонымен, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы қандай?
-Сан есім.
Топпен жұмыс жасалады.
“Қанша” тобына тапсырма
-Сан есім дегеніміз не? Сан есімнің сұрақтарын жазыңдар. Сөйлем құрастырыңдар. .
“Нешінші” тобына тапсырма
Мың, алпыс, бір, екі, алты сөздеріне –ыншы, -ныш,
-інші, -нші жұрнақтарын жалғап жазыңдар. Сөйлем құрастырыңдар.
“Нешеу” тобына тапсырма
Нешеу? Сұрағына жауап беретін сөздерді жазыңдар. Мысал келтіріп, сөйлем құрастырыңдар.
- Іске сәт!
|
1минут
2минут
5 минут
|
1.Оқушылар орындарынан тұрып орындайды.
2. Сыныпқа жалпы тапсырма. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
2.Топ болып ойлайды, жұмыс жасайды.
Жұмыстарын постерде орындайды. Әр топтан спикерлер шығып қорғайды.
|
Жаңа сабақ.
Дәптерлеріңді ашып, күннің ретін жазыңдар.
Көркем жазу.
Оқулықпен және дәптермен жұмыс.
«Қанша» тобы 2-жаттығуды орындайды.
Берілген сөздердің ішіндегі сан есімдерді тауып, зат есімдермен тіркестіріп жаз.
«Нешеу» тобы 3-жаттығуды орындайды.
Жұмбақты оқып, шешуін тап. Сан есім қай сөз табымен байланысып тұр?
«Нешінші» тобы 4-жаттығуды орындайды.
Өлеңді түсініп оқы. Сан есімдерге –інші, ыншы жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.
Сергіту сәті «Сәйгүлік».
Сәйгүлік шауып келеді, шауып келеді
Тастан өтті (жұдырықтарын уқалайды)
Құмнан өтті (алақандарын ысқылайды)
Судан өтті (беттерін соғады)
Кедергіден өтті (орындарынан тұрады,секіреді)
Мәреге жетті (у-у деп қолдарын соғады)
3.Тақтамен жұмыс.
Шығармашылық тапсырма.
«Суретті билет» ойыны.
Ойын тәртібі:
Ойын тәртібі:
Әр топқа екіден жеке сурет карточкалары үлестіріліп беріледі. Олар ақылдаса отырып, берілген карточкаларға ауызша сөйлем ойлайды. Сөйлемдегі сан есімдерді атайды.
Оқушылар шығармашылық тапсырманы орындап жатқанда А,В,С оқушыларға тапсырма беріледі.
4.«Алдар Көсе. Тар үй» ертегісінен үзінді көрсету.
Ертегідегі сан есімдерді «ішіне - сыртына» кестесіне толтыру.
Ішіне қанша? сұрағына жауап беретін сан есімдерді жазады.
Сыртына нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімдерді жазады.
біреу, бесеу, көп
|
7минут
1минут
6минут
6минут
|
1.Оқушылар күннің ретін жазады. Көркем жазу жұмысы орындалады. Әр топ берілген жаттығуларды алдымен жеке орындайды, одан кейін жұп болып тексереді,
соңында топта талқылайды.
2.«Сарыарқа» күйінің әуенімен сәйгүліктің шабысын қимылдармен келтіреді.
3. Оқушылар карточкадағы сурет бойынша өтіліп отырған тақырыптың мазмұнына сай сөйлемдер құрады. Сөйлемді дұрыс құрған топтан бір оқушы шығып, сөйлемді ауызша айтады.
А,В,С оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
4. Оқушылар ертегідегі сан есімдерді «ішіне-сыртына» кестесіне толтырады.
|