Жұмыртқа өнімдері және олардың сапалық көрсеткіштерін анықтау



бет1/6
Дата19.09.2023
өлшемі2,35 Mb.
#181630
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЖҰМЫРТҚА ӨНІМДЕРІ


Жұмыртқа өнімдері және олардың сапалық көрсеткіштерін анықтау
Орындағандар:Исатаев М.И.,Курганова Н.С.Муқан М.Б.,Нурлан И.Н.,Нокерова С.О.,Нурлыбаева Ж.М.,Өтеген А.Ж., Серикбаева А.Е.,Тастанбекқызы Ж.,Юсупова Д.Т.
Группа: Тх 18-12
Tексерген: Турсунбаева Ш.А.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім

Кіріспе
Жұмыртқа (тауық жұмыртқасы ) — дәмді де нәрлі тағам.Нан пісіру өндірісінде тауық (сирек үйрек пен қазы) жұмыртқасы мен жұмыртқа өнімдері – мұздақ, жұмыртқаның ақуызы, жұмыртқаның сарыуызы және жұмыртқа ұнтағы пайдаланылады.
Жұмыртқаның пішіні – элипс тәрізді шығыңқы болып келеді. Жұмыртқаның сопақтығы оның еніне қатысты алғанда 1,13-1,67 аралығында болады және орташа 1,32 мөлшерін құрайды. Қабығының түсі ақ түстен қою қоңыр түске дейін кездеседі. Жұмыртқаның құрамдас бөлшектері мынадай: қабық үстіндегі үлдір, қабығы, қабық астындағы қабыршақ, ақуыз қабыршағы, ақуыз, сарыуыз қабыршағы, сарыуыз, тұқымдық диск, градинкалар, ауа камералары.
Жұмыртқаның басты құрамдас бөлшектеріне оның қабығы, ақуызы мен сарыуызы жатады. Оның салмағы түріне, тегіне және тауықтың жасына, оның тамақтану жағдайына, сол сияқты өсірілу барысына тәуелді болады және өте кең ауқымда ауытқып отырады.Тауық жұмыртқасының салмағы көбінесе 40-60 г мөлшерінде болады, мұнда оның қабығы 5-8 г, ақуызы – 23-24г, сарыуызы – 12-18 г құрайды. Тауық жұмыртқасы МЕМСТ 27583–88 талаптарына сай болуы шарт. Жаңа әкелінген тауық жұмыртқасы іштей тағамдық (диеталық, жаңа алынған) және тоңазытқышта сақталған, әкте сақталған деп бөлінеді.
Жұмыртқаның құрамында толыққанды ақуыздар мен майлар болады. Жұмыртқа тамаша эмульгатор мен көбіктендіргіш болып табылады. Жұмыртқаны қамырға қосады, сондай-ақ пісірер алдында қамыр дайындамаларының үстіне жағып, түс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет