Жұмыртқа өнімдері және олардың сапалық көрсеткіштерін анықтау


Тауық жұмыртқасы сақтау мерзімі мен сапасы бойынша



бет3/6
Дата19.09.2023
өлшемі2,35 Mb.
#181630
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЖҰМЫРТҚА ӨНІМДЕРІ

Тауық жұмыртқасы сақтау мерзімі мен сапасы бойынша

  • Диеталық жұмыртқалар жаңа, сапасы жоғары, суық температурада ұсталмаған, тұтынушыға 7 күннен артық сақталмай жеткізілген жұмыртқа.
  • Асханалық жұмыртқаларға сақтау мерзімі алынған күнін есптемегенде 25 күннен аспаған, тоңазытқышта 120 күнге дейін сақталған жұмыртқалар жатады.

Массасына сәйкес жұмыртқа таңдаулы, бірінші және екінші болып бөлінеді.

  • Таңдаулы жұмыртқалар: 1 жұмыртқаның салмағы 65 г-нан кем емес, 10 жұмыртқаның салмағы 600 г-нан кем емес, ал 360 жұмыртқаның салмағы 23,8 кг-нан кем емес;
  • I категориялы-55 г,560 г және 20,2 кг;
  • II категориялы-45 г, 460 г және 16,6 кг сәйкес

Құрғақ жұмыртқа өнімдері

Жұмыртқа ұнтағы - балауса жұмыртқалардың қабығынан механикалық жолмен ажыратылып , біртекті массаға келтірілген , сүзілген , шашырату арқылы кептірілетін жұмыртқа өнімі . Осындай жолмен бактериологиялық жағынан қауіпсіз және қолданытаға өте қарапйым өнім болып табылады . Жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін асханалық ( балауса және тоңазытқышта сақталғандар ) құс жұмыртқалары , сондай - ақ , НД талаптарына сәйкес мұздатылған жұмыртқа меланжы қолданылады . Түрі біртекті ашық сары , өзіне тән иісі бар . Жұмыртқа ұнтағы құрамында : 46,0 % белок , 37 , 3 % май , 4,5 % көмірсу , 4,9 % күл бар . Энергетикалық құндылығы —— 542 ккал . Жұмыртқа үнтағын технологиялық өңдеу үрдісі келесі операциялардан тұрады : жұмыртқаны қабылдау , топтастыру және санитарлық өңдеу , өлшеу , қабығын жару , жұмыртқа құрамын ажырату , жұмыртқа массасын фильтрлеу ( акзат пен саруызды ) , араластыру , пастерлеу және кептіру , жұмыртқа ұнтағын буып түю , тасымалдау , сақтау . Кептіруге дейінгі технологиялық үрдістер мұздатылған өнімдердегіндей болады.

Жұмыртқаны өңдеу арқылы өндірілетін өнімдер

Жұмыртқа меланжы -мұздатылған жұмыртқа белогы мен сары уызы.

Меланжды ақ қаңылтырдан жасалынған сыйымдылықтары 10; 8; 4,5; 2,8 кг масса сиятын банкілерге салып сақтайды. Егер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-85%, ал температурасы -12˚С болса 8 ай, 18˚С болса 15 ай сақталады. Меланждың құрамында 12,7% белок, 11,5% май, 0,7% көмірсу, 1,0% күл бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет