Жұмыртқа өнімдері және олардың сапалық көрсеткіштерін анықтау


Жұмыртқа өнімінің пайдасы



бет5/6
Дата19.09.2023
өлшемі2,35 Mb.
#181630
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЖҰМЫРТҚА ӨНІМДЕРІ

Жұмыртқа өнімінің пайдасы

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.

Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.

Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі 10%.Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді.

Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады.

Жұмыртқаның адам ағзасына зияны қандай?

Холестериннің ең үлкен мөлшері осы тағамда. Холестерин – адамның ағзасында қауіпті процесстерді тудырады. Оның кесірінен жүрек-тамыр ауруларының дамуы мүмкін.

Көптеген адамдар ұзақ уақыт бойы тері ауруларынан зардап шегеді. Ол жұмыртқадан болуы ғажап емес, өйткені бұл тағам – аллергиялық реакция тудыратын тағамдардың қатарында.

Зертеулерге сәйкес, онымен күнделікті тамақтанатын болсаңыз, қандағы глюкозаның мөлшері көбейіп, диабетке әкеліп соғуы мүмкін. Жұмыртқамен шамадан тыс тамақтану, темекі шеккенмен бірдей. Ересек адамға бір күнде, 1-3 жұмыртқа жеуге кеңес беріледі.

Жұмыртқадан жасалатын тағамдар

  • Жұмыртқа тағамдары - дайындалу технологиясы жеңіл әрі қарапайым тағамдар тобына жататын тағам. Жұмыртқа тағамдарына — пісірілген, қуырылған, дәмдік қоспалар салынып бұлған жұмыртқалар, омлеттер, бисквиттер жатады. Жұмыртқа тағамдарының ішінде әртүрлі қоспалар салыну арқылы жасалатын көптеген аспаздықт ағамдар бар: португаль, швед, полыиа, украин, беларусь, Россини жұмыртқалары, аля ройяль және т.б.Қоспа ретіне көбіне қызанақ, зәйтүн, сыр, шұжық, пияз, саңырауқұлақ қолданылады. Жұмыртқа тағамдарын ойлап табу оңай. Мысалы, Россини (композитор) жұмыртқасын қуырылған жұмыртқаның сарысын ойып алып, үстін піскен қазбауырының кесегімен жауып, мадерадан дайындалған соус құйып береді. Бірақ жұмыртқаны күнделікті жеудің зияны да бар. Артық салмағы бар адамдардың организміндегі зат алмасу процесінің түзелуін тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет