Жоо педагогика мамандығының оқытушыларына біліктілікті көтеру бағдарламасы Жоғары оқу орындарындағы оқытудың инновациялық әдістері Модуль «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер»



бет1/19
Дата28.10.2022
өлшемі3,05 Mb.
#155396
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
resume, Жексенбай Гүлжан МФК 204 педагогика эссе2, Қорытынды эссе Тұрсынбай Диас, ГЛАВА 18 РАК ПИЩЕВОДА, APPLICATION FORM, APPLICATION FORM

Республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институты (РБЖ БАИ) ЖОО педагогика мамандығының оқытушыларына біліктілікті көтеру бағдарламасы Жоғары оқу орындарындағы оқытудың инновациялық әдістері

Модуль 1. «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер»

№ 1.1 Тақырып

Инновациялық оқыту технологиялары. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары. Оқытудың инновациялық әдістерінің классификациясы. Құзырлы әдіс, оқытудың белгілі нәтижеге бағытталуы.


“Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді”
А.Байтұрсынұлы
“Бүгінгі күні де, болашақта да адамға нақты бір салада білім керек, ол құнды болу керек, дәлірек айтсақ, құндылығы кәсіпқойлыққа және ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуы керек. Өйткені, ескі білімге оқушыдан сұраныс жоқ”
Н.Ә.Назарбаев

Инновациялық оқыту технологиялары.

Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы. "Оқыту технологиясы ” ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалық технология” ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген.

"Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет