Жоо педагогика мамандығының оқытушыларына біліктілікті көтеру бағдарламасы Жоғары оқу орындарындағы оқытудың инновациялық әдістері Модуль «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер»



бет14/19
Дата28.10.2022
өлшемі3,05 Mb.
#155396
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
resume, Жексенбай Гүлжан МФК 204 педагогика эссе2, Қорытынды эссе Тұрсынбай Диас, ГЛАВА 18 РАК ПИЩЕВОДА, APPLICATION FORM, APPLICATION FORM

Принциптері

• Көкейтесті мәселелерді өзіндік шешу; • Жеке даралық; • Субъективтілік; • Таңдау; • Шығармашылық пен сәттілік; • Сенімділік пен қолдау;

Әдістеменің ерекшеліктері:

Оқу үрдісі оқушы мен мұғалімнің оқу сұхбатына негізделген, ол бағдарламалық қызметті бірлесіп құруға бағытталған. Бұл жерде оқушының ынтасы, оқу материалының мазмұнын, формасын, түрін жеке таңдауы, алған білімін оқытуға қатысты емес жағдайда , қажет болған соң өздігінен пайдалануға талабы есепке алынады.

Білім, білік, дағды

Сыртқы дүниеден қабылдағанның барлығына оқушы таңдаумен қарайды. Ғылыми- педагогикалық логиканың барлық ережелері бойынша бір жүйеге біріктірілген түсініктердің барлығын оқушылар игере алады деп айта алмаймыз, оқушы, көбінесе, өзінің жеке тәжірибесінде пайдаланатын түсініктерді ғана меңгереді. Сондықтан оқу үрдісін ұйымдастырғандағы бастапқы нүкте субъектік тәжірибені көкейтестілендіру, байланыстарды іздеу, дамудың жақын аймақтарын анықтау.

Оқу қызметінің тәсілі

Бұл технологияда барлық білім беру жүйесінің орталығы баланың даралық қасиеттері болып табылғандықтан оның әдістемелік негізінде оқу үрдісін даралау және саралау принциптері жатыр. Кез-келген пәндік әдістеменің негізгі идеясы –әр оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Одан кейін бұл мүмкіндіктер ұтымды жүзеге асырылатын құрылым анықталады;

Ең басынан әр бала үшін оқшауланған орта құрылмайды, керісінше, ол өзін көрсете алу мүмкіндігі болатын ашық жан-жақты мектеп ортасы құрылады. Бұл мүмкіндікті педагог кәсіптік тұрғыдан анықтаған кезде оның дамуы үшін қажетті жағдай тудыратын оқытудың саралау формасын ұсынуға болады;

Ең басынан әр бала үшін оқшауланған орта құрылмайды, керісінше, ол өзін көрсете алу мүмкіндігі болатын ашық жан-жақты мектеп ортасы құрылады. Бұл мүмкіндікті педагог кәсіптік тұрғыдан анықтаған кезде оның дамуы үшін қажетті жағдай тудыратын оқытудың саралау формасын ұсынуға болады;

Педагогтың сабақта қолданатын икемді, жалықтырмайтын, түсінікті даралау мен саралаудың формалары оқушының таңдаған танымдық қызығушылығын , олардың көрінуінің тұрақтылығын, оқушының оны оқу қызметінің тәсілдері арқылы жүзеге асырудағы өзіндік жұмысы мен белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет