Сабақтарынан «өмiрлiк қоржынымды»



Дата28.12.2021
өлшемі200,58 Kb.
#128879
түріСабақ
Байланысты:
Қорытынды эссе Тұрсынбай Диас
resume, Жексенбай Гүлжан МФК 204 педагогика эссе2, 226352, ГЛАВА 18 РАК ПИЩЕВОДА



«Педагогика» пәнi

Қорытынды эссе

Тақырыбы: «Мен, болашақ мұғалiм Тұрсынбай Диас, «Педагогика» сабақтарынан «өмiрлiк қоржынымды» немен толықтырдым? Ненi үйрендiм?»

Орындаған: Тұрсынбай Диас

Тобы: МФК-204

Оқытушы: Жумашева С.С.

Алматы 2021

Мен педагогика пәнінен көп нәрсе үйрендім! Мен білім беру үшін бірінші кезекте тәрбие беруді түсіндім. "Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»

Ұстаз - Ұлы тұлға! Ұстаздық ету ол бір ғажап дүние, өзі үлкен жауапкершілікті талап ететін, өзінің қиыншылығымен бірге, қызықты, қуанышты кездері бірге жүретін таптырмас мамандық. Әрине, оның сырын түсінген жанға қызық.

Мамандық деген ол тек өмір сүру үшін ақша табу емес. Әрбір адам өз мамандығын жақсы көріп, рухани күш алып, өз еңбегінің нәтижесін көріп рахаттану. Ұстаз еңбегінің нәтижесі - шәкірті ұстазынан озғанда болмақ. Ұстазы шәкіртіне артқан үмітті ақтағанда болмақ. Міне, өз жұмысынан ләззат алу деген осы. Мамандық деген ол әр адамның өзі сүйіп жасайтын, бар ынта жігерімен істейтін, әрі қуана жасайтын ісі және ертеңгі болашығы. Егер адам ата-ананың қалауымен өзі сүймейтін мамандық таңдар болса, онда одан жақсы маман иесі шығады деп ойламаймын. Қай ата-ана өз баласына жамандық ойласын? Әрине ондай адам жоқ шығар, тек есінен адасып, алжып, психикалық ауруға ұшыраған ата-ана болмаса. Кейде өз баласының жақсы мамандық иесі болғанан қалаған ата-ана өз баласымен санаспай, қателіктерге бой алдыртып та жатады. Мамандық таңдарда бала өз ата-анасымен санаса отырып, өз жүрек қалауын таңдаған дұрыс болар.



Мектеп қабырғасында жүрген кезімде өзім не үйренсем басқаларғада, яғни қасымдағы сыныптастарыма бар білгенімді үйреткім келетін. Түсінбеген достарыма, жанымды салып түсіндіруге тырысатынмын, олардың да білгенін қалайтынмын және олар түсінген кезде, бір ғажап, сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімде болатынмын. Ылғи ойымда «Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу – мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей» деген Мұхаммед пайғамбарымыздың сөздері тұратын, әлі күнге дейін оны өзіме ұран ретінде қолданамын. Бірақ педагог болу туралы терең ойланып көрмедім. Сол кезде сыныптастарым айтатын «сен өскенде жақсы ұстаз боласың», «сенен жақсы педагог шығады» дейтін. Аллах Тағалам ауыздарына салғандай... Осы мамандықты таңдауыма бірден бір себепкер жан ол менің әкем. Жалпы әкемнің де мамандығы педагог. Ылғи маған ұстаздың қандай болу керек екенін түсіндіретін. Кішкентай кезімнен, ұстаздың бойында қандай қасиеттері болу керектігі, өзін қалай ұстау керектігі жайлы санама құйып өсірді. Осылайша мен, әкемнің жол көрсетуімен және өз жүрек қалауыммен осы педагог мамандағын таңдадым. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек дейді емеспе, солардың бірі мамандық таңдауда. Менің таңдауым дұрыс деп ойлаймын және таңдауыма өкінбеймін.

Құрметті Светлана Сатыбалдықызы 1 семестр бойы бізге берген біліміңізге, тәрбиеңізге, жан-жақты дамуымызға қосқан үлесіңізге алғысым шексіз! Ұстаз деген ұлағатты тұлғаның бейнесін көз алдымызға келтіріп, болашақ ұстаздық жолымызға көпір болдыңыз!Бізді алтын уақытыңыз бен денсаулығыңыздан жоғары қойған еңбегіңізді құрметтеймін! Сіздей оқытушымыздың болғанына қуанамын! Алдағы жылдарда сізге дарынды, білімді оқушыларыңыздың көбеюін тілеймін! Жұмысыңызға табыс, отбасыңызға сарқылмас бақыт жаусын, сізге көп көп рақмет!!!❤

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет