Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім Ататүрік – саяси келбеті Мұстафа Кемал Ататүрік – Тарихи Тұлға Түркия тәуелсіз ұлттық даму жолында және Ататүрік «Ататүрікшілдік»


Түркия тәуелсіз ұлттық даму жолында және Ататүрік



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата05.05.2023
өлшемі106,43 Kb.
#176096
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ататүрік
ктж, 210603
2. Түркия тәуелсіз ұлттық даму жолында және Ататүрік
Түркия елінде ұлт – азаттық қозғалысы өрістеді. Батыс Анатолияда
партизан соғысы басталды. Түрік интелегенциясы, ең алдымен әскер
қатарындағы интеллигенция – Анатолиядағы Түрік Ұльтының идеологы,
азаттық қозғалыстың басқарушысы болды. Түрік ұлтының басшысы Мұстафа
Кемал – паша (Ататүрік) осындай офицерлер қауымынан шықты жәгне
барлық қозғалыс кемалшылдар қозғалысы ал азаттық соғыстың басында өріс
алған ұлттық революция кемалшылдар революциясы деп аталды. Ұлттың
мүддесін көздеген Кемалдың өзі басқарған кемалшылдардың радикалды
қанаты османизм идеологиясынан қол үзіп, Түркияны тәуелсіз мемлекетке
айналдыруға ұмтылды.
Лозанна бітім шартында Түркияның жаңа шекарасы белгіленіп Осман
империясының құлағаны заңдастырылды. Түркия халықаралық финанс
бақылауынан құтылды. Осы шарт бойынша Түркия Оттаман қарызының
өзіне тиісті бөлігін мойындады. Либиядағы құқықтарымен
артықшықтарынан бас тартты. Түркия үшін кейбір қолайсыздықтарына
қарамастан, Лозанна бітім шартты Кемал (Ататүрік) революциясы
нәтижесінде, оның үлкен жеңіске жеткендігін айқындады. Антнта
мемлекеттері 1920жылы жасаған Севр бітім шартынан бас тартып ,
Түркияның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. Түрік халқының
азаттық күресі барысында шетел капиталының үстемдігі мен сұлтандық
феодалдық- клерикалдық құрылысқа қарсы бағытталған ұлттық революция
міндеттері шешілді. 1923 жылы 29 қазанда Түрік республикасы болып
жарияланды. 1924-1934 жылдары мемлекеттік құрылыс, құқықтық
қатынастар, мәдениет пен тұрмыс салаларында реформалар жүргізіліп,
экономика саласында бірсыпыра прогресшіл шаралар жүзеге асырылды.
Қорыта келгенде, бірінші дүние жүзілік соғыс салдарынан Осман
империясы азып-тозып кеткесін, Анадолыда ұлттық мемлекет құрылды. 1922
жылы 1 қарашада Түркияның Ұлы Ұлттық мәжілісі сұлтан билігін таратып
жіберді. 1923 жылдың 29 қазанында республика жарияланды. 1926 жылы
Швейцария кодексі негізінде азаматтық кодекс қабылданды, ол көп әйел
алушылыққа тиым салып, ермен әйелдің заң жүзінде бірдей тең екенін
тиянақтап берді. Кемал Ататүрік түрік қоғамына батыс құндылықтарын
енгізу үшін бірқатар басқада реф ормаларды жүзеге асырды: әріпті
латындандыру, тіл реформасы, Европа киімін енгізу, ай тізбені күн тізбемен
алмастыру, әйелдерге саяси хұқ беру т.б. Осы жаңартудың бәрін іске қосуда
лаицизм (зиялылық) принципі негізге алынды. Ислам мемлекеттік дін
болудан қалды.


Мұстафа өзінің дүниетанымы бойынша, либералдық экономиканы
жақтайтын, ал жеке адамның кәсіпкерлінгін жоғары бағалады. Бірақ
христиандар Түркияны тастап кеткеннен кейін елге іскер кісілер жетіспей
қалды, бұған қоса соғыстан жадап жүдеген елдің қаржы-капиталы да тым аз
еді. Осындай мүшкіл жағдайда тек жеке кісілердің кәсіпорындары
республиканың ілгері басуын қамтамасыз ете алмады.
Алайда экономиканы мемлекеттік басқару формасы ретінде, этатизм
Ататүріктің жігерлі ұмтылыстарына жауаптарына жауап бере алмады.
Расында да, жеке меншік сектроы баяу да болса сенімді де, тұрақты дамыды
және өндірілетін ауыл шаруашылық өнімінің бәрі түгелдей жеке кісілердің
иеліігнде болды.
Ататүріктің айрықша тұлғасы оны қайта жаңғыртудың кепіліне
айналдырды, оның ел арасындағы абырой-беделі, сұлтан мен халифат
жойылғангнан кейін жаңа тәртіптің заңдылығын қамтамасыз етті. Дегенмен,
Ататүріктің жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырғаннан кейін де Түркия
дамыған Еуропа ел-жұртының деңгейіне жете алмады. Бұл табиғи нәрсе
болатын, өйткені, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда өз экономикасын
модерлендіруге тым кешеуілдеп кіріскен еді. Батыста «мемлекет-ұлт»
тұрпатындағы жаңа мемлекеттік бірлестіктер адамдардың тілі мен діні,
мәдениеті бойынша өзара жақындасуының нәтижесінде туған еді. Бұл
жергілікті базарлар бірлесуінен пайда болған жалпы ұлттық базардың
құрылуына қол жеткізді. Сол сияқты аймақтық мәдениеттер ұласуынан келіп,
жалпы ұлттық мәдениет жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет