Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім Ататүрік – саяси келбеті Мұстафа Кемал Ататүрік – Тарихи Тұлға Түркия тәуелсіз ұлттық даму жолында және Ататүрік «Ататүрікшілдік»


«Ататүрікшілдік» немесе «Кемализм» принциптері



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата05.05.2023
өлшемі106,43 Kb.
#176096
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ататүрік
ктж, 210603
3. «Ататүрікшілдік» немесе «Кемализм» принциптері
Түрік ұлтын, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне
жеткізу жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың ( Туркияда
оларды «Ататүрік революциялары» деп атайды.) негізгі болған
принциптердің жиынтығы «ататүрікшілдік», немесе «кемализм» деп аталады.
Бұл - жалаң теория емес, Ататүрік құрған Туркия республикасы мемлекеттің
практикалық тұрғыдағы тұғырнамасы, идеологиалық арқауы.
Олар мыналар:
1.республикашылдық
(мемлекетің және ұлттың тұрақты түрде
республикалық құрылым жолымен басқарылуы);
2. халықшылдық
(мемлекеттің халық үшін қызмет етуі және оның халық
тарапынан басқарылып отыруы);
3. мемлекетшілдік
(барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени
шаралар Туркия мемлекетінің мәңгі өмір сүруін және нығаюын қамтамасыз
етуі керек);
4.ұлтшылдық(
ұлтжандылық, түрік ұлтының мүдделері мен мерейінің басты
мақсат болып табылуы
);
5. лаицализм (
діни емес, зайырлы мемлекет жүйесі
);
6. революцияшылдық(
тоқырауға жол бермеу, үнемі даму, жаңару үстінде
болу, әлемдік өркениеттен артта қалмау
).


Бұл принциптер 1937 жылы ресми түрде Туркия республикасының
конституциясына енгізілді. 1961,1962 жылға конституцияға енгізілген
өзгерістер де бұл принциптерге нұқсан келтірген жоқ.
Осы принциптердің негізінде Туркияда Ататүріктің басшылығымен
мынадай реформалар жүзеге асырылды:
саясат саласында
- сұлтандық жойылып, Туркия республика болып
жарияланды. Туркияның жаңа парламенті- Ұлы Ұлттық Мәжілісі
ұйымдастырылды, халифат таратылды, жаңа конституция қабылданды.
құқық саласында-
шариғат соттары таратылды, азаматтық кодекс
және жаза туралы заңдар қабылданды, әйелдерге еркектермен тең құқықтар
берілді, көп әйел алуға тыйым салынды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет