Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім Ататүрік – саяси келбеті Мұстафа Кемал Ататүрік – Тарихи Тұлға Түркия тәуелсіз ұлттық даму жолында және Ататүрік «Ататүрікшілдік»


Мұстафа Кемал Ататүрік – Тарихи Тұлға



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата05.05.2023
өлшемі106,43 Kb.
#176096
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ататүрік
ктж, 210603
1.
Мұстафа Кемал Ататүрік – Тарихи Тұлға
Мұстафа Кемал Ататүрік Солоники қаласында (Греция) дүниеге
келген. Туған кездегі толық есімі-
 Әли Риза ұлы Мұстафа.
Әкесі- Әли риза
Ефенді, анасы-Зүбейде ханым. Балам батыр
болсын деген ырыммен
Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген
екен. Мұстафа Кемалдың нақты
қай күні туғаны белгісіз.Оның себебі Османлы империясында екі түрлі
күнтізбе қолданылған: һиджри және руми. Оның туған жылы 1296 жыл деп
тіркелді де қай күнтізбе бойынша екендігі айтылмады. 1296 жыл қазіргі
жалпы қолданыстағы күнтізбенің 1880-1881 жылдарына сәйкес келеді.
Мұстафа Кемалдың өзінің айтуынша анасы оған көктемде туғансың деп
айтқан.Тарихшы Решит Саффет Атабиеннің ұсынысынан кейін Ататүріктің
өзі туған күн ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни
мамырдың 19-ын қабылдады.
Селаник пен Манастырдағы әскери мектептерде оқыған. Әскери
мектепте оқып жүрген кезінде Ататүрікке бір күні математика пәнінің
мұғалімі былай дейді: Ұлым, екеуміздің де атымыз Мұстафа екен. Арамызда
айырмашылық болуы үшін сенің атың бұдан былай Кемал болсын. Ұстазы
осылай дейді де, журналға солай жаздырады. Сөйтіп, азан шақырып қойған
аты сәл өзгертіліп, Ататүрік екі сөзден тұратын есім алады. Ал, кейін 1934
жылы Туркияда фамилиялар туралы арнайы заң қабылданғанда түрік
халқының алдындағы орасан зор еңбегі ескеріліп, Туркияның Ұлы Ұлттық
Мәжілісінің арнайы қаулысымен Мұстафа Кемалға «Ататүрік» деген
фамилия берілді.
Сақария қаласында грек әскерімен болған 21- тәулікке созылған бетпе-
бет ұрыста тамаша жеңіске жеткені үшін 1921 жылдың қыркүйек айында
оған маршал дәрежесі және «Ғази» («жеңімпаз») атағы берілген. 
1895 жылы Манастырдағы Османлы әскеи академиясына оқуға түсті.
Мұстафа Кемал Латифе Ұшақлігілге үйленген. Ататүрік 7 қыз бен 1 ұл
асырап алған. Бос уақытында кітап оқуды, атқа мінуді, шахмат ойнауды және
суда жүзуді ұнатқан. Биге құмар болған. Мұстафа көптеген кітаптар жазып,
жеке күнделік те жүргізген. 
Ататүрік Туркия республикасынң 15 жылдығына орай елді аралап
жүрген сапары кезінде 1938 жылы 10-қараша күні Стамбулда бауыр
церрозынан қайтыс болады(57 жасында). Оның денесі Анкараға әкелініп,
сондағы этнография мұражайына жерленеді. Ал 15 жылдан кейін, яғни 1953
жылы қазіргі кесенесіне көшірілді. Бұл кесене түрікше «Аныт қабир»
(«Ескерткіш қабір») деп аталады.
Мұстафа Кемал Ататүрік тек түрік халқының ғана емес, бүкіл түркі
әлемінің ХХ ғасырда тарих сахнасына әкелген ұлы перзенттерінің бірі. Ол
өзінің саналы өмірін туған халқының жарқын болашағы мен туған елінің
толық тәуелсіздігі, тұтастығы және бірлігі, ана тілі мен ұлттық мәдениеттің
дамуы, жетіле тусуі жолындағы күреске арнады. Сондықтан да Ататүрік
қиын – қыстау кезеңде ұлт - азаттық күресті (1918-1922ж.ж.) басқарып, туған
елін ғасырлар бойына созылған сұлтандар әулетінің езгісі империалистік


мемлекеттердің отанын бөлшектеп, әлем картасынан алып тастау жөніндегі
арам пиғылынан құтқарды. Осылайша батыс үлгісіндегі Еуропалық
сипаттағы демократияға негізделген бүгінгі Түркия Республикасы дүнтеге
келді (1923ж., 29 қазан), яғни оның тұңғыш президенті өзі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет