Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім Ататүрік – саяси келбеті Мұстафа Кемал Ататүрік – Тарихи Тұлға Түркия тәуелсіз ұлттық даму жолында және Ататүрік «Ататүрікшілдік»



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата05.05.2023
өлшемі106,43 Kb.
#176096
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ататүрік
ктж, 210603
білім беру саласында- 
латын жазуына негізделген жаңа түрік әліпбиі
қабылданды, жаңа типті университеттер құрылды, білім берудің тұтас жүйесі
қалыптастырылды;
лаицизм бағыт алу жолында-
дін мемлекеттен ажыратылды,
дәруіштердің ғибадатханалары таратылды. Әрине, дінге тыйым салынған
жоқ;
батысшылдық бағытында- 
сағат мерзімі мен күнтізбе өзгертілді(1926
жылдан бастап Туркияда еуропалық жылд санау жүйесі жүргізіліп келеді),
ұзындық пен салмақ өлшемдері жаңартылды, фес орнына шляпа кию, басқа
да еуропалық киім үлгілері енгізілді, фамилиялар туралы заң қабылданды
және тағы басқалар.
Тарих ғылыми саласында
- түрік тарихын шынайы тұрғыда жазу ісі
қолға алынды. Бұл үшін Ататүрктің өзі «Түрік тарихының басты бағыттары»
атты бағдарламалық мәні бар арнайы еңбек жазды. Осы саладағы жаңа
тұрпатты, жаңа идеологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын
үйлестіріп отыратын «Түрік тарих қоғамы» құрылды(1931) және ол күні
бүгінге дейін жемісті түрде жұмыс жүргізіп келеді;
Тіл білімі саласында
- түрік тілін араб-парсы элементтерінен мейлінше
тазартып, бүкіл халық еркін түсінетін және қолданатын деңгейге көтеру
басты мақсат етілді; Ататүріктің басшылығымен және тікелей араласуымен
ұйымдастырылған «Түрік тіл қоғамы» (1932) өзінің тарихында бұл бағытта
орасан көп жұмыс атқарды, араб жазуының орнына латын жазуы
енгізілді(1928 жылы);
Экономикада-
басқа елдердің капиталына арқа сүйеп, Осман
империясы сияқты сол елдерге тәуелді, кіріптар болып өқалмас үшін ұлттық
капиталды ұлғайтуға, ұлттық экономианы күшейтуге ден қойылды, «
экономикалық тәуелсіздік – дербестіктің басты шарты» деп танылды;
Сыртқы саясатта- 
түрік ұлты мен Туркия республикасы мемлекетінің
әлем шеңберінде құрметтелуі мақсатында шет елдермен әрі ұлттық, әрі
адамгершілік негізіндегі бейбіт қарым-қатынастар жасау көзделінетін болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет