Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім Ататүрік – саяси келбеті Мұстафа Кемал Ататүрік – Тарихи Тұлға Түркия тәуелсіз ұлттық даму жолында және Ататүрік «Ататүрікшілдік»



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата05.05.2023
өлшемі106,43 Kb.
#176096
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ататүрік
ктж, 210603
1916-1917 жылғы Кавказ жорығы
Галлиполи шайқасынан кейін
Мустафа Кемал алдымен Едірнеде 1916 жылғы қаңтардың 14-іне дейін
қызмет атқарды. Содан соң Кавказ жорығына жіберілді. Сәуірдің 1-інде ол
бригада генералы әскери лауазымына ие болды. Тарихшылардың көбі оның


әскери лауазымының өсуіне Енвер паша әдейі кедергі келтіріп отырды деп
ойлайды
Мустафа Кемал жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы әсері
үздіксіз алға басып келе жатқан генерал Товмас Назарбекянның
басшылығындағы орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның
басшылығындағы армян еріктілері қосынымен және армян қарулы
азаматтарынан құрылған әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын. Ван
қарсылығынан кейін Арам Мануяктың басшылығымен Арменияның уақытша
үкіметі құрылды. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің жағасында алғашқы
пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын. Бітліс шайқасы мен Мұш
шайқасы да басталып кеткен еді. Кемал келген кезде беи-берекет жағдайдың
қалыптасқанын көрді.Байланыс және әскерді қамтамасыз ату жолдары бас
көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар
олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе
жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді. Мустафа
Кемалдың алдында тұрған басты мақсат- өз басшылығындағы әскердің дұрыс
қызмет атқаруы үшін осы бейберекет босып келе жатқан жұрттың арасында
тәртіп орнат, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды. Орыс
әскерлерінің жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурм , Бітліс және Мұш
қалаларына келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мустафа Кемал топтарын
орналастырып, қарсы шабуыл бастап жіберді. Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске
ұшырап, қатты жүнжіген әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында
небәрі 5 күннің ішінде оның дивизияларының екеуі зор стратегиялық
маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей
қолбасшылығының жоспарларын шатастырып жіберді.Емиль Ленгиель бұл
туралы былай деп жазды: 
« Ол қайтадан егер дұрыс басшылық жасалса түріктің ержүрек
жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің өздері «Кемал» есімді
қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына таңырқай назар
аударды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет