Кестелер тізімі 3 Суреттер тізімі 4 Резюме 5 Кіріспе 7 Жобаның тұжырымдамасы 8


Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер



бет5/10
Дата26.08.2017
өлшемі0,69 Mb.
#28167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер


Астана қаласы әкімдігінің мәліметтері бойынша астанадағы мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалардың жалпы контингенті – шамамен 16 мың адам. Алайда, 6 жасқа дейінгі 35 мың бала қаладағы балабақшаларға кезекке тіркелген.

Әкімдікте бұл жағдайды сұраныстың ұсыныстан неғұрлым жоғары екендігімен түсіндіреді. Атап айтқанда, Астанада жаңа туған сәбилердің саны жылдан жылға ұлғаюда.

Мәселен, 2010 жылы 16 482 бала дүниеге келген, бұл өткен жылғыдан 369 сәбиге көп (1 суретте).

1-сурет – Астана қаласында туған балалардың саны, адам





Ақпарат көзі: Астана қаласының әкімдігі

Астанаға тұрақты тұруға келуші азаматтардың легі ұлғаюда.

Қала тұрғындары санының үнемі ұлғаюы және туу санының ұлғаюы мектепке дейінгі білім беру саласы қызметінің қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

4.4 Маркетинг стратегиясы


Жобаланып отырған балалар бақшасының басты мақсаты нарыққа өту және онда одан әрі тұрақтау болып табылады. Балалар бақшасының негізгі қызметтері тәрбиелеу қызметтері болып табылады, одан кейінгі қызметтер аясы соның айналасында өрбиді. Сондықтан да маркетингтік стратегияда негізгі күш білікті кадрлар іріктеуге және бос уақыттың жан-жақты болуына бағытталуда. Бұл кәсіпорынның бәсекелестік басымдықтарының бірі болып табылады.

Бақшаны ұйымдастыру үшін басшылық бірнеше стратегияны қолданды:



  • сегменттеу стратегиясы, ол қызметтерді іске асырған кезде қанша нарық сегменттерін анықтау қажеттігіне мүмкіндік береді;

  • даму стратегиясы мен қызметтерді жылжыту, ол өсу міндеттерін қазірдің өзінде игерілген нарықта іске асырылатын жаңа қызметтер өндірісі есебінен шешуді болжайды;

  • жаңа қызметтер құруды болжайтын инновациялар стратегиясы.

Кәсіпорын қызметтер сапасын жақсарту және клиенттер ынтасын тудыру үшін бірқатар шараларды жүргізді. Клиенттермен сыпайы қарым-қатынас жасау, көрсетілетін қызметтердің әр түрлілігі, қызметтер сапасының жоғарылығы – осының бәрі, сөзсіз, клиенттердің ілтипатына ие болады.

Қызметтерді нарыққа жылжыту ұсынылатын қызметтердің қадыр-қасиеті туралы ақпаратты әлеуетті клиенттерге жеткізу және оларды ынталандыру қызметтерінің әр түрлі жиынтығын болжайды.

Кәсіпорын қызметтерін нарыққа жылжыту әдістері мыналарды қамтиды: жарнама қызметі, өткізуге ынталандыру, жұртшылықпен байланыс, персоналды қызметтер.

Жарнама балалар бақшасының имиджін көрсетумен тығыз байланысты екенін атап өткен жөн. Жарнама жасаудың мақсаттары әлеуетті клиенттерді жаңа тәрбиелеу мекемесінің ашылғаны, олардың бақша туралы оң пікірінің қалыптасуы, сондай-ақ көптеген клиенттер санын тарту туралы хабардар ету болып табылады. Жұмыстың бастапқы кезеңінде жарнама бюджеті шамамен 15 мың теңгені құрайды. Бұл қаражатты ата-аналардың балаларымен көп жиналатын жерлерінде жарнама буклеттерін орналаструға, газеттер мен БАҚ-та хабарландырулар жариялауға, маңдайшалар дайындауға жұмсау жоспарлануда.




Каталог: content -> files
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
files -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
files -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
files -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
files -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
files -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
files -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет