Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет9/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
4. OECD (2013), Teachers for the 21st Century: Using evaluation to improve teaching
[21-ғасыр мұғалімдері: Оқытуды жетілдіру үшін бағалауды қолдану], 2013, 33-47, 53-54, 62-66 бб.


Мұғалімерді бағалаудағы мектеп басшылығының рөлі
Мұғалімдерді бағалауды тиімді жүзеге асыру мектеп басшылығының осы үдерісте қолданатын әдістер мен тәсілдерге тікелей байланысты. Әр түрлі елдерде мектеп басшылығының рөлі ерекшеленеді.Кейбір елдерде орталықтандырылып міндеттелген рәсімдер орындалады. Басқа елдерде мектеп басшылары әр мұғалімді бағалауға толық жауапты болады.Финляндияда мектеп директоры әрбір мұғалім үшін және мұғалімдерді бағалайтын барлық рәсімдерді дұрыс орындауына жауапты педагог көшбасшы болып табылады.


Мұғалімдерді бағалау рәсімдері
• мұғалімдері бағалау құралдарын;
• бағалау параметрін (міндетті және міндетті емес болуы мүмкін);
• бағалау түрін (ішкі/мектептегі, сыртқы);
• жиілігін (белгілі бір уақыт өткен соң, мансаптың белгілі бір кезеңінде) қамтиды.


Бағалау аспектілері:

  • дайындық және жоспарлау: мазмұнжәне педагогика бойынша білімдерін көрсету, мақсаттар мен міндеттерді қою, тапсырмаларды әзірлеу;

  • сыныптағыатмосфера: өзара сыйластық пен түсіну атмосферасын құру, оқу мәдениетін құру, аудиториядағы үдерісті басқару.

  • міндеттер қою: нақты және дұрыс байланыстар, талқылау техникасын пайдалану, оқушыларға кері байланыс ұсыну, икемділік пен жауапкершілікті көрсету;

  • кәсіби жауапкершілік: оқытуға рефлексия жасау, жазбалар жүргізу, оқушылардың отбасыларымен қарым-қатынас, мектептің дамуына үлес қосу, кәсіби өсу және даму.



Мұғалімдерді бағалаудағдыларын дамыту
Мұғалімдерді бағалау тиімділігі бағалаушылардың мұғалімдерді бағалау критерийлерлеріне сәйкес қандай дәрежеде білім мен дағдыларды меңгергеніне, сондай-ақ мұғалімдердің бағалау нәтижелерін одан әрі дамыту үшін қолдану қабілетіне тікелей тәуелді.Барлық бағалау үдерісіне қатысушылардың қажетті дағдылар мен білімді меңгергенін бақылау маңызды.Бағалау аймағындағы дағдылар мен білімді дамыту көп уақыталады және барлық қатысушылардың бұл үдеріске толық қатысуын талап етеді.Барлық "қалай?" және "неге?" сұрақтары бойынша барлығына түсінік берілу керек; бағалаушыларқажетті білім мен әдістерді иелену тиіс; мектептер мен мұғалімдерге барлық бағалау құралдарыберілуі, сондай-ақ оларды оқып-үйренуге қолайлы уақыт берілу тиіс.


5. Laura Goe, Kietha Biggers, Andrew Croft, Linking teacher evaluation to professional development: Focusing on improving teaching and learning [Мұғалімді бағалау мен кәсіби даму арасында байланыс орнату: Оқыту мен оқуды жетілдіру бағытындағы фокус] (National comprehensive center for Teacher quality, 2012), 2-14 б.


Мұғалімді тұрақтандырылған бағалаудың алты компоненттері/ Кәсіби өсу жүйесі
Бағалау жүйесін әзірлеу кезеңінде әзірлеушілер оқыту стандарттарына қатысты мұғалімдер жұмысының нәтижелерін өлшеу үшін жинауға қажет дәлелдемелер түрлерін мұқият ойластыру керек.Олар қажетті дәлелдемелер түрлерін келісіп алғаннан соң,осы деректерді жинау үшін қандай өлшеуіштер қолдану қажетекендігі туралы шешім қабылдай алады. Мұғалімдерді бағалау үшін қолданылатын өлшегіштер, әдетте, «бастауыш» немесе «аяқталған»оқыту секілді мұғалімдердің деңгейлерін анықтайтын ұпай тағайындау үшін арналған.

Әр түрлі стандартты өлшеуіштерді қолданунәтижелер триангуляциясы мүмкіндігін қамтамасыз етеді (яғни, барлық ұпайлар осы мұғалімнің үлгерімінің бірыңғай деңгейін ұдайы/жүйелі түрде растайтынын көру үшін түрлі өлшеуіштердің типтері арасында нәтижелерді салыстыру). Барлық ұпайлар келісілмеген жағдайда, нәтижелер триангуляциясы кез-келген бөлек алынған ұпайда көбірексенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл бағалар келісілмеген жағдайда дәлелдемелерді жинаудағы немесе түсіндірудегімәселелердіанықтауға мүмкіндік береді.Оқушылар оқуындағы дамуды бағалаудағыжоғары, ал сыныптағы бақылау кезіндебағалаудағы төмен болған жеке мұғалімнің ұпайлары скорингте (ұпай қоюда) немесе түсіндіруде қателіктің бар екендігіне күдік туғызады, өйткені оқуда жақсы нәтиже көрсету, жақсы оқытудың нәтижесі болып табылады.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет