Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет4/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Сабақтарды бақылау
Сабақтарды бақылауды ӘБ жетекшісі, әріптестер, мектеп әкімшілігі жүзеге асырады. Сабақтарды бақылау мұғалімнің кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Қойылған кәсіби даму мақсатына сәйкес мұғалімнің сабақтағы әрекеті мен тәжірибесінің дамуы бағаланады. Бақылауды бірнеше тұлғалар жүзеге асырғанда, объективті және әділ бағалауға мүмкіндік туады. Бірнеше бағалаушылардың қатысуы «жиі табысты тәжірибе кілті ретінде қарастырылады; ең болмағанда педагогтардың жұмыс сапасы мен нәтижелігін бағалауда бір емес, бірнеше адам қатысуы керек» (Peterson, 2000; Stronge, Tucker, 2003).

Бақылаушыға сабақты бақылау үдерісін басқару маңызды. Бақылауды басқарудың үш сатысы бар: дайындық, бақылау, кері байланыс. Сабақты бақылау алдында алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу керек: мұғаліммен сабақ жоспары мен кәсіби даму мақсаты бойынша әңгімелесу, фокус пен бақыланатын элементтер сәйкестігін анықтау, сабаққа қатысу және кері байланыс беру уақытын келісу. Деңгейі мен тәжірибесіне қарамастан, әрбір мұғалім бақылау кезінде өздерін ыңғайсыз сезінетін болады. Бұл мәселені шешудің тәсілдері бар. Бақылаушы алдын ала сабақ барысында болуы мүмкін мәселе туралы ойлау керек. Сабақ басталмас бұрын мұғалімнің пайдаланатын сабақ жоспарының көшірмесі мен оқу материалдарының болуын анықтап алғаны өте маңызды. Сондай-ақ, бақылау орнын анықтау да үлкен маңызға ие, өйткені бақылаушының кедергі келтірмейтіндей барлық оқушыларды, мұғалімді көру мүмкіндігі болуы тиіс.Бақылау кезінде оқыту үдерісіне қатысуды болдырмау қажет, бірақ мұғалімнің келісімімен сабақ соңында оқушылармен олардың ілгерілеуін талқылау және олардың білімін жетілдіру үшін мұғалімге қолдау көрсетуге болады.Сабақтан кейін бақылаушы құпия сындарлы кері байланыс ұсынуы тиіс. Бақылау парағындағы жазба кәсіби диалогқа негіз ретінде пайдаланылады. Мұнда бақылаушылар «мақтау сэндвичі» тәсілін жиі пайдаланады: олар жазбаны сабақ кезінде жақсы болған нәрселер туралы оң пікірлер мен мадақтаудан бастайды, кейін бұл одан әрі дамытуды талап ететін тұстарды көрсететін сындарлы сынға көшеді. Соңында бақылаушы мақтауды жалғастырады. Мұғалімдер сабақты бақылаушылардан алған пікірлерді құнды деп есептейді.Бұл қазіргі тәжірибесі туралы әріптестерінің көмектесуімен не сәтті өтті және алдағы тәжірибеде нені өзгертуге және дамытуға болатынын анықтайтын азмүмкіндіктердің бірі.Оқыту мен оқудағы бақылаушы рөлінің маңызы бар. Егер олар мұғалімдер мен өздеріне оқуы мен тәжірибесін жақсартуға көмектескісі келсе, кері байланыс өткізуде ерекше тәсілдерді қолдану қажеттілігі туралы білуі тиіс. Халықаралық зерттеулерге сәйкес «анық, құрылымдалған бақылау жасайтын жақсы оқытылған бақылаушылардың болуы субъективтілікті азайтуға мүмкіндік береді және мұғалімдердің бағалауға деген сенімділігіне кепілдік береді» (Richard Murphy).


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік талаптары сабақ бақылау кезінде педагогикалық шеберліктіңәр деңгейінің критерийлерін анықтайды.Сондықтан мектепішілік бағалау рәсімдерін жүргізу кезінде біліктілік талаптарының мәліметтерін қолданған жөн. Бұл мұғалімге де, бақылаушыға да барлық кезең ішінде аттестаттау үшін педагогикалық шеберлік деңгейінің жоспарланған талаптарына қол жеткізу деңгейін қадағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, «мұғалім-зерттеуші» деңгейіне үміткер мұғалім сабағын бақылай отырып, бақылаушы бұл сабақтың авторлық бағдарлама бойынша әзірленгендігіне, оқу материалында авторлық бағдарламалар идеялары бейнеленгендігіне, жобалау-зерттеу дағдыларын дамыта оқытудың тәсілдеріне мүмкіндік туғызғанына, АКТ жаңа құралдары енгізілгендігіне, оқушыларды жан-жақты дамытуға ықпал етілгеніне назар аударады.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет