Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет16/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Кәсіби даму мақсатын қою
Сауатты қойылған мақсат мұғалімді нәтижеге жетуге уәждейді, оның ой-өрісін дәйектейді, соңында тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мақсат қоюдың кең тараған бірнеше әдістері бар.

  • Қадамдар, құралдар, тіпті уақыт аралығын да ескере отырып, мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігін түсіну үрдісін барынша нақтылауды тұспалдайтын SMART технологиясы бойынша мақсат қою.

  • SMART технологиясын қамтитын Брайан Трейси теориясы, бірақ оған мақсаттарды ең маңыздыларынан маңыздылығы төменіректеріне қарай қою қажеттілігі қосылады. «Құндылықтар иерархиялық жүйені құрайды: кейбіреулерінің маңыздылығы жоғары, кейбіреулерінікі төмен. Өзіңіздің кім екеніңізді, шын мәнінде неге ұмтылатыныңызды анықтау үшін әр мақсаттың басымдылығын анықтаңыз.Құндылықтар иерархиясын анық көре алғанда ғана, сіз өзіңіздің сыртқы өміріңізді дұрыс ұйымдастыра аласыз» (Брайан Трейси, 2001) [4].

  • Глеб Архангельский бойынша мақсат қою әдісі. Бұл мақсат қоюдың бастапқы көптеген белгісіз өзгешеліктер бар кезеңде өзекті болып табылатын «дерексіз» технология.

  • Адамның жеке құндылықтарына қарағанда маңыздырақ мақсаттарға бағытталған «Мақсат– құндылық» технологиясы [6].

Аталған барлық әдістер өзара ұқсас, олар SMART критерийлеріне негізделген. Мақсатты SMART түрінде ұсыну мақсатқа жетудегі іс-әрекет жоспарының негізін нақты қалыптастыруға жағдай жасайды, және нақты, қолжетімді, өлшенетін, шынайы,уақыты шектеулі болып табылады.


Мақсатқа сәйкес келетін SMART – критерийлері:


S - Specific — нақты, анықталған. Шын мәнісінде не қажет екенін анығырақ түсіну үшін, мақсат мейілінше нақты болу керек. Мысалы, «КОБ бойынша жоспарлау дағдысын дамыту» деген тұжырымдау, «мен дамығым келеді, өзімді жетілдіремін» дегенен нақтырақ болады.
M - Measurable — өлшенетін. Мақсат нәтиженің сандық өлшеулерін көрсетуі керек. Қорытындысы неге әкелмек? Мақсаттың орындалғаны қалайша анықталады? Бұл сұраққа жауап беруге «Аяқталу критерийі» көмектеседі.
A - Achievable — қолжетімді. Мақсатты нақты атқарушы орындай алуы керек. Қол жетімді болатындай, белгілі бір күш жұмсауды қажет ететін, біркелкі күрделі мақсаттарды тұжырымдау қажет. Мақсатқа жету ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл сіздің жуық арада мақсатқа жету үшін ресурстарға ие екеніңізді немесе болашақта иеленетіңізді білдіреді. Адам өміріндегі ресурстар қызметін уақыт, контингент, пайдалы ақпарат, білім мен дағдылар атқара алады. Егерде аталған ресурстардың бірде біреуі болмаса, мақсатқа жету мүмкіндігі төмендейді.
R - Relevant — тиісті мазмұнға сәйкестік. Мақсат келісілген болуы керек. Бір мақсат басқа мақсаттың орындалуына кедергі келтірмеуі керек. Осы мақсаттың орындалуы шын мәнінде қалаған нәтиже бере ме? Бұл параметрді мақсаттың экологиялылығы деп те атайды. Экологиялылық сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы экологиялылық – бұл біздің мақсатымыздың басқа мақсаттарға сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі. Ішкі экологиялылық – бұл мақсаттың біздің сенімдерімізге, сезімдеріміз бен өмір салтттарымызға сәйкестігі.
T - Timed/Time-bounded – уақыт шектеулілігі. Мақсат– шынайы категория, сондықтан нақты уақыт өлшемінде орындалады. Уақытқа байланған мақсат – мақсат емес (арман бар) [7].


Мақсат аяқталған болуы керек, және үрдіс тұрғысынан емес, нәтижелері тұрғысынан тұжырымдалуы тиіс:яғни, жұмысты «жақсы істеу» емес, «бітіру». Тек осындай жағдайда ғана кәсіби даму мақсаты орындалады деуге болады. Сонымен бірге дұрыс қойылған мақсат пен оны тұжырымдау мақсаттыңоңболуын болжайды. Сондықтан нені қаламайтынымыздан гөрі нені қалайтынымызды айтқан дұрыс. Мысалы, сауатты қойылған мақсат – «оқытудың тиімді әдістерін қолдану». Сауатсыз қойылған мақсат — «тиімсіз оқыту әдістерін анықтау». Егер ойға тек жағымсыз «мынаны да, ананы да қаламаймын» деген нәрселер келсе, дұрыс сұрақ қоюға тырысыңыз: «Мен қаламайтын нәрсе осы. Онда мен бұның орнына нені қалаймын?»


Кәсіби даму мақсаттарының тұжырымы әр түрлі сөздермен көрсетілуі мүмкін, бірақ олар міндетті түрде мұғалім қызметінің нәтижесін жобалауға бағытталуы керек.

Кәсіби мақсат элеметтері:



  • мұғалім шешуі тиіс мәселелер(міндеттер);

  • осы мәселелерді шешу үшін қолданылатын әдістер мен құралдар;

  • осы мәселені шешу барысында жететін нәтижеге.

Сонымен, сауатты тұжырымдалған мақсаттың құрылымы– проблема және оны оң шешу үшін таңдалған шаралар.Мысалы, «Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» немесе «Сараланған тапсырмаларды жоспарлау арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту».




Мәселе: «шығармашылық қабілеттерді дамыту», «жеке қабілеттерін дамыту» – оқушыға бағытталған.


Шешім: «жобалық жұмыстарды ұйымдастыру», «сараланған тапсырмаларды жоспарлау» – мұғалімге бағытталған.

Мақсатты тексеру үшін талдау жасау керек: қойылған мақсат SMART критерийлеріне сәйкес келе ме? Критерийлерге сәйкес мақсатты талдау:


Нақты –орындаушы нәтижесінде не алғысы келетіні мақсатта айқындалады: жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістері арқылы шығармашылық қабілеті дамыған оқушы немесе әр оқушының жеке қабілеттерін ашу.
Өлшенетін– нәтиже параметрлері нақты: оқу жылының соңында оқушылар шығармашылық жобаларды дайындауға үйренеді, байқауларға қатысады, жобаларын қорғайды.
Қолжетімді – орындаушылар үшін бұл мақсат қолжетімді, ресурспен қамтамасыз етілген, себебі әлеует пен басқа да ресурстар (уақыт, жағдай: оқушылар контингенті, материалды-техникалық база) бар.
Релевантты– мақсат мектеп контекстіне және ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Келісілген, себебі мектептің стратегиялық міндеттеріне қайшы келмейді.
Уақыты шектеулі – оқу жылы.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет