Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет17/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Мақсатты түзету
Тұрақты берілген кері байланыс мұғалімге мақсатқа жетуге мүмкіндік береді, мұғалім бұл кезде тиімді жұмыс істейді. Мақсатқа жету үрдісін кезеңдерге бөліп, әр кезең бойынша кері байланыс өткізген жөн. Мұғалімдерді мақсатты талқылау үрдісіне қатыстыру мақсатқа қол жеткізу үшін олардың жауапкершілігін арттырады. Мұғалім қойылған мақсатты әрдайым естен шығармауы керек. Үнемі мақсатты зерттеп, қолжетімділігі мен экологиялылығын қарап тұру қажет. Сол мақсатта бірінші жарты жылдықта мақсатқа түзетулер енгізіледі. Мақсатқа түзету енгізу МБ жеткшісімен және директор орынбасарымен бірге жүргізіледі. Әнгімелесу барысында мақсатқа жетудегі аралық нәтижелер келесі сызба бойынша талданады:

  • Мақсаттың экологиялығын зерттеу: Күтілген нәтиже сізге қалайша әсер етті? Сіз неден айырылдыңыз? Сіз қосымша не аласыз? Мақсатқа жету салдары тек Сізге ғана емес, оқушыларға, әріптестерге, мектепке қалай әсер етеді?

  • Мақсатқа жету үшін қажетті ресурстарды зерттеу: мақсатқа жету үшін ресурстар жеткілікті ме? Мақсатқа жету үшін Сізге қандай ресурстар қажет? Қосымша қандай дағдыларды, қабілеттерді дамыту керек?

  • Мақсатқа жету жолында кездесуі мүмкін кедергілерді зерттеу: Қазіргі кезде мақсатқа жетуге не кедергі келтіреді? Мен мақсатқа неге әлі жеткен жоқпын? Шешімі қандай болуы мүмкін?

  • Мақсаттың айқындалуы, мақсатқа жаңаша көзқарас [8].

Табыстылық деңгейіне байланысты мақсатқа түзету енгізіледі. Егер бірінші жарты жылдықтың аяғында-ақ мақсат орындалса, онда ол күрделендіріледі; егер орындалмаса, оқу жылы аяғында мақсатқа жету жолдары нақтыланады. Мақсаттың күрделенуі немесе жаңа мақсат мектепішілік бағалау Парағына жазылады. Сабақты бақылау бойынша пікірлер негізінде мұғалім өзіндік талдау жасап, екінші жарты жылдыққта даму мақсатына түзетулер енгізеді. Бұл мақсатқа жету сенімділігіне толықтай көз жеткізуге мүмкіндік береді.


МБ жетекшісі кәсіби даму мақсатын қоюда мұғалімнің кәсіби қажеттіліктеріне байланысты мұғалімге қолдау көрсетеді және бағыттайды. Тұжырымдалған мақсаттың болашақ кәсіби мәселелерді шешуге көмектесуі маңыздысы. Кәсіби мақсат қоюда қолдау көрсетуде мақсатты неғұрлым дәл тұжырымдауға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады, мысалы, SMART, «Баланс дөңгелегі», «Өз мақсатыңа қалайша жеңіл, әрі сүйсініп жетуге болады», «Жебе». Сауатты қойылған кәсіби мақсат күтілетін нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.


2. Сабақты бақылау


Сабақ – мұғалімнің негізгі қызметі, сондықтан мектепішілік бағалаудың басты назары – сабақ. Білім беру саласындағы халықаралық зерттеулерге сәйкес, сабақты бақылау «мұғалімнің кәсіби даму дағдысының ең объективті ақпарат көзі болып табылады», «оқытудың көпшілік түйінді аспектілері мұғалімнің аудиториямен қарым-қатынас жасау кезінде көрінеді» (ЭЫДҰ, 2013). «Сабақ бұл педагогтың барлық оқушылардың оқу үрдісінде зерделенетін пән негіздерін меңгеру үшін, сондай-ақ танымдық қабілеттері мен рухани өкілеттігін дамытуға бағытталған, нақты белгіленген уақытта, тұрақты оқушылар тобының(сыныбының)әр қайсысының ерекшеліктерін ескере отырып,қолайлы жағдай туғызатын оқытудың әдістері мен құралдарын қолданып, ұжымдық танымдық және басқа да үдерісітеріне басшылық ететін педагогикалық үрдістің түрі (А.А. Бударный бойынша)». [9]

Сабақты МБ жетекшісі, әріптестер, мектеп әкімшілігі бақылай алады. Белгілі бір уақыт аралығында әр түрлі тұлғалардың сабақты бақылауы «өлшеу сенімділігін» көруге мүмкіндік береді, «бақылау санының көптігі» сабақтағы жағдайдың «толық суретін береді». Сонымен бірге, мектепішілік бағалауда, «мұғалімнің білімі мен құзыреттілігі түрлі көзқарастар қырынан қарастырылатынын» атап өткен жөн(Danielson, McGreal, 2000).


Мектепішілік бағалаудағы тәлімгерлік мұғалімдерді бағалау негіздерін түсінуден басталып, бағалаудың кезең-кезеңмен өтуіне байланысты таңдалған тәсіл. МБ жетекшісі мен директор орынбасары кәсіби даму үшін белгіленген біліктілік талаптарына талпынатын мұғалімдерге қолдау көрсетеді. Үрдістің өн бойында өзара міндеттемелер мен мақсаттар белгіленеді. МБ жетекшісі бағаланатын мұғаліммен бірлесе отырып, нақты өлшенетін, қолжетімді, ықтимал және уақтылы кәсіби даму жоспарын құрады. МБ жетекшісі мен директор орынбасары сабақ үстінде белгіленген қызмет түрлері арқылы мұғалім тәжірибесін бақылайды. Ол үшін оқу-әдістемелік талдау шеберлігін меңгеру қажет, мұғалімнің өзіндік талдауын да, оның жеке педагогикалық қызметіне өзіне-өзі баға беруін де ести алумаңызды.Өзін-өзі талдау – мұғалімнің кәсібилік деңгейінің көрсеткіші, өз мәселелерін ұғыну дәрежесі. Сабақ талдауда, әдетте, оқушылардың белсенділігін арттыру стретегиялары мен әдістері, оқу материалын меңгеру тиімділігі бағаланады. Сыныпта бақылау нәтижелерi бойынша формативті бағалау сындарлы ортада орын алуы тиіс. Ол оқыту тиімділігі мен одан әрі дамыту үшін оның күшті және болашақ даму бағыттарын талқылауда, кері байланыс, ұсыныс беруде көрінеді. Сындарлы кері байланыс тәжірибені жетілдіруге әкелетін табысты бағалау негізі болып табылады. Бірінші және екінші жарты жылдықта сабақты кері байланыспен кешенді талдау, мұғалім қызметінің аспектілері туралы қорытынды жасауға және кәсіби даму мақсатына қол жеткізу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.


Сабақты бақылау үдерісі


Мұғалімнің де және бақылаушының да тәжірибені жетілдіру үрдісіне елеулі үлес қоса алатындығын түсінуі бақылау жүргізудің алғышарты болып табылады. Мұғалімнің кәсіби дамуына қолдау көрсету оның барлық кәсіби және жеке басының қасиеттерін ескере отырып жүргізілуі үшін мұғалімнің өзінің кәсіби әлеуетін тануға, іске асыруға және арттыруға қалай ұмтылатындығын анықтау мақсатында бақылау жүргізілуі қажет. Оқушылар үшін және өзі үшін психологиялық қолайлы жағдай мен табыс жағдаятын жасай отырып, әр сабақта «өмір сүруге» мұғалім дайын ба? Басқаша айтқанда, оқыту ақпаратты жеткізу сипатында емес, оқушылардың танымдық қызметін уәждеу мен жандандандыру сипатында болатындай жұмыс істеуге мұғалім дайын ба деген мағынада. Әрбір білікті маманға терең білім қажет болатындығына қарамастан, мұғалімнің педагогикалық қызметі үшін кәсіби мәні бар жеке қасиеттері аса маңызды. Мұғалімнің қалыптасуы – бұл, бірінші кезекте, оның жеке тұлға болып қалыптасуы, содан кейін барып – педагогикалық қызметтің белгілі бір саласында арнайы білімі бар кәсіби қызметкер ретінде қалыптасуы. Сондықтан, педагогикалық кәсібиліктің қызметтік сипаттамаларымен бірге, оның мазмұнын ашуда тұлғалық қыр ерекше мәнге ие болады, өйткені мұғалімнің тұлғалық мәні анағұрлым күрделі, көлемдірек болғандықтан, ол педагогикалық қызметті анықтайды, және тек оның өнімділігімен ғана шектеліп қалмауы керек. [10]

Сабақты бақылау үдерісі үш кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі, сабақты бақылау кезеңі және мұғалімге кері байланыс беру кезеңі. Дайындық кезеңіде бақылаушы мұғаліммен кездеседі. Кездесу барысында бақылаушы жағымды көңіл-күй орнатады; бақылайтын сабақ жоспарын мұғаліммен талдайды; бақылау үшін де және бақылаудан кейінгі талдау үшін де қажетті уақытты бірге келіседі. Бақылаушы мен мұғалім бақылау уақытына қатысты, тек күнін ғана емес, сонымен бірге бақылау сабақтың қай кезеңінде де жүргізілетінін келісулері керек. Бақылау мақсаттарына сай, сабақтың қандай да бір жеке алынған кезеңіне 15-минуттық бақылау жүргізу де жеткілікті болуы мүмкін. Егер бақылау қайтадан жүргізіліп отырса, онда бақылаушы алдыңғы талдау кезінде қабылданған шешімді қарайды. Тікелей сабаққа бақылау жүргізілмейтін жағдай да кездеседі. Бұл мұғалімнің сабақты жоспарлау тәжірибесіне бақылау жүргізу үшін қажет болуы мүмкін.


Бақылаушының, сабақты бақылау кезінде объективті деректер алуға мүмкіндігі бар. Ол бақылау нәтижелерін бақылау мақсаты ескерілген құрал ретінде таңдап алынған формаға тіркеп отырады. Қорытынды кезеңде бақылаушы мен мұғалім рефлексиялық диалогке қатысады. Диалогтің алдында бақылаушы бақылау кезінде алынған мәліметтерді зерделейді, талдау кезінде қолданатын іс-әрекетін мұқият таңдап, дайындайды. Бұл бақылаушы сұрақтарды пайдалана отырып, мұғалімді өз тәжірибесі бойынша терең рефлексияға бағыттайтын диалог болуы мүмкін. Бақылаушы мұғалімнің өз тәжірибесін өзін-өзі бағалау шәкілін/парағын, өзін-өзі талдау және болашақ іс-әрекеттерін жоспарлаудың әртүрлі модельдері сияқты қосымша ресурстарды пайдалануы мүмкін.


Кері байланыс кезеңінде мұғалімге өз сабағына талдау жасауға мүмкіндік беріледі. Бақылаушының сұрақтар қоюға және көргенін талқылауға мүмкіндігі бар. Талқылау мұғалімге бақылау кезінде алынған мәліметтерге өзі талдау жасауына, мінсіз тәжірибе мен қазіргі бар тәжірибесінің арасындағы айырмашылықты түсінуге, және оқыту мен оқуды жақсарту үшін мүмкін өзгерістерді анықтауға көмектесуі керек. Бақылау, мұғалімді сындарлы кері байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Рефлексиялық диалог нәтижесінде мұғалімнің тәжірибесін дамытудың басым бағыттары анықталады. Мұғалімнің өз қызметінің мықты жақтарын нақтылауға, ұғынуға және келешекте нені жақсартуға болатындығына бағытталған сұрақтар қою бақылаушы үшін маңызды. Кері байланыс, бақылау кезінде алынған нақты мәліметтермен бекітілген, сыни-сындарлы болуы керек. Бақылау нәтижелері бойынша барлық қорытындылар мұғаліммен келісіледі, және сабақты бақылау парағында пікір ретінде жазбаша түрде рәсімделеді. Бұл пікір жүргізілген бақылау бойынша мектепішілік бағалау парағында сәйкес қысқаша пікір толтыру үшін негіз болып табылады.


Нәтижесінде жазбаша пікір негізінде, басқа пікірлермен бірге мұғалімнің кәсіби даму мақсатына жетуі туралы қорытынды жасауға және оның тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік беретін мектепішілік бағалау парағында қысқаша пікір толтырылады.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет