Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылығын арттыруға бағытталған арт-терапиялық жаттығулар және арт-терапияның әдістері



Дата15.09.2017
өлшемі151,67 Kb.
#32775
Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылығын арттыруға бағытталған арт-терапиялық жаттығулар және арт-терапияның әдістері

Автор: Мәлікова Б.Қ.

Автор туралы мәлімет:

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және Саясаттану факультетінің

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3-курс студенті.



bagjan_95@inbox.ru ,

87752621570.



Аннотация: арт-терапияның негізгі, кең қолданылатын түрлері. Бастауыш, мектепке дейінгі балалардың түрлі психологиялық ауытқушылықтарына байланысты арт-терапиялық жаттығулардың жүргізілу жолдары.

Кілттік сөздер немесе терминдер: арт-терапия, музыка трапиясы, бейнелеу терапиясын, ойын терапиясы, құм терапиясы, топ, психогимнастикалық жаттығулар, Адриан Хилл.

Мақсаты: Арт-терапияны қолдану арқылы мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының психолгиялық ауытқушылықтардан сақтандыру

Міндеті:

1. Арттерапиялық жаттығулар арқылы кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру.

2. Арттерапияның негізгі әдістері арқылы кіші мектеп жасындағы балалардың щығаомашылық қасиеттерін артыру

«Ғылымды, ақылды сақтайтын

мінез деген сауыты болады.

Сол мінез бұзылмасын! Керсе қызарлықпен,

жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне,

я бір кез келген қызыққа шайқалып

қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады»

Құнанбаев А.Қ.
Кіріспе

Мінез кез-келген адам бойында болады, сол мінезді орынды қолдана білу керек. Мінезің жайдарлы, ақжарқын болсаң, көңілің де орнында болады. Ал, көңілің бұзылса, мінезің шатақ болса онда түрлі психологиялық әдістерді қолданып көруге болады. Мысалы, арт-терапия әдісін.

Көптеген арт-терапиялық жаттығулар көзді жұмып визуализациялау тәсіліне негізделген. Мұндай нұсқауды берген кезде қатысушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алған жөн. Р.Ассаджими мәліметтері бойынша экстраверт адамдарға көз жұмып қиялдау оңай болады, себебі мұндай адамдар көздерін ашқан кезде еріксіз түрде белгілі-бір сыртқы объектіні іздей бастайды. Демек көзді жұму экстраверттерге өз зейінін ішкі өміріне «бұруға» көмектеседі. Интроверттерге керсінше, көзді жұму үлкен қиындықтарды туғызады, себебі олардың назарынсыз да ішкі әлемге бағытталған, ал түрткі ішкі «бейнелер» және психикалық процестер ойдағы визулизация объектісін ығыстырып шығарады. Ал көзді ашу ішкі әлемге бағытталған интроверттердің назарын реттей алады. [1]

К.Юнгтің айту бойынша, индивид әртүрлі психикалық функцияларға қатысты экстровертті немесе интровертті бола алады. Мысалы, сезімдерге байланысты интровертті және ойлауға қатысты экстравертті болады. Визуализация жаттығуы кезінде сезімдермен түйсік біз үшін үлкен маңызға ие, себебі негізінен түйсік көруге байланысты. Сондықтан сензитивті экстраверттерге ашық көзбен визуализациялау кезінде үлкен қиындықтар туады. Сонымен бірге сензитивті интроверттерге керсінше жұмған көзбен визуализациялау қиын болады. [1]

Арт-терапиялық жаттығуларды орындау барысында тұлға рөлдік ойынды қатар алып жүруге тура келеді.

Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл - әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру - арттерапияның ерекшелігі. [2]

Негізгі бөлім:

Арт-терапияның негізгі көп қолданыста жүрген түрлеріне тоқтала кетейік: музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.

Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады. Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді. Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі. Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді. [2]

Ойын терапиясы мен музыка терапиясынан алған нәтижесінде баланың өз-өзіне деген мына мақсаттарды жүзеге асырады:

  • бала өзін қорғауға – тынышталады немесе керісінше жандандырады, кез-келген жағдайға дайын болады, қызығушылығын арттыруға көмектеседі;

  • психолог пен баланың арасында байланыс орнайды;

  • баланың шығармашылық мүкіншілігі мен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі;

  • бала өз-өзін жоғары бағалайды;

  • эмпатиялық қабілетін дамытады;

  • мектепте, басқа да адамдармен қарым-қатынасын дамытуға, тұлғааралық қарым-қатынастарын нығайтуға көмектеседі;

  • егер бала қызықты іспен айналысса – музыкалық ойындар, ән айту, би қозғалысымен, қазақша музыкалық аспаптармен өз-өзіне бағынады. [3.82 б]

Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты - баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. Сурет салу – ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді. Саусақ живописі - ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады. [4]

Бейнелеу терапиясының түрлері:

1.Поролон бөліктерімен сурет салу;

2.Сабынмен сурет салу;

3.Щеткамен сурет салу;

4.Майшаммен сурет салу.

Ойын терапиясы - арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады. Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады. Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз. [3.46]

Драма терапия - балаларды рольдерде ойнату арқылы дамыту. Баланың бірі-бірімен қарым-қатынасына, өзін-өзі жоғары бағалауына ықпал етуші терапия .Түрлі психолгиялық мәселелердi шешуге мүмкiншiлiк бередi. Драматерапияны неміс ғалымдарының бірі - барлық мүмкіншілікті зерттеуге болатын зертхана іспетті деген екен.

Бұл жаңаша тәсіл. Сабақ бір сюжетке байланысты бағытталады да , театрландырылған кейіпте өтеді. Бұл тәсілде сабақтың түрлі әдіс-тәсілдері бір-бірімен үйлесім табады.  «Түстермен байланыс» терапиясы арқылы баланың түстерге таңдау жасауы - бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуын қалыптастырады. Түйсігі мен қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті,оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады. Балалар ересектерге қарағанда анағұрлым сезімтал болғандықтан, түстердің әсерін күштірек қабылдайды. Ол үшін баланың әуестігіне мән беріп, қай түсті ұнататынын аңғару керек. Балаға жақтырмайтын түстерін тықпалауға болмайды.. Баланың қай түске ұмтылатындығына қарап, үнемі ұнататын түстері арқылы оның туабітті табиғи ерекшелігін, темпераментін анықтауға болады. Түс арқылы емдеуді бала тәрбиесінде күнделікті қолдану керек. 



Құм терапиясы - адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. Құм терапиясы - клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бейнелеме(символика) әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді. [2]

Құм терапиясы – екі бағытта қарастырамыз. Олар: сулы және құрғақ. Екі ыдыс бірі құммен, екіншісі сумен толтырылады. Балаларға оған қоса құмды қалыптар және әр түрлі кіп-кішкентай фигуралар берілді.Балалар құм мен суды араластыра отырып, оны қалыптарға сала отырып түрлі мүсіндер жасап шығарады. Бұндай әдісті М. Ловенфельд өзінің әдістемесінде «әлемді құру техникасы» деп атады, мұндай ойға барлық материалдарды көрген баланың: «Ойын ойнауға болатын бұл бүкіл әлем ғой» - деп айқайлап жібергені итермеледі. Баланың салған «әлемнің» сахнасы оны жасаушы мен терапевтке баланың психологиялық жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл әдіс соңғы кезде бой ала бастаған өзгеше әдіс. Құмды илеу арқылы 
қалыпқа салу жұмысы баланың ойын әрекетімен қатар, жақсы нәтижеге қол жеткізе алатынына сенімін туғызады және көңіл-күйі көтеріледі.
Құм терапиясының әсіресе құммен сурет салу тәсілі бала психикасына әсерін тигізбей қоймайды. Бұл әдіспен суреттеуге балалар аса қызығушылық танытады. Өйткені баланың сурет салу барысында ұсақ саусақ моторикасының, есте сақтау қабілеттің, қозғалыс ептілігінің, жүйке жүйесінің жоғары , белсенді деңгейде жұмыс жасауынан туындайды. Құммен суреттеу кезінде баланың жүйке,саусақ, есте сақтау,епті қозғалыстарының синхрондалуынан жүйкеде екі жақты даму (қос қолмен сурет салғандай) іске асады. [3.60,61 б]

Құм терапиясында ағаш жәшік қолданылады. Құмдықтың жан-жағы мен оның түбі көгілдір түске боялады. Бұл модель татулық әлемін білдірсе, сонымен қатар көгілдір түс адамға тыныштық сыйлайды. Міне, осындай жұмыстарының нәтижесінде балалар бойларына үлкен сергектік қуаты мен сенімділік алады. 

Кіші мектеп жасындағы балалармен арт-терапиялық жаттығуларды жоспарлау кезінде, оларды өткізу барысында бірқатар сәттерді ескеру қажет.  Олар жаттығуларды дұрыс таңдау, оларды орындау алдында топқа нұсқау беру, дер кезінде тоқтау және нәтижелерді талқылау. Осы мәселелердің әрқайсысына жеке тоқталып өтейік. [2]

Жаттығуды таңдау

Қандай да бір жаттығуды таңдаған кезде жаттықтырушы төмендегі жәйттарға назар аударуы тиіс:

1.  Жаттығуды өткізудің нәтижесінде қандай өзгеріс болуы мүмкін:

                   Жалпы топтағы жағдай өзгереді;

                   Топтың әрбір мүшесінің жағдайы өзгереді;

                   Көп жағдайда топтың бір немесе екі- үш мүшесінің жағдайы өзгереді;

                   Мазмұндық жоспарда ілгері жылжуға мүмкіндік беретін деректер жиналатын болады.

2. Топтың жағдайы қай деңгейде: топта бірауыздылық басым болған сайын, онда еркіндік үдей түседі, топтың әр мүшесі өзін еркін сезінеді, бұл жаттығуларда тәуекелдік басымырақ болады. Мұндай жаттығулар қатарына ең алдымен топ мүшелерінің жаттығуды жүзеге асыру барысында дене жанасуы қажет және көзді жұмып арқылы жасайтын жаттығулар жатады. Бұл жаттығуларды өзінің межелі уақытынан бұрын жасау топта қолайсыздық орнататын шиеленістікті арттыра түседі.

3. Топтың құрамы: әлеуметтік- демографиялық мінездемелер (жынысы, жасы және т.б.), сондай- ақ дене бітімі жайлы мәліметтер

4. Күн тәртібі: тәуліктің бірінші жартысында түрлі мәселелер мен шаруаларды бір уақыт ұмыттыратын «осы сәтте және осы уақытта» жағдайға енуге мүмкіндік беретін топтық емес жаттығуларды өткізу дұрыс болмақ, сондай- ақ бұл назарды жинақтауға, ойлау белсенділігін арттыруды қажет етеді. [3]

Ал тәуліктің екінші жартысында шаршағандығыңды ұмытуға мүмкіндік беретін, эмоционалды серпілуге жағдай тудыратын жаттығуларды өткізген жөн. Жаттығулардың соңғы түрін сонымен қатар, топтың барлық мүшесіне немесе кейбір мүшелеріне қиындық тудырған қызу талқылаулардан кейін өткізуге болады.

5. Келесі жұмыстың мазмұны.

Нұсқаулық. Жаттығулардың тиімділігі көп жағдайда ең алдымен қажетті және толық ақпаратпен қамтылған нұсқаулықтың анық, айқын болуына да байланысты. Нұсқаулықта күрделі тәсілдер мен керексіз түсіндірмелер шамадан тыс болмауы керек. Сондай-ақ, жаттықтырушының жаттығу уақытынан артық уақыт нұсқаулық бергені дұрыс емес. Кей жағдайда, нұсқаулықты түсіндіру барысында жаттығудың қалай орындалуы керектігін көрсететін мысалдар келтіруіне болады. [2]

Нұсқаулықты түсіндіру кезінде жаттықтырушы топтың әр мүшесінің назарын өзіне қаратып, визуальды байланыс орнатуы керек. Бұл топ мүшелерінің назарының жоғарлығын арттырады, нұсқаулықтың қандай да бір үзінділерін жіберіп алу және алаңдау мүмкіндіктерін төмендетеді. [2]

Жаттықтырушы топ мүшерлерінің жанары мен бет қимылдары арқылы бір нәрсені түсінбей қалғандықтарын байқайды, және нұсқаулықты: «Мүмкін түсінбеген жерлер бар шығар, толықтырайық па?» деген сұрақ қойып, жоғарыда атап кеткен әрекет танытқан топ мүшелеріне назарын аударады.

Жаттығуды нұсқаулықты барлығы түсініп, қалай жасау керектігін толығымен меңгерген сәтте ғана бастау керек. Дегенменде нұсқаулықты барлығы түсінгендігін тексергеннен кейінде топтың кейбір мүшелерінің арасында бір нәрсені түсінбей қалғандар болады. Осындай жағдайда жаттығуды тоқтатып, қайтадан анық- қанығын түсіндіру керек.

Жаттықтыруды жүзеге асыруға жаттықтырушы қатысуы тиіс пе? Бұл сұраққа нақты жауап таба алмаймыз. Бұл сұрақтың нақты жауабын беруден бұрын бірқатар бағдар берген дұрыс болар.

Жалпы ортақ ой – жаттықтырушы мүмкіндігінше тәуліктің бірінші жартысында орындалатын жаттығуларға қатысуы тиіс. Бұны ереже ретінде де қабылдауға болады. Сондай- ақ топтың әр мүшесімен жекешілдік кері байланыс орнатуға бағытталған жаттығуларға да қатысуы керек.

Егерде топ мүшелерінің тақ немесе жұп болуы талабы қойылатын жаттығулар болса, жаттықтырушы топ мүшелерінің қаттар санын реттеу үшін, қатысуы немесе қатыспауына болады.

Жаттықтырушы орындалу барысында оның жетекшілік етуі қажет жаттығуларға қатыспайды. Сонымен қатар жаттықтырушы топ мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет, мысалы көзді жұмып жасайтын жаттығуды орындаған сәтте жаттығуға араласпайды.



Кідіру және талқылау. Қорытындысы қисынды болып келетін жаттығулар кездеседі. Мұндай жаттығулардың қатарынан мысалы, «Бұзылған телефон» деген атпен кең таралған ойынды атауға болады. Ойын ақпарат ең соңғы қатысушыға жеткенде аяқталады. Кей жағдайларда жаттықтырушы жаттығудың шартын алдын-ала айтады, мысалы: жаттығу топ мүшелерінің әрқайысысы бір әрекет жасағанда немесе айтқанда аяқталады деп айтып қояды. Екінші бір түрі: жаттығуды орындау уақыты алдын –ала ескертіледі. Бұл жағдайда уақытты жаттықтырушы қадағалайды, және топқа уақыттың аяқталғанын айтады. Бірақ көп жағдайда жаттығуды өткізу үшін уақыт мөлшерін алдын-ала анықтау мүмкіндігі болмайды, мұндай сәтте топ мүшелерінің көңіл-күйі, олардың жаттығуға деген қызығушылығы мен қатысу деңгейі басты назарда болады. Жалпы ереже: жаттығу оған елігу мен қанағаттану деңгейі барынша жоғары көрсеткішке жеткенде және әлі төмендемей тұрған сәтте аяқталуы қажет. Топ мүшелерінің бойындағы өзгерістерді бақылай отырып жаттықтырушы бір жағынан жаттығу өз мақсатына жеткен сәтін, әрі талқылауға қажет дерек толықтай жиналғанын (егерде, жаттығу мазмұндық жоспарда ақпарат алуға бағытталған болса), ал екіншіден, топ мүшелерінің басым көбі жаттығуды жалғастыруға дайын екендігімен қатар, аяқтауға да қарсы емес сәтті дәл анықтай білуі қажет. [2]

Егер жаттығу ең алдымен жалпы топтың немесе оның әрбір мүшесінің жағдайын өзгертуге бағытталса, «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?», «Қазір сіздің көңіл- күйіңіз қандай?» және т.б. қысқа түрдегі сұрақтар қоюға болады. Мұндай сұрақтарға кей жағдайда қайталанатын «жақсы», «бір қалыпты», «көтеріңкі» деген жауаптар естиміз. Кей жағдайда жаттықтырушы топ мүшелерінің көңіл- күйінің қандай деңгейде екендігін байқағандығын жеткізеді, мысалы: «Бәріміздің көңіл- күйіміз көтеріңкі. Енді жұмысымыздың жауапты кезеңіне көшсек болады ғой?», «Менің байқауымша, бәріміздің жанарымыз жарқын, көңіліміз көтеріңкі сияқты, сондықтанда жаттығуымызды жалғастыруға болады» және т.б. [2]

Сұрақты жаттығудың өтуіне байланысты қоюға болады. Жаттықтырушы жаттығу барысын қадағалай отырып, қатысушылар қиындыққа тап болмады ма (болған жағдайда, ол қандай қиындықтар), қатысушылардың жағдайы қалай, неге қол жеткізуде және керісінше неге шамасы жетпей жатқандығын бақылауға алады. Бұл бақылаулары жаттығу аяқталғаннан кейінгі сұрақтардың түрін анықтауға мүмкіндік береді.

Аталмыш жинаққа енген психогимнастикалық жаттығуларды баяндай отырып, біз көп жағдайда туындауы мүмкін сұрақтар мен талқылаулардың түрлерін ұсынамыз.



Психогимнастикалық жаттығулар

Бұл тарауда келтірілген барлық жаттығулар үш тармаққа топтастырылған:

1. Жалпы топқа немесе оның әрбір мүшесінің жағдайына әсер ететін жаттығулар (оларды жұмысқа қабілеттілігін арттыруды көздеген жаттығулар деп атайық).

2. Жұмыстың мазмұндылық қырына бағытталған жаттығулар (оларды мазмұндық жоспар жаттығулары деп атайық).

3. Жекешілдік кері байланыс орнатуға арналған жаттығулар.

Жаттығуды талқылау түрі аяқталғаннан кейін жаттықтырушы қоятын сұрақтар жаттығудың көздеген мақсатына байланысты болмақ. Басты қойылатын ортақ талап: жаттығудың мазмұнды ақпарат алуға бағыты жоғары болған сайын, оны талқылауға кетіретін уақыт мөлшері де арта түседі.



Қорытынды.

Арт-терапияны кеңінен қолданған психолог М.В.Киселева балалар ойын ойнап отырғанда шындықтың, қиялдың қайдан келді, қандай оймен айтылып тұр барлығын шынайы қабылдайды және соңында не болатындығын ойланбайтындығын, тек сол процестен көңіл көтеретіндігін, сондықтан да бұл әдіс балалар үшін терапиялық болып табылады. Тағы да айта кетейін, арт-терапия қолжетімді тәсіл, себебі көп қаржыны қажет етпейді және кез-келген кабинетте, топпен де, жеке де арт-терапиялық сабақ жүргізуге болады. Нағыз балалардың ойын шағы болғандықтан өте қызықты болып табылады. Әрбір бала өздері жасап шыққан дүниелерден рақаттану сезіміне бөленеді, оны беріліп, бар ынта-ықыласын бөліп жасағандықтан бойындағы қорқыныш, психологиялық қиыншылықтардан қалай арылғанын байқамай қалады.

Арт-терапия: психодиагностикалық, психопрофилактикалық, психокоррекциялық қызмет атқарады. Арт-терапияның диагностикалық ерекшелігі, ол адамның психикалық қасиеті мен күйін көптеген әдіс-тәсілдері арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыда талдайды. Нәтижесінде, адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы болып табылады. Арт-терапияның психопрофилактикалық қызметі – адамның өмірінде кезедсетін қиын-қыстау кезеңдердің салдарынан пайда болатын, адам психикасына кері әсерін тигізетін жағымсыз психикалық жағдайларды көптеген әдіс-тәсілдердің көмегімен анықтай отырып, алдын-алу болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. http://stud.kz/ интернет сайты;

  2. http://journal.kzu.kz/ интернет сайты;

  3. Арт-терапия в работе с детьми: Руководство для детских психологов, педагогов, врачей и специалистов, работающих с детьми. — СПб.: Речь, 2006. — 160 с, илл. Киселева М.В.

  4. Арт-терапия. Раскраска для детей. 126 с. 2015 г.
    Lauren farnsworth.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет