Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет10/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

10 - тақырып.

Бизнес-жоспар негізі
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес-жоспардың мәнін, оның қажеттілігін және құрылымын қарастыру.

Лекцияның сұрақтары:

  1. Кәсіпкерліктегі бизнес-жоспардың мәні.

  2. Бизнес-жоспардың құрылымы

Лекцияның мазмұны

Кәсіпкерлік құрылымдардың шаруашылық өміріне «бизнес - жоспар» түсінігі жедел түрде енуде. Мұндай құжат, әдетте, инвестицияларды, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту үшін дайындалады: несие берушіден қаржы алу (банктік және басқа да несиелер, облигациялық қарыздар), тартылған инвесторлардың қаржысы (акцияларды сатудан, пайлық және басқа да салымдардан), бюджеттің инвестициялық қаржысы. Бизнес – жоспардың басқа да функциясы бар - кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметін жоспарлау. Негізінде бизнес – жоспар жоғарыда аталған екі функцияны да қатар орындауы қажет. Бірақ, тәжірибеде сыртқы қаржыландыруға бағытталған бизнес – жоспардың және ішкі қолданыстағы бизнес – жоспардың құрылымы және мазмұны бойынша да біршама ерекшеліктері бар.

Бизнес - жоспар– бұл бизнес – операцияларды, кәсіпорынның іс – әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Онда кәсіпорынның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер болады.

Бизнес – жоспарды жасап шығарудың мақсаты – нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес таяу және болашақтағы кезеңдерге кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау.

Бизнес – жоспардың міндеттері болып келесілер табылады:

  • кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзіді мақсаттарын қалыптастыру, оларға жетудің тактикалары мен стратегияларын анықтап алу;

  • кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, нарыққа бағытталуы мен нарықтағы оның орнын анықтау;

  • кәсіпорынның тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерін анықтау және ассортиментті таңдау;

  • өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;

  • нарықты зерттеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т.б. бойынша маркетингтік шаралардың құрамын анықтау;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, қолда бар қаржылық және материалдық ресурстарды, қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерімен сәйкестендіру және т.б.

Бизнес – жоспар келесідей негізгі функцияларды атқарады, атап айтқанда:

  • кәсіпкер белгілі бір кезеңдегі қызметтің нақты нәтижелерін бағалай алатын құрал болып табылады;

  • болашақта бизнесті жүргізу тұжырымдамасын жасап шығару үшін қолданылуы мүмкін;

  • қаржылық ресурстарды иемдену құралы болып табылады;

  • кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру құралы ретінде сипатталады.

Осылайша, бизнес – жоспар кәсіпорын қызметінің мүмкіндіктерін талдауға және басымды мақсаттарды таңдауды негіздеуге, яғни оның қызмет етуінің стратегиясын айқындауға мүмкіндік береді.

Бизнес – жоспарлардың түрлері.

Нарықтық жағдай мен құрастыру мақсатына қарай бизнес – жоспарлар алуан түрлі болуы мүмкін:



  • бизнес – линиялары бойынша (өнім, жұмыстар, қызметтер, техникалық шешімдер);

  • жалпы кәсіпорын бойынша (жаңа немесе жұмыс істеп жатқан).

Бизнес – жоспар кәсіпорынның дамуына немесе оны қаржылық сауықтыруға бағытталуы мүмкін. Сонымен қатар, кәсіпорынның тұтастай қызметі немесе оның бір бөлемшесінің қызметі жоспарлануыда мүмкін.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорын бизнес-жоспары дегеніміз не?

  2. Бизнес-жоспардың құрылымы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с.

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет