Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет8/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

8 - тақырып.

Лизинг және факторинг
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік қызметтегі лизинг және факторингтің мәні, олардың қажеттілігі және түрлері

Лекцияның сұрақтары:

  1. Лизинг түсінігі

  2. Факторинг түсінігі


Лекцияның мазмұны

Кәсіпорындар үшін қазіргі таңда лизингтік операциялар біршама қызығушылық тудырады.

Лизинг негізгі құралдарды иемденуге жұмсалған шығындарды қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады. Лизингтік қызмет – бұл мүлікті алу мен оны лизингке беру бойынша инвестициялық қызмет. Лизинг – лизинг келісімшартын жүзеге асыру үшін, оның ішінде лизингтік затты алу мақсатында экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығы.

Лизинг субъектілері болып келесілер табылады:


  • лизинг беруші –лизинг мәмілесін жүзеге асыру барысында тартылған немесе өз қаражаттары есебінен мүлкіті иеленіп оны лизинг заты ретінде лизинг алушыға белгілі бір ақы үшін, белгілі бір шарттар мен мерзімге уақытша пайдалануға беретін немесе лизинг алушыға өту немесе өтпеу арқылы лизинг затына деген меншік құқығын беретін заңды немесе жеке тұлға;

  • лизинг алушылизинг келісімшартына сәйкес лизинг затын белгілі бір ақы үшін, белгілі бір мерзім аралығына мен белгілі бір шарттар бойынша уақытша пайдалануға және лизинг келісімшартына сәйкес пайдалану үшін қабылдауға міндетті болатын жеке немесе заңды тұлға;

  • лизинг мүлкін сатушы (жабдықтаушы) – лизинг берушімен жасалған сату-сатып алу келісімшартына сәйкес, белгілі бір мерзімде лизинг заты болып табылатын ,онымен өндірілетін (сатып алынатын) мүлікті лизинг берушіге сататын жеке немесе заңды тұлға. Сатушы, сату – сатып алу келісімшартының шарттарына сәйкес, лизинг затын, лизинг алушыға немесе лизинг ұсынушыға беруге міндетті. Сатушы бір мезгілде бір лизингтік құқықтық қарым – қатынас шегінде лизинг алушы ретінде шығуы мүмкін.

Лизинг субъектілерінің барлығы Қазақстан Республикасының резиденттері болуы немесе болмауы мүмкін.

Өткізу мерзіміне байланысты келесідей лизинг түрлерін бөліп көрсуге болады:

  • ұзақмерзімді лизинг – үш жыл және одан астам мерзімде жүзеге асырылатын лизинг;

  • ортамерзімді лизинг – 1,5 - 3 жыл аралығында жүзеге асырылатын лизинг;

  • қысқа мерзімді лизинг – 1,5 жылдан аз уақыт аралығында жүзеге асырылатын лизинг.

Факторинг деп кәсіпкердің дебиторлық қарызын өтеуді өз мойнына алатын (кәсіпкер тауарды алып, оның құнын төлей алмаған жағдайда) немесе кәсіпкерден төлем туралы қандай да бір серіктеске деген талабын сатып алатын (кәсіпкер тауар тасымалын жүзеге асырып, бірақта сатып алушы төлемді создыруды пайдаланса) өзара қатынастар жүйесін айтады.

Фактор – кәсіпорын рөлінде көбінесе банктер (көптеген банктер қазіргі таңда банк топтарына айналуда; олар тек қаржылық қызмет көрсетумен айналысып қоймайды, сонымен қатар өз құрылымында факторингтік, лизингтік, инжинирингтік, консалтингтік кеңселерді қалыптастыра отырып, клиенттерге кешенді қызмет көрсетуді жүзеге асырады) шығады.



Факторинг – бұлфактор – компаниямен клиент шоттарын сатып алу арқылы, клиенттің айналым капиталын несиелеумен үйлесетін сауда – комиссиялық операцияның бір түрі.

Факторинг – өзіне бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық, өткізу, көліктік, сақтандырушы, несиелік және заңды қызмет көрсетуді қосатын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйе элементтерінің бірі.

Факторингтік операциялардың таралуы қазіргі таңда төлемнің қарапайым мерзімінің 1 айдан 3 айға дейінгі аралықты қамтитындығымен байланысты. Егер, банк мұндай төлемдер бойынша талаптарды төлесе, онда сконто (италиян тілінен аударғанда sconto – баға бойынша жеңілдік) шарты қолданылады, қаражаттар айналымы көбейді.


Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпкерліктегі лизинг дегеніміз не?

  2. Кәсіпкерліктергі факторинг дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с.

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет