Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет17/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

16 – тақырып.

Кәсіпкерлік мәдениеті
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасын, кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениетін, іскерлік және кәсіби этиканы қарастыру.

Лекцияның сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы

  2. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті

  3. Іскерлік және кәсіби этика

Лекцияның мазмұны

Кәсіпорынның қызмет етуі барысында кәсіпкерлік мәдениет маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынға тек қана жоғары престижді ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар өндіріс тиімділігінің артуына, өнімдер мен қызметтердің сапасының артуына, және сәйкесінше табыстардың ұлғаюына септігін тигізеді.

«Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінің біршама анықтамалары бар. Мысалға:

1) бұл құндылықтар туралы бірігіп шығарылатын және нақты дәлелдер мен сипаттамалар жүйесі. Және де мұнда құндылықтар туралы сипаттамалар кәсіпорын үшін не маңызды екендігін, ал дәлелдер – кәсіпорын қалай қызмет ету керектігін және оны қалай басқару керектігін анықтауға мүмкіндік тудырады. Ол мысалға келесі суретте жақсы көрсетілген:




1 – сурет. Кәсіпкерлік мәдениетінің қалыптасуы
2) ұйымдастырушылық мәдениетке кәсіпорынды өз кезегінде жалғыз ғана секілді көрсететін түсініктер, құндылықтар, ережелердің жиынтығын жатқызады.

Кәсіпкерлік мәдениетке толықтырылған түрде мынадай анықтама беруге болады:

«Кәсіпкерлік мәдениет – бұл субъектілерді кәсіпкерлік сферасындағы экономикалық белсенділіктің қандай да бір нысандарына бағыттайтын, уақыт барысында кәсіпкерліктің тұрақтануына септігін тигізетін жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез – құлық, үлгілерінің, жүйе құндылықтарының, әлеуметтік нормалардың, фундаменталды қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы».

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәдениетінің он негізгі белгісін бөліп көрсетуге болады:



  1. мәдениет әлеуметтік болып табылады, өйткені оның қалыптасуына фирма қызметкерлерінің басым бөлігі әсер етеді;

  2. ол ұжым мүшелерінің мінез – құлқын реттейді;

  3. адамдармен құрылады;

  4. ол барлық қызметкерлермен қабылданады;

  5. дәстүрлерді ұстануға негізделген;

  6. танымды сипатқа ие болады;

  7. өзгеруге бейім;

  8. көпқырлы, яғни оны қандай да бір тәсіл арқылы ғана тану мүмкін емес;

  9. сезілмелі (осознаваема) және сезілмейді (неосознаваема);

  10. тұрақты даму үстінде болады.

Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы:

  • біріншіден, табиғи жолмен жүзеге асырылады, яғни онда кәсіпорындар өткен және қазіргі тәжірибені ескере отырып, қойылған мақсаттарды қамтамасыз етуде нәтижеге әкелетін мәдени дәстүрлерді қолдайды;

  • екіншіден, ол мінез – құлықтың белгілі бір кешендерін енгізу жолымен қалыптасуы мүмкін.

Кәсіпкерлік мәдениет келесідей функцияларды атқарады:

  • коммуникативті – интегративті, ол әлеуметтік – экономикалық ортада жеңіп шығуды және тұрақтылықты қамтамасыз етеді;

  • консервативті, ол кәсіпкерлік еңбектің дәстүрлі үлгілерін қайта жаңғырту есебінен сыртқы қарама – қайшылықтарға қарсыласу мен ішкі тұрақтылық күштерін құрайды;

  • инновациялық, ол өзгермелі жағдайға дұрыс бейімделген жаңа үлгілерді танытады;

  • трансляциялық, ол ақпаратты берумен айналысады;

  • мақсатты, ол құндылықтарды, эталонды қалыптастырады;

  • бағалаушы, ол іс - әрекеттерді бағалау әдістері мен критерийлерін құрастырады.

Кәсіпкерлік мәдениеттің басты функциясы – алуан түрлі типтер мен нысандарды сақтап қалу және ұдайы шығарып отыру және оларды болашақ ұрпақтарға табыс ету.

Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына мыналар әсер етеді:



  • жалпы адами құндылықтар (борыш, әділеттілікке деген ұмтылыс және т.б.), өмірдің мәні, адамның парызы туралы жалпы түсініктер;

  • елдегі өмір сүру образының ұлттық – мәдени және діни- мәдени стереотиптер;

  • мінез – құлық нормалары мен ережелері, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара әрекеттесу эталондары;

  • шаруашылық жүргізудің мәдени үлгілері;

  • елдің орналасуының, ландшафтының, климатының, оның көлем ерекшеліктері.


Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

1.Кәсіпкерлік мәдениет дегеніміз не және оның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?



2. Іскерлік және кәсіби этика түсініктерінің мәні неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет