Көсемәлі Сәттібайұлы Аран



бет19/19
Дата20.06.2018
өлшемі0,65 Mb.
#43920
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Он бірінші тарау
Аққаншық — Ақпарактың анасы.

Қала сыртындағы үйдің қасындағы оқиға...

Ақпарақтың жарық дүниенің қадірін ертерек біліп, өзі құралпы жан-жануарлардан ақылды болып өсуінің әлі ешкімге айтылмаған сыры бар еді. Онда оның әлі ана бауырының жылылығы деген ұғымның не екенін айырып білмейтін сары езу шағы болатын. Санасында қалғаны, бір топ ұяластарымен бірге бірін- бірі жұмсақ бүйірге түрткілеп, енесінің борпылдақ емшегін іздейтін де әбден шаршаған кезде бұйығып, ұйқыға бас қоятын. Содан енелері Аққаншық әлде- қайда» оралғанша тәтті ұйқыны соғатын. Енесінің келетін сәті де есінде: ол бүлар жатқан ұяның қуысына зып беріп асығыс енетін де бауырын күшіктерінің аузыңа тосып, аяқтарын созып тастап, тыпыр етпей жататын. Сол кезде күшіктері енесінің бауырындағы қатар-қатар тізілген қып-қызыл емшектерге қомағайлана ауыз салушы еді. Ал енесі болса жұмсақ ырылдап қойып, бұлардың езулері ақ көбікке малынып емшегін ашқарақтана борп-борп сорған тәтті қылықтары арқылы ілуде біреу ғана сезініп, түсіне алатын беу, дүние-ай, бір бақытты күйді басынан өткерер еді. Ақылды Ақпарақ болса мұны тәніне тарап жатқан енесінің қанжылым қышқыл сүтінен айыратын...

Өстіп жүргенде Ақпарақ пен басқа да ұяластарының көздері жартыкештеніп ашылды да, тірсектері майысып бауыр көтерді: сосын бір аттап, екі аттап, жығылып-тұрып жүре де бастаған.

Ақпарақтың құлдыраңдап жүғіретін халге жеткен кездегі ашқан алғашқы жаңалығы — ұяластарының ішіндегі анасына ұқсас, қардай әппағы өзі екен. Екінші жаңалығы, неге екені белгісіз, бұлардың мекендері қаладан алшақ, бір жақ қабырғасы құлаған ескі үйдің қуысына орналасыпты. Тағы бір байқайтыны, енесі тіршілік сарыны күндіз-түні дамылсыз естіліп жататын сол қалаға қарай ертелі-кеш бүлк-бүлк желіп бара жатады. Ондайда Ақпарақтың тентек қиялы алып-ұшып, тезірек өсіп, ит болсам екен, сөйтіп сонау көрінген шаһардың думаңды қызығына мен де араласып, тыныс-тіршілігіне етене бауыр басып кетсем екен деп шарқ ұрушы еді. Бірақ, кейіннен бұл тәтті арманынан жер май ішкендей өзінен-өзі қараптан- қарап жеріген...

Сол күні басына әні-міне төнгелі тұрған қауіп- қатер айдады ма, кім білсін, Ақпарақ әйтеуір ұяластарынан жырылып, ескі үйдің маңайынан шалғайлау шығып кетті. Төңіректі қызыға тамашалап, көрінген қарайғанға әуестікпен алып-ұшып жетіп барады. Міне, мынау енесі жортатын сүрлеу: табанға жабысатын май топырағында енесінің ізіне дейін сайрап жатыр. Ол осы соқпақпен анау сағымға шомылған сиқырлы шаһарға барады....

Кенет, Ақпарақ ойының ұшығына жетіп үлгерместен қарсы алдынан бір мойны күжірейген алып тіршілік иесі көктен түскендей пайда бола кетті. Бірақ Ақпарақ одан қорыққан жоқ. Қайта өзіне тән әуестікпен әлгіге арсалаңдап-ақ ұмтылған. Бірақ ғажайып тіршілік иесі исі қолқа қабатын былғары етігімен мүны маңына жолатпай, кейін қарай шеки лақтырып тастады. Ақпарақ қыңсылап, қайта ұмтылды. Анау мұны тыңқиған жұмсақ қарнынан әлгі иісі қолқа қабатын етігінің бақа бас тұмсығымен іліп алып, тағы да лақтырып жіберді. Бұл жолы тәніне тепкі кәдімгідей батып кетті. Міне, Ақпарақтың жа- нары өзі бұрын көрмеген тіршілік иесінің жанарымен осы кезде тұңғыш рет тоқайласып еді. Бірақ, Ақпарақ одан енесінің көзіндегі жылы ұшқыңды көре алмай, денесі дір етіп, жалт бұрылды да келген ізімен қорбаңдап қаша жөнелді. Жұмбақ тіршілік иесі соңынан құйрық тістесіп қалар емес, өкшелеп отырып ескі үйге Ақпарақпен қатар жетті. Жеткен бетте өзіне топырлай ұмтылған, әлі ештеңенің мәнісін ажырата қоймаған күшіктерді қолындағы темір таяғымен жандарына батыра нұқып, жасқап тастады. Оғаш қылығын мұнымен доғарса жақсы ғой, қыңсылап- қыңсылап қарадай жүні жығылып қалған ұяластарын бірінен соң бірін құлақтарынан тартып, желкесінен шымшып, жоғары көтеріп ойнай бастады....

Осы кезде қала жақтағы кезең үстінен бой көрсеткен енесі бір сұмдықтың болатынын сезгендей шарасыз үнмен ұлып-ұлып жіберген. Сол-ақ екен әлгі алып тіршілік иесі жүрелеп отырған қалпы артына жалт бұрылып, мұның енесіне темір таяғын кезене берді.... Сосын оның қырылдаған үнін құлақ түндылар тарс еткен дауыс пен әлгі темір таяқтың ұшынан лап ете қалған жалын мен көк түтін алмастырып жүре берген. Сол кезде анасының жанұшыра қыңсылаған үні жеткен құлағына. Ақпарақтың жүрегін осып-осып өткен анасының бұл қыңсылы темір ұңғылы таяқ екінші рет құлақ тұндыра тарс етіп, екінші рет қызыл жалын араласа көк түтін көңірсіп қолқаны қапқанда, бірте-бірте саябырсып барып, біржола семген...

Темір таяқты мұнымен де қанағат таппады. Қан аңсаған қорқау қасқырдай құтырынып алған ол «Осыларды қайтсем екен?» дегендей, бейкүнә күшіктердің төбесінен тесірейіп төніп тұрды да «қорғасыңдарымды шығындап қайтемін» деген болуы керек, темір таяғын апарып былай қойды. Сөйтті де жамбасындағы шолақ күрегін жұмсақ топыраққа кірш-кірш қадап, шұңқыр қаза бастады.

Аналарының емшегін аңсап аянышты қыңсылға басқан күшіктер әп-сәтте не болып, не қойғанын білмей, ырс-ырс етіп асығыс жер қазып жатқан оның аяғына оратылып, одан күректің жүзіне түсе жаздап, бір-екеуі тіпті әлі дайын болмаған шұңқырға домалап түсіп кетіп әбден қорлық көрді. Өйткені жаңа ғана енелерінің түбіне жеткен қанішердің енді өздеріне ажал апанын дайындап жатқанынан көзін жаңа ғана ашқан ұяластары да, өзі де бейхабар еді.

Шұңқыр дайын болған. Ылғалы мол, сап-салқын топырақ шағын ордың шетінде қарауытып көрінеді. Жүректері әлдебір жаманшылықты сезгендей бір- біріне ұйлығыса тығылып, толассыз қыңсылған күшіктерге қарап тосыннан тап болған тіршілік иесі сөйлеп қояды.

— Тұқымның түгесілгірдің, тұқымының берекелісін көрдің бе сонша! Қанша өздері, құдай-ау? Бір, ек, үш... бес... сегіз! Ойбай-ау, мыналар ертең өріп шыға келсе, тауықтарыма бір зауал келді дей бер. Мынаны қара, мынаусы өзінен айнымай қалыпты!

Ол орнынан кенет ышқына атып тұрды. Атып тұрған бетте мұның ұяластарының домаланган жұмсақ қарнынан күректің басымен ұрып, шұңқырға құлата бастады. Ақпарақ әлсіз қарсылыққа көшіп, шұңқырдың ернеуіне тырнақтарын батырып жіберіп, ажалға ал мойын ұсынсайшы! Енді болмаса осы тырбаңдаған қалпы сыртқа шығып та кеткендей еді, бірақ әлгінің күрекпен бірге аяғы да жұмыс істеп, керзі етік тұмсығына сарт ете түсті де, сорлы Ақпарақ ұяластарымен бірге шұңқырдың түбіне түмақтай болып ұшып кетті. Көзін әрең дегенде ашып, жарық дүниеге соңғы рет үңілгенде жүзін тер жуып кеткен белгісіз тіршілік иесі әлденеден сескенгендей жанүшыра асығыс қимылдап, мүның үстіне сап- салқын топырақты түйдек-түйдегімен қарша боратып жатыр екен. Жентектелген бір уыс топырақ тәлтіректеп, кеудесін шұңқырдың сызтабанынан әрең көтере берген Ақпарақты ұшырып түсірді. Сол сәтте жарық Күннің бетіне әлдекім байқаусыз қара сия төгіп алғандай айнала соқыр қараңғылыққа оранды да, Ақпарақ шыр-көбелек айналып, түпсіз тұңғиыққа шым-шым батып бара жатты....



Он екінші тарау
Қарала қараптан-қарап қапа болды.

Қызыл Айдар неге Ақпарақты мақтайды?

Ақтиін де ақылды ә...
Қарала күншуаққа қыздырынып жата-жата жалықты. Егер біреу-міреу сыртынан сөз қылып, әр қылығына тамсана таңдай қағып тұрса, онда одан бетер керіле түсер еді. Бірақ қас қылғандай аула тым- тырыс. Күн сайын неше түрлі мінез шығарып, қырық құбылып жүретіні — әшейін Ақпараққа көрсеткен қыры екен. Ақпарақ та мұның әр қылығын жалықпай бақылайтын. Енді ол жоқ. Әнеукүнгі оқиғадан кейін көңілі қалған ғой, сірә. Осылай жаны жүдеу тартқанда бұрыштан-бұрышқа қуып, көңілін көтеріп алатын Тышқан да құмға сіңген судай жым-жылас болып әлдеқайда құрып кетті. Сірә, бұлардың бәрі бүйте берсе бұл түптің түбінде жалғыз қалар тегі. Ал жападан- жалғыз қалғаннан кейін сенің аяқты шеки басатын әйбат жүрісің, көзді ашып-жұмғанша зау теректің басына өрмелеп шығып кететін әбжіл қимылың кімге дәрі! ?

Кеһіе жападан-жалғыз қалған бұл аулаға сыймай Қызыл Айдарға барған. Үй, бүйтіп барғаны бар болсын! Қызыл Айдар мұны қонақ екен деп төрге шақыру түгілі, үйге кір деп те айтпады. Табалдырықта тұрып сөйлесті. Сенбегені ғой.

«Мен, — дейді кербезденіп, — өткенде Ақпарақты бекерге ренжітіппін. Ол біз жаман болсын демейді , екен. Өзің ойлашы, біздің сарайымызды жөндету үшін көмек сұрай барған қожайынымыздың жер- жебіріне жеткен Қабанды бұдан былай адамға қарап дауыс көтермейтіндей ғып үрейін ұшырыпты».

Демек Қараланың енді Қызыл Айдарға да керегі жоқ болғаны ғой.

— Әй, Қарала. Неғып мұңайып отырсың? — Желкесінен шыққан оқыс үннен Қарала шошып кеткен. Артына жалт бұрылғанда байқады, қалың ойдың әсерімен Ақтиін мекендейтін қалың қарағайдың арасына еніп кетіпті. Жаңағы өзін селк еткізген оқыс үннің иесі де сол Ақтиін болып шықты.

— Кел, ойнайық. Жалғыз өзімнің әбден ішім пысты. — Қарала ағынан жарылып, Ақтиінге жабыса кетті. Бірақ бұтақтарға кептіріп қойған саңырауқұлақтарын ұясына көз ілеспейтін шапшаңдықпен тасып жүрген Ақтиіннің ойнауға мұршасы жоқ еді.

— Еңбекпен айналысуың керек, Қарала. Ал сенің дастарқаның жаюлы, төсегің салулы. Ештеңеге бас ауыртып, қиналмайсың... Тіпті күн сайын таңертең тұрып ішіп алатын сүтіңді де дүкеннен ақылды Ақпарақ таситынын білгің келмейді...

_ ?


— Еһ, Ақпараққа ешқайсымыз жетпейміз ғой. Кеше осы қарағайдың түбінде Тышқан екеуінің, иә, айтпақшы жанында Қарлығаштар да бар екен ғой, құпия әңгімелерін естіп таң-тамаша қалдым.

— Ол қандай құпия? Айтсаңшы маған да.

— Жоқ, ежелгі жаулығыңа басып, істеріне кесіріңді тигізіп жүрерсің, айтпаймын.

— Үйден жаңғақ әкеліп берейін, айтшы енді, Ақтиін.

— Жаңғақты әлдеқашан жинап алғанмын.

— Кәмпитті де алмайсың ба?

— Кәмпит дейсің бе? — Ақтиін ойланып қалды. Барлық балалар сияқты конфетті Ақтиін де жақсы көретін. Конфетке үйреткен де осы баққа қыдырып келетін сол балалардың өзі. Кейде олардың бір- бірімен бәсекелесіп көп конфет әкелетіні соншалық Ақтиін ұясына тасып үлгере алмайтын. Бірақ бұл жолы Ақтиін аузының суы құрып, тамсанып тұрса да келіспеді.

— Жоқ, маған жаңғақтың да, конфеттің де керегі жоқ. Маған сенің оларға бұдан былай тиіспеймін деген уәдең керек.

— Оллаһи, білләһи! — Қарала екі қолын кеудесіне айқастыра жүгінді де Ақтиіннің алдына тізерлеп отыра қалды. — Күн-Анамыз куә!

— Бұл — уәде емес. Сен оларға деген достық ниетінді іспен дәлелдеуің керек. Сенің берген уәдеңнің шындығына сонда ғана көз жеткізуте болады.

— Ол үшін не істеуім керек? — Ақылың болса өзің ойланбайсың ба? Осында келгеніңе міне, аттай бір сағат болды. Ал маган көмектесу ойыңа да кіріп шығатын емес. Осыдан кейін қалай сенуге болады саған?!

Қарала өмірінде бірінші рет шынымен ұялды. Тіпті қысылғаннан қап-қара тұмсығының ұшына дейін терлеп кетті.


Он үшінші тарау
Ақпараңтың қуанышында шекжоқ

«Ботақан» операциясы сәтті өтті.


Ақпарақ бүгін өте көңілді. Көңілді болмай ше? Біріншіден, Қабанның құрсауында жүнжіп жүрген Ботақанды құтқарып әкелді. Қазір Ботақан бұрынғысына қарағанда әл жинап, диланып қалған. Енді біраз күнде түбіттері құндыздай құлпырып, көздің жауын алып шыға келетін түрі бар. Екіншіден, Ботақанды құтқару операңиясына Қарала да келіп қатысты. Бәрекелді, айтпақшы оны Ақтиін ертіп келгенге ұқсайды. Тышқанның сөзіне бақса солай. Мейлі гой, әйтеуір Ақпарақтың өздеріне қастық ойламайтынын қайсысы болса да ұққандары жақсы. Үшіншіден, Қарлығаштардың үсынысы да іске асатын сияқты. Міне, бір жеті болды «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫНЫҢ» алғашқы ойынына дайындалып жатыр. Театрдың сахнасы, әрине, Әлімбек қарияның ауласы болмақ. Есіктің аузында Әлімбек атайдың өзі тұрады. Өйткені теріс ойлы, бөгде жандарға мұнда орын жоқ. Өткенде мекиендері мен шөжелерін бастап кербез әтеш-Қызыл Айдар да келіп кетті. Құр қол емес, сахнаға шыққанда Ботақанның кекіліне байласын деп қызылды-жасылды әсем қауырсындарын тарту ете келіпті. Кеш те болса түсінгенін айтпайсың ба!

Ботақанды құтқаруға Әлімбек аталарының да көп көмегі тиді. Қалай болып еді? Бәрекелді, бұлар келгенде тас алаңқайдың беті оттан суырған табадай күйіп тұр екен. Анда-санда үп еткен керімсал әлгі ыстық лепті үйіріп әкеліп жүзіңе ұрады. Тамырларын тереңге жайған кәрі емендер болмаса, балаң өскіндердің жапырақтары нәр аңсап, бүрісіп-бүрісіп қалған. Осындай шыжыған ыстықта қимылдауға әлі жоқ Ботақанды көру қандай аянышты десеңші! Бірақ бұлар Ботақанды да, қасындағы қожайынын да жорта елемегенсіп, өздерімен-өздері ән салып, би билеп, асыр салып ойнай бастады.

Сол сол-ақ екен су сататын күркешіктің алдында кезек күтіп топырлаған балалар бұларды лезде қоршап алды. Әлімбек атайға да керегі осы еді. Балаларды жан-жануарлардың жанына кезек-кезек тұрғызып суретке түсіре бастады. Балалар болса қолдарындағы тәттілерін бұлардың аузына тосып мәз. Өйткені олар ақылды күшік Ақпарақты, кіп-кішкентай болса да пысық Тышқанды, Оқымысты-Тотықұсты, көкжасыл көркем өлкенің қонақтары қос Қарлыгашты, Ақтиін мен Қараланың қол ұстасып, бірге жүргенін өмірі көрмеген еді.

Кенет Ақпарақтың көзі Ботақанға түсіп кетті.

Көңілді топты көріп, Ботақанның да жанары жасқа толып шыға келген екен. Ақпарақтың да көңілі босап кетті. Қалай жұбатқаны дұрыс? Ол өзінің достарына білдірмей жырылып оңаша шықты да Ботақанға жақындады.

— Ботақан, сәл шыда. Біз сені құтқаруға келдік. — Өзінің бас бостандығы жөнінде ойламақ тұрғай, түсінде де көрмеген Ботақан қапелімде не дерін білмей сасып қалды. Оны лезде сезе қойған Ақпарақ егер Ботақан сөйлесе көңілі босап, бірдеңені бүлдіріп алатынын сезді де:

— Жә, мен кеттім. Анау қожайының сезіктеніп қалар, — деп лезде өзінің көңілді тобына қосылды.

Алайда Қабанның Ботақанмен ісі де жоқ еді. Оның есілдерті мынау кішкентай достардың ойынында болатын. «Егер бұлар менің қолыма түссе Ботақанның бір айда тапқан табысын бір күннің ішінде табар едім», — дейді күбірлеп. Тәтті қиял түрткілеген ол Әлімбек атайға «мына жан-жануарларыңды маған сат» деп жата кеп жабысты. Әлімбек атайға да керегі осы болатын.

— Сатайын, бірақ ақысына не бересің? — деп, тақ ете қалды.

— Үйіңе отын түсіріп беремін, тауықтарыңның күркесін жөндетемін.... •

— Жоқ, — Әлімбек атай басын шайқады, — оларға енді сенің көмегінсіз-ақ шамам келеді.

— Ендеше ақшаға келісейік.

— Ақшаның да керегі жоқ. — Әлімбек қария «көрдің бе, міне» дегендей, өзінің кішкентай жан- жануарларының бірер сағаттың ішіндегі ойынынан түскен теңгелерін миығынан күліп тұрып нұсқап қойды.

— Енді не қалайсың? Өзің айтшы?

— Жарайды, қадалып қоймадың ғой. — Әлімбек атай өтірік қиналған бола қалады. Қандай қу өзі. Егер Ботақанның басына бостаңдық берсең, мен бұларды саған берейін. Бірақ бір шартым бар: анау Қарлығаштардың самғайтан аспаны, Ақтиіннің сайран салатын орман-тоғайы бар екенін ұмытпа. Ертеңгі күні олар сол мекендеріне қашып кетсе, онда маған өкпелеме!

Ары қарай бәрі алдын-ала ойластырғандай болды. Ақпарақ Әлімбек атасы екеуі Ботақанды бұйдасынан жетелеп үйлеріне қайтты да, Қарлығаштар Қабанның иелігінде қалды. «Ботақан» операциясы бойынша олар кешке дейін балаларды қызыққа бөлеп, түнде Қабанның қорасынан қашып кетуі керек. Бәрі соғыста барлаушы болған Әлімбек атайларының ойластырып жүргені ғой....



Он төртінші тарау
Ботаңан күшті болып шыкдіы.

Сауысқанның жағымсыз жаңалығы.
Ботақан нағыз ойынпаз болып шықты. Тіпті «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫНЫҢ» барлық нөмірі соған қатысты десе де болады. Өркешіне Ақпарақтан бастап Тышқанға шейін жабыла мініп алғанда мыңқ демейтін күшін айтсаңшы! Өлкемізде осындай түліктің бар екенін айтқан Тышқанға рахмет! Ол болмағанда Ботақанның күні ендігі не болар еді?

Бәрекелді, енді театрдың ашылғаны жөнінде хабарландырулар жазып, көшедегі афиша біткенге жапсыра берсе де болады. Ақпарақ қолына қылқаламын алды да, өзінің ойланған сәттегі сүйікті әдеті бойынша басын оң жағына әнтек қисайтыңқырап қойып былай деп жаза бастады.


ҚҰРМЕТТІ БҮЛДІРШІНДЕР!
Ертең жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де Әлімбек атайдың ауласында «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫНЫҢ» ойыны болады. Ойыннан Ботақанның, Ақтиіннің, бекзат Қарлығаштар мен кербез Әтеш- Қызыл Айдардың ойынын көріп тамашалайсыздар. Оқымысты-Тотықұс та қатысады.

Театрдың ашылуына келіңіздер!

ӘЛІМБЕК АТАЙ.

Ақпарақ хабарландыруға соңғы нүктені қойып, столдан белін жаза бергені сол еді құлағының түбінен Сауысқан:

— Ойын болмайды, — деп, саңқ ете түсті.Ақпарақ күтпеген қонақтың жайсыз хабарына ашуланып қалды.

— Неге болмайды?

— Қабан сендердің қожайындарыңның өзін алдап соққанын біліп ашуланып жатыр. Ертең ойын басталған кезде келіп, жұрттың алдында соны жария етпекші....

Осылай деді де Сауысқан жалбаңдап ұша жөнелді.

— Қап, жамандық хабар жеткізбесең тыныш жүре алмайтын қашанғы әдетің ғой сен өсекшінің. — Ақпарақ ызадан жылап жібере жаздады.

— Саспа, Ақпарақ. Қайта Сауысқанның дер кезінде хабар бергеніне алғыс айтайық. Сен қазір Тышқанға барып хабарландыруды ілгізе бер. Ал мен Қабанды бұл ауланың маңынан жүрмейтіндей қылатын бір амалын ойластырып көрейін.

Қараланың қиналғанда қасынан табылып, көңіліне дем бергеніне Ақпарақтың кәдімгідей мерейі өсіп қалды. Ал Қараланың өз есебі бар болатын. Себебі, өткенде Ақтиін өзін әбден ұялтқалы бері Ақпарақ пен Тышқанның сеніміне кіретіндей бір жақсылық жасағысы келіп армандап жүрген. Міне, соның сәтті осы жолы түскен сияқты.
Он бесінші тарау
Қарала көмекке келді. Қу түлкі Қабанды

жер қаптырды.


— Қабан десе, маған бір ой келіп тұр. Бүгін аңға барсақ қайтеді? — Өзінің бұрынғы достығы бойынша Қабанның үйіне еркін енген Қарала сенімді түрде тіл қатты.

— Аңға шығатын көңіл күйім болмай жатыр. Естіген жоқсың ба?

— Пәлі, Ақпарақтың алдап соққанын айтамысың. Соны да сөз деп. Егер сәтін салып Түлкіні ұстап алсаң, әлі-ақ ісің оңғарылып жүре береді.

— Жарайды, қай жақтан аулаймыз.

— Қаланың сыртындағы тоғайдан.

— Қараланың күткен жауабы да осы еді. Өйткені ол алдын-ала тоғайды мекендейтін Қу Түлкімен келісіп келген болатын. Түлкінің міндеті Қабанның алдына түсіп біраз қашқаннан кейін кез-келген үңгірге кіріп жоқ болса болды, одан арғы іс Қараланың өз қолында.

Қарала қаққан дабылдан әуелі тоғайдагы қарғалар азан-қазан көкке көтеріліп, әлден уақытта шоқ талдың түбінен қүйрығы жарты кез қызыл Түлкі сылаңдап қаша жөнелді.

Түлкіні көрген бетте соңынан тұра ұмтылған Қабан әні жеттім, міне жеттіммен әбден сілесі қатты. Уәде бойынша Түлкі де бірден қара үзіп кетпей, не темір ұңғының қарауылына ілінетін ұрымтал тұсқа жақындамай, Қабанның әбден зықысын шығарды. Бір кезде Қабанның өзін бұдан арыға қууға тамасы Бір екенін байқады ма Түлкі бірінші кездескен үңгірге жоқ зып берді де, екінші шетіндегі жасырын тесіктен атып шығып, өз жөніне зулап кете барды.

ЬІрс-ырс еткен Қабан мен Қарала Түлкі кіріп кеткен үңгірге қатар жеткен.

Қап, құтылып кетті, — деді Қабан Қаралаға ашуланып. — Құтылған жоқ әлі. Іннің ішінде жатыр. Мен үңгірді жақсы білемін. Аузы тар болғанмен, іші кең бұл Ертеде осында Айдаһардың алтын көмбесі болған дейді. Қалай түсіп көреміз бе? Бәлкім, Түлкіден де қымбат қазынаға кез болармыз.

Қабан мұрнын шұқылап ойланып қалды.

—Қайдам, бекерге әуре болып жүрмесек.

—Түу, сен де жоқты айтады екенсің. Кәні, баста!

Қабан жүрелеп отырды да, қорбаңдап үңгірдің ішіне басын сұға бастады.

Оның қазандай басы үңгірдің ішіне толық кір сол тынысы тарылып қоя берді. Басын қайтып суырып ала қояйын деп еді, келсаптай басы іннің тар аузына кептелді де қалды. Кебеже қарнын қозғау да қиынға соқты. Қабанның енді қайтып тысқа шыға алмайтынына көзі анық жеткен.

Қарала сақылдап тұрып күліп жіберді.

— Ха-ха.... Ал, достым, жер бауырлап жата осылай. Ертең келіп іннің аузын қазып, шығарып бер осылай.Ертең келіп іннің аузын қазып шығарып аламыз.

— Құт-қа-рың-дар! — Өкіре айғайлаған сыртта қалған екі аяғын дәрменсіз тырбаңдатып айдалада қала берді. Айғайын ешкім естіген жоқ.


Он алтыншы тарау
Ақжүрек Ақпарақтың жеңісі. Оның

достарының нықтарынан бір зілмауыр

жүк түскендей болды.
Қарақтарым!

Көкжасыл көркем өлкедегі ертегімізді осымен аяқтасақ та болатын еді. Бірақ ақжүрек Ақпарағымыз Қараланың айласына риза болғанымен Қабанды үңгірге тұңшықтырып тастап кеткенін онша құптай қоймады. Әсіресе, бүгінгідей мереке күні! Ақпарақ жалма-жан сағатына қарады да:

— Достарым, дайындығымызды бастауға дейін әлі уақыт бар екен. Жүріңдер, егер қарсы болмасаңдар, Қабаңды іннен шығарып келейік, — деді, достары ұлардай шулап қоя берді.

— Оны босатсақ өзіміз құримыз ғой.

— Теартрдың ашылуына қырсығы тиіп кетпесін.

— Менің сөзіме сеніңдер, осыдан кейін ол бізге тиіспейтін болады.

Ақпарақтың кішкентай достары тағы да шулап кетті.

— Қалайша?

— Ол — нағыз жауыздың өзі ғой.

— Білем, сондықтан да қазір Қабан жатқан үңгірге баруымыз керек. Кәні, қайсың ілесесің?

— Мен, — бірінші болып Тышқан алға шықты.

— Мен де, — бұл Ботақан еді. Жанары жәудіреп тұр.

Келесі сәтте бәрі қол ұстасып қала сыртындағы тоғайға қарай келе жатты. Көк аспанның төріндегі Күн-Ана өзінің кішкентай достарының тіршіліктеріне сүйсініп, күлім қағады.

Қабанды олар талаурап жатқан жерінен тапты. Басы үңгірдің аузына кептеліп былқ-сылқ еткен денені тар қыспақтан әрең дегенде құтқарып алды. Аузына су тамғызған кезде Қабан кірпігін қимылдатып, аяққолын созды. Ақпарақ достарынан қалам-қағаз алып, үлкен әріптермен:

«Қабан, — деп, жазды. — Біз сені кешірдік. Егер осы ақымақтығың бүкіл көкжасыл көркем өлкеге жарияланып, масқара болмайын десең, бұдан былай Әлімбек атай мен оның кішкентай достарына жолаушы болма! Марқұм анамның атымен ант етемін, екінші жолы аямаймын!
Бір топ куәлер қол қойған қол-хаттың

бір данасы өмір бойы менде болады!

АҚПАРАҚ.

Ақпарақ достарын қолхаттың мазмұнымен таныстырды да бәрін қол қоюға шақырды.

— Тышқан, мә, мына қолхаттың бір данасын Қабанның қалтасына салып қой. Есін жиған кезде оқысын, — деді Ақпарақ қолхатқа бәрі қол қойып болған кезде.

— Алақай!

Ақпарақтың достары иықтарынан бір зілмауыр жүк түскендей қуанып, көңілдене айғайлап қоя берді....

Ақпарақтың көзі жасаурап, көңілі босап кетті. Анасын атып өлтіріп, ұяластарын тірідей көмген қарала күн есіне түскен. Ақпарақ есін жиғанда Әлімбек атасының алақанында жатыр екен. Көзін ашқан бетте санасына сіңісті әдетпен жұмсақ алақанды түрткілеп енесінің емшегін іздеген. Одан кейін ұяластарының тұмсық қытықтар ашқылтым иісін аңсаған. Аңсаған да босанбаққа ниет қып бұлқынған. Бірақ қанша бұлқынса да атасының шырыш алақаны басынан, құлағының түбінен сипалап босатар болмады. Мұны босатпай бауырына басқан күйі үйіне кіріп ыдысқа сүт құйып әкелді.

— Кәні, іш, іше ғой, күшім!

Бұл тартыншақтаған. Денесі дір-дір етіп, әлсіз қыңсылайды. Адамзат атаулыдан әбден жүрегі ұшып, қорқып қалса керек.

— Әппағым, Ақпарағым менің, — деген сол кезде атасы алғаш рет...
Он жетінші тарау

немесе Ертегінің тобықтай түйіні
Ақпарақ ертеңіне таң аққаймақтанып атып келе жатқан кезде тұрды. Көңілі алып-ұшып Әлімбек атасының ауласындағы өздері безендірген театрдың қызылды-жасылды сахнасына Күн-Ананың алтын сәулесі түскенше тағат тауып отыра алатын емес.

Әні, Күн-Ана да ұясынан көтеріліп келеді. Ал Айдаһарға ұқсас қыр баяғы сұлық түскен қалпы қара жонданып қозғалмай жатыр. Мейлі, қозғалмаса, қозғалмай-ақ қойсың. Қазір қара да тұр әдемі киінген әйбат балалар Әлімбек атасының ауласына қарай ағылады. Өйткені, бүгін 1 МАМЫР күні көкжасыл көркем өлкедегі бұл қызыл шатырлы үйде тұңғыш рет «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫ» өнер көрсетпекші........




МАЗМҰНЫ
Бірінші бөлім.......................................................................................................................3
«Оқшаулау»...........................................................................................................................4

Әбдіқадірдің моншасы.......................................................................................................17

Жылқыбай жездемнің сақалы...........................................................................................37

Сәтсәлізімнің дерті.............................................................................................................51

Қайнарбектің дерті.............................................................................................................56

Аран.....................................................................................................................................73

Шаншудың балконы..........................................................................................................89

Соп-тиак-ти.....................................................................................................................100

Шарбақтының жалғызы...................................................................................................127

Электорат..........................................................................................................................140

Шопанбайдың шарбағы...................................................................................................158

Шал...................................................................................................................................167

Қызғаныш......................................................................................................................182

Тас тұғырға өскен тікен...................................................................................................186

Астана әфсаналары........................................................................................................194

Қырандар мен құзғындар.................................................................................................207


Екінші бөлім..................................................................................................................220
Шеткері үйдің жарығы.....................................................................................................270
Үшінші бөлім...................................................................................................................289
Тәтті ертегі......................................................................................................................290

Бірлікті іздеген бала.........................................................................................................325

Елгезек бағдаршам, тоқ-қуат және басқалар.................................................................345

Күнге ғашық өлкеде.........................................................................................................370

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ

АРАН


Әңгімелер, хикаяттар, ертегілер

“ҚАЗақпарат” баспасының директоры

Алмас АБУОВ

Редакторы Қуандык ТҮМЕНБАЙ

Корректоры Толғанай АУҒАЛИҚЫЗЫ

Көркемдеуші редакторы Әсел БАТЫРБАЙ

Техникалык редакторы Нұркен СҮЙЕУБЕКҰЛЫ

ИБ №571


Теруге 15.02.2012 ж. жіберілді. Басуға 05.06.2012 ж. кол койылды.

Пішімі 84x108 1/з2. Әріп түрі “08 Ваltіса” Офсеттік басылыс.

Қағазы офсеттік. Көлемі 22 шартты баспа табақ.

Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №378/6843.

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

Жангелдин-Мұхамеджанов көшесі, 30/26.

“ҚАЗакпарат” баспа корпорациясы

Тел.: (8-727) 397-41-63, 397-41-62



Эл. пошта: Каzакрагаt@іnЬох.ги

“ҚАЗакпарат” баспа корпорациясынын баспаханасы
Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет