Көсемәлі Сәттібайұлы Аран


Қызыл қоңыз қалайша «Құдайдың сиыры» атанды?



бет14/19
Дата20.06.2018
өлшемі0,65 Mb.
#43920
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Қызыл қоңыз қалайша «Құдайдың сиыры» атанды?
— Оу, батырым-ау, шаңқай түсте бұл не ұйқы?

— Кешіріңіз, қалғып кеткен екем түс көріппін, ата.

— Жақсы түс пе?

— Аяла, Аусар-Алмас бәріміз Қызыл Қоңызға мініп алып, ұшып бара жатыр екенбіз...

Діннұр көрген түсінің оқиғасын атасына тез айтып берді.

— Е-е, онда өте жақсы түс көріпсің, айналайын. Елдің қамын жеген ер болады екенсіңдер бәрің де. Бәсе, неғып күбірлеп жатыр бұл, әлде қызуы көтерілді ме деп үрейленіп ем.

— Ата, маған бір ой келіп тұр.

— Қандай?

— Мектепке барып, абатулік жетім балаларға арналған көмек қорын ашайық десем мұғалім ағайлар мен апайлар ренжімей ме? — Қайта қуанады ғой, құлыным-ау. Айтпақшы, ана жолы қабығында қара ноқаттары бар Қызыл Қоңызды неге «Құдайдың сиыры» деп атайды?» деп сұрап ең. Әлгі түсің соны айтып бер деп тұрғаны.

— Онда мен Аусар-Алмас пен Аяланы да шақырайын. Супер-Компьютер сен де дайынсың ба тыңдауға?

— О-о, бұл қашанда дайын ғой. Супер-Компьютер екеуміз қазір бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын Тотықұстың жұбындай дос болып кеттік. Шахмат ойнаймыз. Одан жалықсақ әңгіме-дүкен құрамыз. Ал түгел жиналып болсаңдар, бастайын...

Алла тағаланың жаратқан дүниесінде артық-ауыс ештеңе жоқ баяғы пайғамбарлар заманының тұсы болса керек. Қара ноқаттары бар Қызыл Қоңыз, негізінен, Аспанда өмір сүріпті. Періштелер сияқты Жерге анда- санда ғана түседі екен. Әрине, сонау жеті қабат Аспаннан бекерден-бекер ешкім Жерге түспейтіні белгілі ғой. Сондықтан «Құдайдың сиыры» атанған Қызыл Қоңыз (қара ноқаттары бар, әрине) жақсылық хабар жеткізген Елшідей ізгі істер де атқарыпты. Диқан бабамыз оның келіп-кеткен сәттегі тыныс-тіршілігіне қарап ауа райын бақылапты. Күннің райы қалай болады? Егіннің шығымы ше? Шаруа баққан адамдар үшін маңызды сауалдар көп қой.

Айтпақшы, бұл қоңызды Германияда — Қасиетті Мария Ананың қоңызы, Англияда — Құс ханым немесе Анақұсы, ал Аргентинада — Қасиетті Антонидің сиыры деп атайды. Мұсаның сиыры деген де аты бар. Ал Мұсаның сиыры жаннатқа кіретін 10 жануардың бірі. Көрдіңдер ме, дүниенің түкпір-түкпіріндегі елдердің бәрі құрметпен қарайды екен өзіне.

— Жаннатқа кіретін қандай жануарлар екенін білуге бола ма, ата?

— Неге болмасын, айналайын, басқа балалар да біліп жүрсін, айтайын. Олар Салих алейһиссаламның түйесі, Ибраһим алейһиссаламның бұзауы, Исмаил алейһиссаламның қошқары, Юнус алейһиссаламның балығы, Узейр алейһиссаламның есегі, Сүлеймен алейһиссаламның құмырсқасы, Белғазыға жіберілген көкек құсы, Әсхабы кәхвтің Қытмыр атты иті, Мүхаммед алейһиссаламның түйесі және...

— Мұса алейһиссаламның сиыры, — деді, жаннатқа кіретін жануарлардың аттарын атасының аузынан шыққан сәтте саусағын бүгіп санап отырған Аяла таңдайы тақ етіп.

— Бірақ моншақтай ғана қоңызды неге сиыр деп атады екен?

— Сұрағың орынды Аяла. Өйткені бұл Қоңыз сиыр сияқты сүтті болып келеді. Ең басты ерекшеліктерінің бірі де осында. Сүтінің түсі қызғылтым. Мамыр айында қырдағы қызғалдаққа жайылған сиырдың сүтін ішіп көргендерің бар ма? Қызғылтым ғой. Міне, «Құдайдың сиыры» атанған, қаттылау келген қабығында қара ноқаттары бар Қызыл Қоңыздың да сүті тура сол сияқты. Ал сүт қашаннан қасиетті саналған. Сосын мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімде «Бақара», ягни Сиыр деген сүремен басталады емес пе, балаларым.

— Менің атам сүтті төгуге болмайды дейді.

— Аусар-Алмастың атасы дұрыс айтқан. Ағарғанды төгуге әсте болмайды. Ананың ақ сүті дегенді білесіңдер ме? Ол — бәрінен де биік ұғым.

— Сонда «Құдайдың сиырының» сүтін ішуге бола ма?

— Жоқ, Аяла, ол сүтін жауларынан қорғану үшін пайдаланады.

— Қызық екен, бәлкім, ол кіп-кішкентай болса да көзге оттай басылатын түсімен қасиетті қоңыз атанған шығар?

— Ол да мүмкін, Діннұр. Құран Кәрімде Алла тағала саның сиыры туралы «оның өңі көрушілерді сүйсіндіреді» деген. Әйтеуір, осы бір момақан жәндікті жаншып өлтіру үлкен күнә саналады. Атасының Бәйтерек мұнарасының басындағы әңгімесінен кейін Діннұрдың есінен Шырмауық кетпейтін болған.

— Сәруәр ата, дегенмен, осы қасиетті қоңыз Шырмауыққа қарсы күресе алар ма екен? —

Бәрекелді! Менің сендерге айтайын деген әңгімемнің тоқ етері де оның осы қасиетінде еді. Қызыл Қоңыз аспаннан жерге түскенде шаруалар неге қуанған? Өйткені Алла тағала оны Шырмауық сияқты арам шөптерді отау үшін жібереді.

—Алақай, қандай жақсы болды!

Шырмауықпен күресетін сенімді дос табылғанына қуанған Аяла секіріп-секіріп түсті.

— Айтпақшы, Аусар-Алмас, сен білетін шығарсың, оның қабығында қанша ноқат бар?

— Мәссаған безгелдек, қанша рет алақаныма салып, қанша рет аспанға ұшырсам да ноқаттарын санау ойыма келмепті, Діннұр.

—Сонда кім біледі?

Мен білем Аяла, оның қабығында Жеті ноқат бар.

—Жарайсың Супер-Компьютерім, атаңды құтқарып қалдың. Әйтпесе мына балаларым менен сұрап, ұятқа қалдыратын еді. Жеті деген қай халықта да қасиетті сан ғой. О, шебер құдай, бәрін қалай-қалай үйлестірген десеңші! Міне, Діннұр, «Ел қайда? Су қайданың? » жауабы осымен шешілді ме?

— Рахмет, ата. Біз енді мектепке барайық.

— Онда қасыңа Супер-Компьютер мен Аусар Алмасты және Аяланы ертіп ал.

— Жарайды.

— Айтпақшы, мынау Абату бүлдіршіндеріне қосқан менің үлесім болсын. Компьютерге деп жинаған зейнетақымнан қалғаны ғой.

Діннұр атасын бұрынғыдан да жақсы көріп кетті. Компьютерге деп ақшасын бір жаратты, енді жетімдерге деп тағы беріп отыр. Не деген жомарт, не деген мейірімді жан.

— Ата, мән-жайды мүғалімдерге түсіндіріп, ақшаңызды өзіңіз апарып бергеніңіз дұрыс шығар.

— Солай деп ойлайсың ба? Жарайды ендеше, өзім-ақ апарайын.

— Ал менің үйде қалғаным жөн.

— Неге, Супер-Компьютер? — Діннұр, сен бүлдіршіндерге арналған өзіңнің сайтыңды аш. Мен сол бойынша барша балаларға бастамаларыңды айтып, жар салайын.

— Ақыл екен.

— Оны қалай атаймыз?

— «Аяла» десек бола ма?

— Жоқ, менің атымды қоймаңдар.

— Ендеше қандай ат ұсынасың?

— «Тәтті ертегі» деп атайық.

— Бәрекелді, балалар сайты осылай аталса керек.

Іске кірісейік, ендеше.


Президентке хат
Құрбан айттың төрт күні (Ораза айт — үш, Құрбан айт — төрт күн болады, балалар) төрт минуттай болмай өте шықты. Бүгін Аусар-Алмас ауылына қайтады. Бірақ әлденені қимайтын сияқты. Нені қимайды сонда? Супер-Компьютерді ме? Әлде әсем Астананы ма? Мүмкін, Сәруәр атай, Діннұр, Аяла шығар жүрегіндегі қимас сезімнің иелері.

Аулын да сағынды өзі. Аңшы әкесі, үй шаруасынан қолы босамайтын анасы, газет оқудан шаршамайтын атасы және аң-құс тілеп тұратын Алғыр атты тазысы, бәрі-бәрі Аусар-Алмастың жолына қарайлап, қатты сағынып жүрген шығар.

Діннұр мен Аяланың да қоштасқысы келмейтін сияқты. Ал Супер-Компьютер, тіпті, бауыр басып алған өзіне. Супер десе супер, қандай ақылды, қандай тапқыр! Әсіресе, суырып салатын ақындығы ше? Сайт пен хат-хабардың қожайыны сол қазір. Үйінде осындай компьютері болса ғой, шіркін!..

Діннұрдың мектебі де жақсы екен. Мұғалімдері мен достары да ұнады. Зілзаладан зардап шеккен балаларға көмек қолын созайық деп шыр-пыры шыққан Діннұрдың ұсынысын қолдап, бір бөлмені босатып берді. Енді оған жиналған киім-кешектерді, қағаз-қаламдарды Сәруәр атай тізімге алатын болды. Одан арғы жағы, әрине, үлкендердің жұмысы. Дегенмен бір маңызды жұмыс қалған сияқты. Ол — Президентке хат жазу. Сәруәр атасының Бәйтерек пен Шырмауық туралы әңгімесі Діннұр сияқты Аусар-Алмасқа да қатты әсер еткен.

— Діннұр, Аяла, мен бұгін ауылға қайтам. Оған дейін, келіңдер, Президентке хат жазайық.

— Жарайды.

— Дайынсың ба, Супер-Компьютер?

— Әрине.


— Ендеше, бастайық.

— Кім жазады?

— Аусар-Алмас жазсын.

— Жоқ, Діннұр, сен жаз. Бұл — сенің ойың болатын.

— Жарайды.

Діннұрдың саусақтары келесі сәтте Супер- Компьютердің клавиатурасындағы әріптердің ұстінде «секіре» жөнелді. Президентке айтатын сөздері санасында тақпақ сияқты жатталып қалғандықтан ба, еш мүдірмеді. Аусар-Алмас пен Аяла болса монитордағы маржандай тізілген сөйлемдерді оқып үлгере алмай жатыр әуелі.

«Сәлем хат!!!

Сау-сәлеметсіз бе құрметті Президент! Жақында мен, Аусар-Алмас, Аяла және Супер-Компьютер бәрімізді Сәруәр атамыз Бәйтерекке алып барды. Өте әдемі екен. Астана алақандағыдай анық көрінеді. Бәйтерек те, оның ұшар басындағы шар да, оның ішіндегі тұғырға түсірілген алақаныңыздың таңбасы мен ән де қатты әсер етті.

Есіңізде ме, Сіз Бәйтеректің сұлбасын сызып отырып Самұрық пен Айдаһар туралы аңыз айтып беріп едіңіз ғой. Аңыз бойынша, балапандарын Айдаһар жеп кете берген Самұрық биіктен пана іздеп, ұясын Бәйтеректің басына салады да аждаһаның аузынан жұмыртқасын да, балапандарын да аман алып қалады. Бірақ Бәйтерекке Айдаһардан басқа да қауіп бар екен. Ол — Шырмауық. Сәруәр атамыздың айтуынша, Шырмауықпен белең алмай тұрғанда күреспесе, Айдаһардан да қауіпті дейді. Сосын... Тот деген пәлекеттен де сақтану қажет сияқты. Өйткені ол да диқандар кетпен, күрегін қараусыз қалдырған заматтан бастап шіріте бастайды емес пе. Сондықтан Бәйтеректің мұнарасына ерекше күтім керек деп ойлаймыз.

Құрметті Президент! Біздің осы хатымызды оқуға және жауап жазуға уақыт табатыныңызға сенеміз. Кездескенше сау-сәлемет болыңыз.

Сәлеммен,

Діннұр, Аяла, Аусар-Алмас және

Супер-Компьютер. Біздің Е-таі1: w.w.w.аj1а@таі1.кz».

Хат жазылып бітті. Енді оны Ақордаға, Президенттің сайтына жібере беруге болады. Аяла электронды поштадағы «Жіберу» деген жазуға «жебені» қойып, «тышқанның» солжақ «мұртын» басып қалып еді, хат сол заматта Астанаға аттанды да кетті.

Енді Аусар-Алмасты ауылына шығарып салу ғана қалды. Ол үшін аталарының «Қоңызы» да қызметке дайын.
Супер-компьютер ауылға аттанатын бояды
— Ал, балаларым, Алмасты шығарып саламыз ба?

— Иә.


— «Қуыс үйден құр шықпа» деген. Қандай сыйлықпен аттандырасыңдар, достарыңды.

— Мен Инелік ойыншығымды сыйлаймын. Қарындасына апарып берсін.

— Сен ше, Діннұр?

Діннұр қапелімде не дерін білмей ойланып қалды. Сосын бір шешімге тоқталғандай:

— Супер-Компьютерді сыйлаймын! — деді.

Діннұрдың бұл сөзіне атасы да, Аусар-Алмас та таңғалды.

— Қой, бұл — өте қымбат сыйлық. Ол сенің өзіңе керек. Атаңның сатып әпергеніне бес-ақ күн болды емес пе? — Жоқ, мен осылай шештім. Дұрыс па, ата?

— Дұрыс балам, дүние адамға жолдас болмайды. Супер-Компьютердің білімі мен білігі ауылдағы балаларға да әбден қажет. Сен өте дұрыс таңдау жасадың.

— Сонда біз қайтеміз?

Аяла Супер-Компьютерді қимай жыламсырап қалды.

— Мұңайма, Аяла, мен «Миллионды кім алады?» деген ойынға әбден дайындалдым. Телебағдарламадан шақырту да келді. Құдай қаласа, тағы бір Супер- Компьютерді ұтып аламыз. Солай ма, ата?

— Солай, білімнің күшімен тапқан дүниеге не жетсін!

— Ал Супер-Компьютердің өзі не дер екен бұған?

— Атам дұрыс айтады, менің көмегім ауылға да қажет. Қайта Аусар-Алмаспен бірге ауыл мен Астананың арасында айттап жүрмеймін бе.

— Бәрекелді! Бұл — шынында, Супер-Компьютер десе Супер-Компьютер! Енді Президенттер осындай Супер-Компьютерлердің көмегімен зілзаланы алдын- ала біліп отыратын болады.

— Қалайша?

— Абату қасіретіне сендерді алдын-ала араластырып жіберген Супер-Компьютер болатын. Арнольд балақайдың бастамасын жеткізген де осы достарың.

— Ендеше Абату Президенті халқын апаттан неге дер кезінде сақтандырмады?

— Алланың өзіне де, сөзіне де сенбей жүрген халық компьютердің болжамына қайдан сенсін.

— Кейде үлкендер де балалардың сөзіне сенбейді емес пе?

— Бірақ олар шындықты айтатын тек қана балалар екенін бәрібір мойындайды. «Балалы үйдің ұрлығы жатпас» деген мақалды білесіңдер ме?

— Білгенде қандай, ендеше біздің Супер-Компьютер нағыз «Уақыт мәшинесінің» өзі болды!

— Одан да мықты.

— Алақай, енді Супер-Компьютердің арқасында әлем елдері бұдан былай зілзаладан алдын-ала сақтанып, жер жүзінде Рафаэлло сияқты жетімдер болмайды. Солай ма, ата?

Дәл солай, Аяла! Айтпақшы, Тасбақаны қайтеміз? Алмас батыр оны да ала кетсін де ауылына.

Аусар-Алмас қуанып кетті. «Инелік-Тікұшақ, Супер-Компьютер + Тасбақа-Танкі!».

— Дұрыс айтасыз ата, Тасбақаның отаны далада.
Астананың ақ жаңбыры
Бұлар ғажайып Супер-Компьютерді қорабына, ал Тасбақаны торға салып автобекетке келгенде жаңбыр жауып кетті. Қызық, күннің көзі ашық болса да сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Атасы «Ақ жаңбыр» деген осы» деп, мәшинесінен қолшатырын алып, Аяланың үстіне ұстады. Кенет Діннұрға атасының қазандай қолшатыры Парашютке ұқсап кетті.

Матаменен тыстайды,

Жаңбырлы күні ұстайды.

Қолшатыры атамның,

Парашютке ұқсайды.

— Діннұр, не деп күбірлеп тұрсың?

— Аяланың альбомына арналған тақпақ қой, Сәруәр атамның қолшатырын Парашютке ұқсаттым.

— Ал, менің ойымша Парашютті жасаушылар оны Бақбақ гүлі толған кездегі басынан ұшатын үлпектеріне қарап ойлап тапқан сияқты көрінеді.

— Сонда қалай, Алмас?

— Өздерің сияқты тақпақпен айтайын ба?

— Иә.

Маусым айы болғанда,



Бақбақ басы толғаңда.

Самал жел үрлеп, үлпегі

Сай-салаға қонғанда,

Мың-мыңдаған Парашют,

Түскендей бейне сол маңға.

Бақбағым, менің бақбағым,

Тақылдаған тақпағым.

Сәбилерге сыйлайтын,

Аппағым, менің аппағым.

Көркемсің, ғажап, қымбатсың,

Табиғат неткен жұмбақсың!

— Керемет! Шынында да солай екен-ау. Жазда ауылыңа барғанда көрсетесің, жарай ма?

— Міндетті түрде. Менің байқағаным, өмір ұқсастықтардан тұрады екен.

— Мысалы?

— Мысалы, жақсы адам жақсы адамға ұқсайды.

— Балалар ше?

— Олар да. Ешқайсысын ақ, қара және сары деп бөлуге болмайды.

— Рас айтасың, өйткені сенің «Ел қайда? Су қайда?» деп жүрген қоңызыңды Абатудың балалары да алақандарына салып, әнге бөлейді екен.

— Көрдің бе, мәселе, балалардың ойнайтын ойындары мен ойлайтын армандарының ұқсастығында.

— Ол қандай ұқсастық?

— Тыныштық, Тоқшылық, Жақсылық...

— Сосын?


— Сосын... Тәтті ертегі.
Әй, Аусар-Алмас-ай!..
Аусар-Алмас, құдайдың қүдыреті, бес күннің ішінде әбден есейіп, ақылды болып шыға келген. Бастаудан бүлк-бүлк көтерілген мөлдір судай ақындық өнері де артып келеді.

— Анаң қара, автобус дабыл беріп жатыр, жүгір Алмас, әйтпесе қалып қоясың.

— Айтпақшы, қалай ойлайсың, Президент хатымызға жауап жазар ма екен?

— Әрине, жазады. Аусар-Алмас автобусқа мінді де өзіне тиесілі орындыққа келіп жайғасты. Сосын терезеден басын шығарып:

— Сәруәр ата, Діннұр, Аялаш, қош сау болып тұрыңдар, — деді қолын бұлғап.

Діннұрға қарап еді, мұңайып тұрған сияқты ма, қалай? Әлде Супер-Компьютерді қимай ма? Мүмкін, алдағы уақытта болатын «Миллионды кім алады?» ойынындағы тап болатын сауалдарға осы бастан дайындалып тұр ма екен? Супер-Компьютер шыдамады:

— Аусар-Алмас, дереу Діннұрды көңілдендіретін біреңе ойлап тап.

— Табан астында не табам?

— Тақпақ шығар.

— Қандай?

— Бекеттегі автобустарға қарашы, неге ұқсайды?

— Ештеңеге.

— Дұрыстап ойлан.

— Таптым.

— Ендеше айт.

— Сәруәр ата (Сәруәр ата десе Діннұрдың да назары өзіне ауатынын Аусар-Алмас біледі), мына автобустың неге ұқсайтынын білесіз бе?

— Супер-Компьютер мәшинемді Қоңызға ұқсатып еді, сол тағы бірдеңені ойлап тауып, бүйіріңнен түрткілеп жатыр ма?

— Жоқ, өзім таптым.

— Неге ұқсайды сонда?

— Қырқаяққа!

— Не дейді?!.

— Тындаңыз.

Атам құмар Газетке,

Әкем құмар Тазы итке,

Қырқаяқты ұқсаттым,

Автобусқа — «ПАЗик»-ке.

— Дәл, дәл... Аусар десе Аусарсың-ау, балам.

Діннұр Аусар-Алмастың тапқырлығына риза болып, сақылдап тұрып күліп жіберді. Жаңбыр әлі сіркіреп тұр. Есіл жақтан ескен ерке жел оның тамшыларымен ойнап, әлдеқайда ала қашқысы келеді. «Астанаға жауған ақ жаңбыр Абатуға да керек, жүр кеттік» деп, ақ тамшыларды алысқа жетелейтіндей. Әне, қарашы, Сәруәр атаның қолшатырын да «жүр, жүрлеп» жұлқылап жатыр. Бәлкім, жел де Алмас сияқты ойынпаз, аусар шығар.

Аусар-Алмас отырған Қырқаяқ-автобус орнынан жылжыды.

— Кездескенше, күн жақсы болсын, Алмас аға!

Аяланың үні жыламсырап шықты. Кәдімгідей мұңайып тұр. Атасы оның кекіл шашынан сипап, маңдайынан сүйді. Діннұр болса автобустың соңынан ілесіп, біраз жерғе дейін жүгіріп барды.

— Аусар-Алмас, Супер-Компьютерді күтіп ұста. Ол дүниедегі ең, ең... жақсы компьютер!

Қырқаяққа үқсайтын ескі «ПАЗ» үлкен жолға түсіп ұзай берді. Қырқаяқ десе қырқаяқ, терезеге ернін тақап бірдеңе деген Аусар-Алмастың сөзін Діннұрға естіртпей бірте-бірте алыстап барады, алыстап барады...

Бірлікті іздеген бала немесе Ұлыстың ұлы күні болған оқиға

(діни-пәлсапалық ертегі)

Діннұр таң ағарып келе жатқанда оянды Бұл уақыттағы тіршілік,бәлкім,ересектер үшін таңсық емес шығар.Ал Діннұр үшін керемет, Бұл кереметті, зер салса басқа балалар да байқайды.

Таңның хабаршысы әдетте,құстар ғой.Бұл аулада әуелі талдан-талға қонақтаған құстар шырылдайды.Адамдар сияқты олардың үндері де әралуан.Жағымдысы да жағымсызы да бар . Діннұрға қарғаларға қарағанда әсіресе, әне бір жұмбақ торғайдың әуені қатты ұнайды.Мұхаммед пайғамбар Діннұр ғалейки уәссәлемнің хадисіне құлақ қойған шәкірттей Діннұр сол сұлу сазды тындаудан жалыққан емес.

Бірақ жұмбақ торғайдың таңалагеуім мен кешкі тымықта ғана сайратыны өкінішті. Жұрттын көзіне барып, мойнын талдырып, бұтақтан-бұтаққа үңіліп, қарап жүргені. Қас қылғандай тапқан замат әнші «ноқат» құйқылжуын кілт тоқтатады. Содан қайта сайрағанша Діннұр кішкентай құстан көз алмай қарап тұрғаны. Ол да ерке. Кейде сарылтып ұзақ күттіреді.

Құстардың әнінен соң азаншының үні естіледі. «Аллаһү әкбар, Аллаһү әкбар, Адлаһү әкбар, Аллаһү әкбар. Әшһәдү ән лә ілаһә іллалаһ, әшһәдү ән лә ілаһә іллалаһ...». Бұл құлаққа жағымды қоңыр әуенді ұйып тыңдау үшін үйің мешіттің қасында болуы керек. Алла тағала үйін базардың қасына емес, мешіттің қасына соққан адамдарды сүйеді екен. Әкесі осы үйді сатып алғанда Діннұр оның мешіттің қасында болғанына қуанған.

Бүгін таң намазынан соң Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы басталмақ. Кеше анасы:

— Ертең сергек тұр балам. Егер Наурыз мейрамын қошуақ көңілмен қарсы алсаң, Алла-тағала сені келесі Наурызға дейін дін аман, көңілді, алаңсыз өмір сүргізеді, — деген.

Діннұр көңілді жүрмейін дей ме екен? Әсіресе, дәрігерлер әкесін ауруханадан шығарып тастағалы бері жүрегі қобалжи береді. Әйтеуір күнде дұға оқып, төсек тартып жатқан әкенің жаман аурудан құлан- таза жазылуын тілейді. Анасы, «сергек түр» дегенде, сірә, ұлының осы бір алағай да бұлағай көңіл ауанын меңзесе керек тұр.

★ ★


— Қадиша, бүгін Ұлыстың ұлы күні ғой, жақсылап тұрып Наурыз көже пісірші.

Көптен бері тамаққа тәбеті шаппай, иығы қушиып, азып кеткен әкесі Әбдікәрім әлсіз тіл қатты.

—Жарайды, Діннұрдың әкесі. Бар өнерімді салып көрейін, — деді, Қадиша сырқат күйеуінің тілегін жан-тәнімен орындауға ықыласын білдіріп.

Бұл мейрамның ерекшелігі — Наурыз көже пісіру үшін қасқалдақтың қанындай қат азық-түлік іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Су шүмектен сарылдап ағып тұр. Шүкір, май мен тұз да бар. Айран мен сүтті үйдің іргесіндегі дүкеннен-ақ сатып алуға болады. Ар- зан. Үн да, ұнның ішіне сақталған бір тал сүр қазы да бар. Сонда үйде жоғы тек қана тары екен. Бірақ базарда ол да қап-қап болып толып тұр.

Базарға баруға шаңырақтағы аяқ-қолы жеңіл Діннұр ыңғайлы. Тарыны тез алып келсе, Наурыз көже де тез дайын болады. Наурыз көже тез дайын болса, аңсары ауған дәмді терлеп-тепшіп ішкен әке көңілі де тез орнына түседі. Сондықтан «Шіркін, осы Наурыз көже әкемнің асқазанындағы жараға ем болып, жазылып кетсе ғой...» деп, ойлаған Діннұр базар емес, Балқантауға жұмсаса да қиналмайды. Оған әкесі мен анасының амандығынан басқа бақыттың керегі де жоқ?!.
** *
Діннұр базарға апаратын айналма жолға түспей, төтелей тартты. Анасының тары ал деп берген теңгесі алақанын ысытып барады. Ол ақшаны түсіріп алмау үшін қолын қатты қысып алған еді.

Қазыбек би көшесінің қиылысынан өте бергенде таяғымен жолды түртінектеген зағип қартты көзі шалды. Өкінішке қарай, бұл қаланың көшелерінде зағиптерге арналған бағдаршамдар жоқ болатын. Ал ары-бері ағылған көліктердің қарасы мол. Солардың біреуі болмаса біреуі зағип шалды қағып кетуі мүмкін.

— Ассалаумағалейкүм, ата!

— Уғалейкүмәссалам, балам. Сәлем — Алла тағаланың жердегі аты. Кіші — үлкенге, жолаушы — отырғанға, азшылық — көпшілікке сәлем береді. Бір- біріңмен сәлемдесіп жүріңдер деп үйретеді хадис. Есің бар бала екенсің.

— Біздің пәтеріміз Алланың жердегі үйі — мешіттің қасында ата. Мектептен кейін медресеге де барып тұрамын, — деген Діннұр зағип қарияны қолтығынан демеп, ештеңеге соқтықтырмай жолдан аман-есен өткізіп жіберді. Шал таяғымен асфальтты шұқылап, сәл кібіртіктеп тұрды да:

— Ақылың бар екен, айналайын. Кімнің баласысың? — деді.

— Әбдікәрімнің.

— Әкеңе сәлем айт. Жазылып кетсін.

— Әумин, — деген Діннұр бұл кісі менің әкемнің ауру екенін қайдан біледі деп ойланып қалды. Шал жолдың шетіндегі соқпақпен ілбіп бара жатыр екен.

Осы кезде бірге оқитын досы Еркебұлан кездесе кетті.

— Діннұр, айып етпе, бір бұйымтай болып тұр, — деді ол. — Тал егеміз, көшет сатып әкел деп береген әкейдің ақшасын жаратып қойып ем, Құдай үшін көмектесіп жіберші?

Анасы тары сатып ал деген ақшаның жартысын Діннұр тығырықа тірелген досына ұсынды.

— Рахмет, ертең қайтарамын.

— Оқасы жоқ.

Діннұр қалған ақшаға да біраз тары сатып алуға болатынын біледі. Біраз жүрген соң ол құмырсқаның илеуіндей қайнаған базарға да жетті.

Бүгін базар тым ерте қызыпты. У-шу. Құжынаған жұрт Наурыз дастарқанына деп азық-түлік сатып алып, бір-бірімен қауқылдаса сөйлесіп, мәре-сәре болып жатыр.

— Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! — дейді кеуде қағыстыра көрісіп.
* * *

Базардағы бидай, жүгері, тары сататын бөлік те ығы-жығы халық, кимелеген жұрт. Базардың аты базар. Біреуге бағасы ұнаса, заты ұнамайды, енді біреуге заты ұнаса, бағасы ұнамайды.

Кенет Діннұрдың көзі базар баукеспесінің сұғанақ қолына түсті. Ұрының қолы сатушымен тәжікелесіп тұрған апайдың сөмкесіне сүңгіп бара жатыр. Алпамсадай ұрыға Діннұрдың әлі келмесі анық. Не істеу керек? Тез шешім қабылдамаса, берер минуттан кейін ұры қарасын батырады. Діннұр жандәрмен дегенде сатушымен келісе алмай, керілдесіп жатқан апайға тұра ұмтылды.

— Апай, сөмкеңізге абай болыңыз...

Діннұрға жақтырмай, алара қарған ұры лезде көзден ғайып болды. Ал сатушыға үстем үнмен жеки сөйлеп тұрған апайы, базарда ұры-қары жүретіні енді ғана есіне түскендей, жалма-жан сөмкесіне жармасты. Майлы жүзін моншақ-моншақ тер жуып кет- кен апай сөмкесін ашып, бір бума ақшасының аман екеніне көзі жеткен соң, Діннұрға ал кеп алғыс жаудырсын. «Алмаймын» дегеніне қарамастан қолына екі мың теңгені ұстата салды.

★ ★


Діннұрдың «Шіркін, әкем ауруынан құлан таза жазылып кетсе» деген ең басты арманынан басқа тағы. екі арманы бар болатын. Оның біреуі — компьютер, екіншісі — велосипед. Бірақ ауру әке мен мектептің еденін жуатын анасының тапқан-таянғанын компьютер мен велосипедке жұмсау ұят. Сондықтан ол бұл арманын ешкімге айтпай, ішіне бүгіп, құпия сақтайтын.

Ұрыға жем бола жаздаған аңғал апайдың екі мың теңгесі сол арманды есіне түсірген. Базарда не көп, велосипед көп. Ішінде арзандары да бар. Мысалы, екі мың теңгеге мінілген жап-жақсы велосипед сатып алуға әбден болады. Бірақ ондай велосипедтердің көбісі ұрлық дүние екені есіне түскенде, Діннұр ойынан лезде бас тартты. Әлде компьютер клубындағы түрлі ойындардың «тұтқынына» айналып, құмардан шықса ма екен? Жоқ, ол да дұрыс емес, бүл ақшаны одан да әке-шешесіне апарып бергені абзал. Дәрі- дәрмек алуға жаратар. Діннұр осы оймен бір килограмм тарыны сөмкесіне салып, үйіне беттеді. Ауру баққан ана «бар да қайт» деген. Наурыз көжеге тәбеті шапқан әке де алаңдап отырған шығар.

Қазыбек би көшесінің бұрылысына жете бергенде сөмкесі кенет өзінен өзі ауырлағандай болды. Бір килограмм тары дейтіндей емес, зіл батпан салмақ иығын талдырып барады. Ертеңгілік салқын болған соң жейдесінің сыртынан күрте киіп шығып еді. Маңдайынан шып-шып тер шықты. Тарыны мұнша ауыр болады деп кім ойлаған? Әлде, бір қулар сөмкесіне байқатпай тас салып жіберді ме? Алласы бір, айласы бөлек базар адамдарының арасында ондайлар да болады.

Діннұр манағы зағип шалды қолтығынан демеп, жолдан өткізіп жіберетін тұсқа келіп, сөмкесіне үңілген. Мәссаған, безгелдек! Тарының орнында сап-сары құм қиыршықтары жатыр. Бұл не? Қалжыңдап жүрген кім? Тарыны... жоқ, сары құм қиыршықтарын қолымен іліп алып, суырып көрген, сусылдап төгіліп тұр. Алтын... Мынау шынымен алтын ба? Бісмілләһір Рахманір Рахім... Бірақ қалайша? Тары сатушы қателесіп... Жоқ, оның да, мұның да қателесуі мүмкін емес. Жайманың үстіндегі тарының қиқымдарын үрлеп жібергенде мұның көзіне қыпығы түсіп кете жаздаған жоқ па? Ендеше мына сап-сары құм... жо- жоқ, алтын қайдан пайда болды? Әлде, түсім бе?..

★★ ★

Діннұр тосын оқиғаның өңі екеніне үйіне келгенде көзі анық жетті. Ас бөлмеден Наурыз көженің дәмді исі бұрқырап, мұрынды жара бастапты. Басына алғашқы келген ой: «Оу, тарыны кім әкеп берген?» болды. Төрде мешіттің бас имамы Әбсаттар қажы отыр. Бірақ ол тары әкеліп берген кісіге ұқсамайды. Әдетінше құрдасы Әбдікәрімнің көңілін сұрай келіпті. Келген сайын «Науқас адамның көңілін сұрауға бара жатқан адам өзін жұмаққа бара жатқандай сезінеді» деп қояды..



— Бүгін — Ұлыстың ұлы күні ғой. Соңыра қол тимейді, сондықтан ерте жарықта кіріп шығайын дедім, - дейді.

Ас үй мен қонақ бөлменің ортасында біресе ас қамдап, біресе дастарқанды мәзірге толтырып жүрген анасы:

— Әлгінде Еркебұлан келді де, Діннұр беріп жіберді деп бір килә тары беріп кетті. Сені қазір келеді деді. Қайда бардың? - деді.

Діннұрдың іші бір қызықтың басталғанын сезді. Әуелі әкесін танитындай сәлем айт деген загип шал... Одан кейін Еркебұлан... Енді апай келіп, есікті тоқылдатып тұрмасын деңіз? Ойлағанындай есіктің қоңырауы шыр ете қалды.

Расында есіктің көзінен әуелі базарда ақшасын ұрлатып ала жаздаған апай көрінді. Сосын ай-шай жоқ, подьезді жаңғырықтыра сөйлесіп, бір-екі қорапты көтеріп келе жатқан жұмысшыларға:

— Бері қарай көтеріліңдер де, қорапты мына пәтерге кіргізіңдер, — деді.

Қораптағы компьютер болып шықты. Бесінші қабатқа көтерілемін деп, алқынып қалған апай әке- шешесіне мән-жайды түсіндіріп жатыр.

— Бұл бала болмағанда қалтамдағы бар ақшамнан айырылып қалатын едім, көп жаса қарағым. Мынау — менің сыйлығым. Соңғы үлгідегі компьютер, барлық керек-жарағы түгел. Өзі сыйқырлы, берген тапсырмаңның бәрін бұлжытпай орындайды.


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет