Курстық жұмыс Тақырыбы


Оқытудың түрлері мен сапалары



бет4/11
Дата16.01.2022
өлшемі70,65 Kb.
#112494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ккт курсовой
тест Абай, Султанова Табарак Паллиативті көмек (копия), Султанова Табарак Паллиативті көмек
1.1.Оқытудың түрлері мен сапалары

Оқудың екі түрі бар: дауыстап оқу, іштен оқу. Оқудың бұл екі түрі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.


Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу жүзеге асырылады, өйткені балаларға іштен оқытсақ, оның деңгейін тексере алмаймыз. Дауыстап оқыту арқылы оқуға енді тәсіліп отырған оқушылардың Оқу сапасын дұрыс, яғни түсініп, мәнерлеп оқуын, оқуға шапшандығын байқауға болады.
Әліппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезеңіндеіштен оқуға дағдыландыра бастаймыз. Іштен оқуға үйретудің маңызы зор. Тек дауыстап оқуға үйренген бала мектептің негізгі білім жүйесіне көшкен кезде көп қиыншылыққа кездеседі. Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жекс өзі ғана болуы керек. Дауыстап оқып отырса, қалған оқушыларға зияны тиелі. Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі. Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды. Дауыстап оқығаннан гөрі іштей оқу жылдамдығы артады.Мысалы: 2-сыныпта дауыстап оқығанда, оқу шапшаңдығы минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда, оқу шапшаңдығы 45-60 сөз болады. 3 сыныпта дауыстап оқығанда, минутына 60-75 сөз болса, іштей оқығанда 80-100 болады.2,3,4 сыныптарда оқудың екі түрі де қабаттаса жүргізіледі. 3,4 сыныпта дауыстап оқудан гөрі іштей оқуға баса назар аударған жөн. Оқушыларға жаңа материалды өздігінен іштей оқып түсіну қиын. Сондықтан тексті іштен Оқуға тапсырмас бұрын саналы, түсініп оқуға дайындық жү-мыстары жүргізіледі. Жаңа тексті алдымен дауыстап оқытып, содан соң ғана іштен оқуға нұсқау беруге болады.
Оқушының іштен оқуға қаншалықты тәсілгенін байқау үшін, түсінуге жеңіл материалдарды іштен оқуға беріп, оқып шыққан соң, әр түрлі әдіс-тәсілмен түсінігін байқау жұмыстарын жүргізген дұрыс. Мұғалім оқудың бұл екі түрін де іске асыру кезінде оқу сапаларына назар аударуы керек. Оқу сапаларына жататындар: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу,шапшаң оқу.
Мәтінді дурыс оқу жеке сөйлемді дұрыс оқудан тұрады. Дұрыс оқу үшін оқушылар төмендегідей талаптарды орындауы керек:

1.Сөзді оқығанда әріптеп оқымай, буындап, буындарды жалғастырып оқу, ша-на-лар, то-ку.

2. Оқып тұрған сөздің алдынан не артынан, не ортасына артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу.

3. Бір дыбысты не буынды ұзақ созып, не екі рет айтпау аа-на, баала, а-на-на, ба-ба-ла, т.б.

4. Бір сөз орнына екінші бір сөзді, мағынасына сәйкес келетін/ сөзді айтпау. сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау.

5. Ұсақ дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.


Сауат ашу кезінде оқушылар бұл талаптарды орындамай, оқу кезінде көптеген қателер жібереді. Сондықтан мұғалім оқудың қалған сапаларын жүзеге асырып, оку дағдысын жетілдіру үшін, оқу сапасының негізі болып табылатын дұрыс оқу түріне баса назар аудару керек. Егер бала оқуға үйрету кезінде қате оқыса, мұғалім дереу дұрыс оқуға үйрету керек. Бұл жұмыстарды төмендегіше топтап көрсетуге болады.

1. Әр оқушының оку дағдысын мұғалімнің жеке есепке алып, сол бойынша жұмыс жүргізуі.

2. Қате оқыған сөзін оқыту, сөзді дұрыс оқымағанына көз жеткізу.

Мысалы, тон деген сөзді оңн деп оқыса, сан мен сандық ұғымды қарапайым тілмен түсіндіріп, кеспе әріп, буынмен жұмыс жасату / ба-бал-ала, доп-топ, ас-аш.

3. Сөздің, сөйлемнін мағынасын түсіндіру арқылы дұрыс оқуға үйрету.

4. Ұқсас дыбыстарды артикуляциялық жаттығулар арқылы дұрыс дыбыстауға үйрету. Мысалы, ш дыбысы тіл алдынан жасалса, с дыбысы тістін бір-біріне тиюінен жасалады.

5. Жаңылтпаштар айтқызып, тілін сындыру.

6. Орфоэпиялық талаптарға сай оқыту.

7. Оқушының өзіндік ерекшеліктерімен санасу, көзі нашар, құлағы нашар еститін, қабылдауы төмен/ олармен жеке жұмыс түрін ойластыру.

8. Мәтіндегі сөздің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуға үйрету. Дұрыс оқымаса, мұғалім дұрыс оқып беріп, оқушығу қайталаттырады, немесе жақсы оқитын оқушыға оқыттырады.


Оқудың сапалық қасиетінің екінші бір түрі түсініп оқу. Түсініп оқу дегеніміз - оқушыға оқыған сөз не сөйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дұрыс түсініп, оны екінші бөлімдегі айтылған оймен байланыстыруы. Соңдай-ақ, тұтас мәтіндегі негізгі ойды айырып оған өзінің көзқарасын білдіру.
Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Егер бала оқыған материалын дұрыс оқымаса, онда айтылғалы тұрған ойды аңғармай, сөйлемдер арасындағы логикалық, психологиялық байланысты дұрыс қабылдай алмайды.
Егер оқушы оқыған материалдарының мазмұнын саналы түрде меңгермесе,оқушыда белгілі бір икемділік, өмір, зат, құбылыс табиғат адам.-олардың іс-әрекеті туралы өзіндік көзқарасы болмайды. Мұндай жағдайда оқу сабағы өзінің алдында тұрған негізгі мақсат-міндетін де шешпейді, соңдықтан, бастауыш сынып мұғалімі дұрыс оқыта отырып, оқығанын түсіну, саналы меңгерту жұмыстарында ерекше мән беруі керек.
Өз бетінше мәтінді оқы, оның мазмұнын өз сөзімен айтып беру - бастауыш сынып балалары үшін қиынға соғады. Бұған қарағанда, олар ауызша айтылған әңгімені тез қабылдап, өз сөздерімен жеткізе алатынын байқатады. Өйткені ауызша айтылған сөзді қабылдауда бала үннің, дауыс ырғағының қалай естілетініне көңіл бөледі. Айтылудагы дауыс интонациясы мәтін мазмұнын дұрыс түсінуге көмектеседі.Мәтінді өз бетінше оқығанда оқудың түрі мен техникасы сапасын жақсы меңгерген, сөздік қоры мол бала тез түсініп, түсінігін айтуы мүмкін. Ал керісінше жағдайда мұндай іс-әрекет жүзеге аспайды.
Оқушы оқығанын саналы түрде түсініп , толық қабылдауы үшін мұғалімге көптеген жұмыс түрлері ойластырып, әдіс-тәсілдерді іріктеуіне тура келеді. Мұндай жұмыс түрлерін шамамен төмендегідей бағытта топтап көрсетуге болады:
Оқытылатын мәтінге байланысты мұғалімнің өз дайындығы.
1. Оқушыға оқытылатын мәтіннің қашан оқытылтынын, оның мазмұнын, ондағы айтылатын негізгі идеялық ойды мұғалімнің күні бұрын толық білуі.
2. Оқу материалының көлемін, ауыр-жеңілдігін, өткен материалмен байланысын ескеріп, саналы түрде түсініп оқуға итермелейтін әдіс-тәсілдерді іріктеуі.
3. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен образды ой оралымдарын бала

лексиконына ендіру, мағынасын түсіндіру жұмыстарын ойластыруы.


4. Ұзақ мәтіндерді бөлімдерге бөліп, ат қоюы. Шығарманық идеялық мазмұнына сәйкес қорытынды ой дайындауы.
Мәтіңді түсініп қабылдауы үшін оқушылармен жүргізілетін жұмыстар:

1.Оқытылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсияға шығару, әр

тәжірбие жасату.
2.Өтілетін тақырып мазмұнын толықтыратындай қосымша сыныптан тыс оқу материалдарын беру,оқыту.
3.Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптың суреттер іздету.
4. Ән, табиғаттану, бейнелеу өнері сабақтарында өтілетін мәтіндерге сәйкес жұмыстар жасату.Материал осы пәндермен байланысты болатын жағдайда. Мысалы, Наурыз мерекесі немесе, 8-наурыз мерекесі қарсаңында осы тақырыпта алдын ала әндер үйрету, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер жинату.

Жаңа материалдарды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде жүргізілетін жұмыстар:

1.Кіріспе әңгіме.

2.Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы не оқып беруі.

3.Сөздік жұмысы.

4.Бөлім-бөлім бойынша оқушыларға дауыстатып оқыту.

5.Сұрақ-жауап арқылы не түсінгендерін, қалай түсінгендерін байқау.

6.Іштен оқу.

7.Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы: рөлге бөліп оқу, теріп оқу, бөлімге бөліп оқу.

8.Түсінгендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сәйкес мақал-мәтел айту.

9.Осы әңгімеге , идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгімеге өлең, т.б. айту



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет