Курстық жұмыс Тақырыбы


Курстық жұмыстың өзектілігі



бет3/11
Дата16.01.2022
өлшемі70,65 Kb.
#112494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ккт курсовой
тест Абай, Султанова Табарак Паллиативті көмек (копия), Султанова Табарак Паллиативті көмек
Курстық жұмыстың өзектілігі:

Бастауыш сынып оқушылардың сөйлеу,әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып,мәнерлеп сөйлеуге баулу.



Курстық жұмыстың нәтижесі:

Бастауыш сынып оқушыларына берілген материалдар жүйесін орындау деңгейін бақылау.



Курстық жұмыстың нысаны:Бастауыш сыныптағы оқу үрдісі.

Курстық жұмыстың пәні:Бастауыш сыныптағы оқушылардың оқу түрлерін меңгерту.

Курстық жұмыстың әдістері:Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау.Озат педагогикалық тәжірбиелерді талдау.

Курстық жұмыстың болжамы:Егер бастауыш сыныпта мәтінді қабылдауға байланыс жүргізілссе,онда оқушылардың білім деңгейі артар еді.

Кіріспе

Бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы- оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге әсіресе әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі. Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі.

Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:

1.Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау.

2.Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

3.Шығарманы оқу.

4.Жоспар жасау.

5.Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау

Көркем шығарма жазушының сөз арқылы жасаған көркем бейнесі, картинасы арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушының көз алдына елес пайда болады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Мысалы: Абайдың «Қыс» өлеңін өтер кезде сурет бойынша әңгіме айтқызуға болады.

Осылайша әңгіме жүргізілгеннен кейін, «Қыс» өлеңінің мазмұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және молырақ әсер алуларына жағдай жасалады. Сонымен, шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түрде түсіне білуге дайындау; екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру; үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының көздейтін түпкі мақсаты- балаларға шығарманы толық та саналы меңгеруіне мүмкіндік туғызу.

Мәтінді оқу- дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрі. Мұнда түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Көпшілік мұғалімдер, егер шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны өзі дауыстап оқып шығады немесе балаларға оқытады.Шығарма бірінші рет оқылғанда, оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Сондықтан шығарма әуелі тұтас оқылғаны тиімді. Өйткені бөлініп оқылса, балалар оның мазмұнын толық ұғына алмайды. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ оқушылардың көкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін ол нақышына келтіре мәнерлеп оқылуға тиіс. Шығарма алғаш оқылғанда нашар оқитын оқушыларға оқытылмауы керек. Мұғалім шығарманы әуелі өзі оқып көрсеткені дұрыс. Кейде оқу техникасын меңгерген мәнерлеп, жақсы оқитын оқушыларға да оқытуға болады.Бірақ, әсіресе, ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, баланың демі жетіңкіремейтін өлеңдер, көркем фразалар мен сөз өрнектері кездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн. Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққан кезде балалар оның мәнін терең ұғына қоймайды, шығарма туралы оларда жалпы ұғым ғана қалыптасады. Енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте оның жеке бөлімдерін талдауға көшу керек. Бірақ қайталап оқуға кіріспес бұрын оқушылардың мәтінді алғашқы қабылдау дәрежесін тексеру қажет. Мұғалім мәтіннің мазмұнын балалардың дұрыс түсінген- түсінбегенін, әңгіменің қай жері ерекше әсер еткенін біліп, ойларына бағыт беру үшін екі-үш сұрақ қояды. Сұрақ көбінесе негізгі фактіні анықтау үшін қойылады.Қорытындылай келе мәтін – баланы жан-жақты болуға, ой өрісінің дамуына, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып білуге, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге, әсіресе, әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет