Курстық жұмыс Тақырыбы


Бастауыш сыныпта өлеңді оқыту



бет9/11
Дата16.01.2022
өлшемі70,65 Kb.
#112494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ккт курсовой
тест Абай, Султанова Табарак Паллиативті көмек (копия), Султанова Табарак Паллиативті көмек
2.3 Бастауыш сыныпта өлеңді оқыту

Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.

Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері бастауыш сыныптарда олардың өзіндік әдістемесін қажет етеді.

Ертегілерді оқыту. Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.

Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, қішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады


Бастауыш сынып оқулықтарында берілген өлеңдер алуан түрлі: кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, (мысалы, Ө.Тұрманжановтың "Қарлығаш") қайсібірі табиғат құбылыстары жайлы (Күз, Жазғы дала, Жазғытұрым т.б.с.с), ал енді бір тобы автордың көңіл-күйін, асқақ ойын білдіреді. Мысалы, "Үш бақытым" өлеңінде М.Мақатаев:

"Ең бірінші бақытым — Халқым менің,

Саған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым — Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші — Отан деген,

Кім мықты? -десе біреу, — Отан! дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен!" — деп, Отанын, туған халқын, тілін ардақтай, оған деген өзінің жүрек сезімін, адал ниетін білдірсе, одан әрі олардың ерекшеліктерін метафора мен эпитет арқылы (Саған берем ойымның алтын кенін", "Тас жүректі тіліммен тілімдедім", "Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?") бейнелеп көрсетеді. Осы типтес талай өлеңдер бастауыш сынып оқулықтарында молынан берілді.

Мұндай өлендердің оқылуында олардың табиғатына сай, ерекшеліктер кездеседі. Өлсңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:

1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай, оқушылармен әңгіме еткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішінде кездесетін, оқушылардың ұғымына ауырлық келтіреді-ау деген, бірен-саран бейнелі сөздермен сөз тіркестерінін, мағынасы түсіндіріледі.

2. Өленді ырғағына келтіріп, мәнерлі түрде, егер өлеңнің көлемі ұзақ болмаса, алдымен мүғалімнің озі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарынан іштей бірге оқып отырады.

3. Сонан кейін өленді оқушылар дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқиды.

4. Өлең мазмүны талданады. Кейбір көлемдірек өлең бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлендер тұтас талданады.

5. Өлеңнің мазмұны бойынша жалпы сұрақ қойылады.

6. Өленді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оку, дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту т.б. жұмыстар) және кейбір үзінділер немесе бөлім немесе түтас оқытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет