Курстық жұмыс Тақырыбы


Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар



бет5/11
Дата16.01.2022
өлшемі70,65 Kb.
#112494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ккт курсовой
тест Абай, Султанова Табарак Паллиативті көмек (копия), Султанова Табарак Паллиативті көмек
1.2. Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар

Қазіргі заманғы технолологияларын меңгерту өте күрделі де ұзақ үрдіс.


Оқу ағарту қайта құру жаңаша ойлау қабілетіміз бен ізденістерімізге байланысты. Ахмет Байтұрсынов: "Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім" деген.
"Ана тілі" оқулықтарындағы түрлі тақырыптың мәтіндерді қабылдату үшін көптеген жұмыстар істеледі. Ол - жаңа әдістерді іздестіру, оларды дәлелдеу міндеті.
Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар
Алдын ала жүргізілетін әңгімеде мұғалім оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпаған жөн. Әңгіменің ішіндегі түсінбеген сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға қиынға соғады.
Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1. Кіріспе.

2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы және оқып беруі.

3. Сөздік жұмысы.

4. Сұрақтар арқылы не түсінгенін, қалай түсінгенін байқау.

5. Бөлімдер бойынша оқушыларға дауыстап оқыту.

6. Іштей оқу

7. Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы, рөлге бөліп

оқу, теріп оқу , бөлімге бөліп оқу.

8.Түсінгендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сай сурет салу, мақал-мәтел айту.

9. Осы әңгімеге құсас идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгіме не өлең, т.б

айту.
Осындай жұмыс түрлері бойына өз жүйесін тауып жүргенде ғана бала оқу материалын толық түсініп өз бойына рухани азық алады.

Мәтін – бала үшін жабық ой. Сондықтан, мәтінмен жұмыс жасауға мұғалім алдын-ала дайындалғаны абзал. Мен тәжірибе кезінде мәтінді қабылдауға байланысты төмендегідей жұмыстарды атқардым:


  1. Мәтін оқымас бұрын, балаларға дайындық жұмысын жүргіздім;

  2. Мәтінді бір рет толық оқып, екінші рет жақсы оқитын оқушыға оқыттым;

  3. Сөздік жұмысын жүргіздім;

  4. Балаларға мәтін бойынша түсінігін айтқыздым;

  5. Мазмұнға сай жоспар жасаттым;

  6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық тапсырмалар бердім;

  7. Қорытынды

Мәтін оқылмас бұрын, оқушыларға дайындық жұмысын жүргізу арқылы балаларды оқылатын әңгіменің мазмұнына қызығушылықтарын оятуымыз керек. Ол үшін:

  1. Кей шығармаларды өту барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқыздым. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Балаға өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік жасағанымыз жөн. Әйтесе, оның алдымен сабаққа деген қызығушылығы болмай, екінші жағынан келесіде өз ойын ашып айталмай қалуы да мүмкін. Сондықтан, әр оқушының пікірін тыңдап, оны одан сайын жігерлену мақсатында «Жәрәйсың, сен келесі де бұдан да көп ақпараттар жинап кел!» деген абзалырақ.

  2. Біреу білмегенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан, кейбір жағдайда оқылатын материалға қажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреу-лері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырып отырады.

  3. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, балаларға өзі кіріспе әңгіме айтып беремін. Мұнда балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, шығарманы оқуға құмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда ғана дайындық әңгіменің талапқа толық сай өткені деуге болады.

  4. Шығарманың мазмұнына сай суреттерді, видеороликтерді оқуға дайын-дық кезінде пайдалану арқылы балаларды мәтінге қызықтырып ғана қоймай, оны оқып білуге асығатын.

Осыдан кейін, мәтінді оқуға кірістім. Мәтінді мұғалім оқушылардың көкейіне қонатындай, интонациямен, кідірістерге аса мән беріп, мәнерлеп оқығаны дұрыс. Және мәтінді алғаш оқығанда бөліктерге бөлмей, толық оқу керек. Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққан кезде балалар оның мәнін терең ұғына қоймайды, шығарма туралы оларда жалпы ұғым ғана қалыптасады. Ол үшін мәтінді екінші рет жақсы оқитын оқушыға оқытамын. Мәтіннің мазмұнын балалардың дұрыс түсінген-түсінбегенін, әңгіменің қай жері ерекше әсер еткенін біліп, ойларына бағыт беру үшін сұрақтар қойдым.

Шығармаға жоспар жасау

Жоспар оқушы ойының, шығарманың мазмұнын көрсететін оқиғалардың жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады:

1.Әңгімені бөлімдерге бөлу;

2.Бөлімдерге ат қою, оны рет-ретімен жазу;

Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды. Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсіндіруге мүмкіндік береді. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір рет оқып шыққаннан кейін яғни қайталап оқу кезінде іске асады. Жоспар кейде қорытынды әңгіме кезінде де жасалады.

3-сыныпта мәтінді бөлімдерге бөлу жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі:

1)мұғалім оқушылар мәтінді оқып келе жатқанда тоқтатып, олардан не жөнінде оқылғанын, нені білдіргенін , мұндағы басты ойдың не екенін сұрайды; 2)ол бөлімнің неліктен аяқталғанын дәлелдетеді;3)оқушылар кімге қай бөлімі ұнағанын айтады, сонан соң барлығының айтқан бөлімдері ретке келтіріледі.5)бөлімдерге ат қойылады.

Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері

Бұл жұмыстар, біріншіден, оқушылардың оқылған материалды тереңірек меңгеруіне мүмкіндік туғызса, екіншіден, оларды өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады. Төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады.

Сонымен, мәтінге байланысты жүргізілетін жұмыстардың барлығы оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретіп, ақыл-ойы мен дүниетанымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет