Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет13/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
II БӨЛІМ
ЗАМАН
ШЫНДЫҒЫ
Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен шындықты жоғары қою - менің парызым.
Аристо тель
Шындық - ащы һәм ажарсыз.
Шерхан Мұртаза
Танымал жазушы Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы тартып әкететіні рас. Бірақ өте ауыр оқылады. Мен тура бір аптада әрең бітірдім. Бүге-шігесін қадағалап, айшық, бедеріне ден қойғаннан ғана емес. Баққожа сыпаттап отырған өмірдің зіл- батпан ауыр салмағынан. Сол өмірдің нақпа-нақ, шынайы қалыпта таңбалануынан. Қандай өмір десеңіз - советтік шындық дер едім.
Мұхтар Мағауин
Баққожа Мұқай
Баққожа Сейдінұлы Мұқай 1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында туған. Шығармалары бала кезінен аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрген. Ол қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҮУ-дың журналистика факультетін бітірген.

Баққожа Мұқай (1948-2008)
Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетінде еңбек жолын бастаған қаламгер 1970-1988 жж. «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.
1990-1995 жж. Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында бас редактор, бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасаған. «Парасат» журналының бас редакторы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Үлттық комиссиясының мүшесі болып сайланған.
Зерделіой
1960 жылдардағы әдебиет өкілдері жалпы қазақ прозасына, қазақ поэзиясына, қазақ әдебиетіне төңкеріс жасаған ұрпақ екенін жақсы білесіздер. Сол дәстүрді ары қарай жалғап әкеткен жаңа буынның алғашқы талантты өкілдерінің бірі осы Баққожа Мұқай болды. Бізде тарихи романдар көп, бірақ сол тарихи дүниенің өзін басқаша көзқараспен және өзгеше стильмен жазудың алғашқы үлгілерін көрсеткен де осы Баққожа еді.
Кенжехан Матыжанов
Б.Мұқай «Өмір арнасы» (1978 ж.), «Аққу сазы» (1980 ж.), «Мазасыз маусым» (1986 ж.) повестерін, «Жалғыз жаяу» (1983 ж.), «Өмірзая» (1998 ж.) романдары мен т.б. шығармалар жазды. Қаламгердің «Иірім», «Қош бол, менің ертегім», «Сергел- дең болған серілер», «Өзгенің өмірі үшін», «Дүние кезек», «Заманақыр», «Раушан гүлі», «Ерулік», «Өмірзая», «Тойы көп үй» атты драмалық шығармалары еліміздегі және шетелдердегі елуден астам театр сахналарында қойылған.
Шығармалары орыс, тәжік, қырғыз, беларусь, түрікмен, башқұрт, татар, якут, қарақалпақ тілдеріне аударылған. Өзі де бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Б. Мұқай қалам тартқан тағы бір жанр - публицистика.
1982 жылы «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанып, 1995 жылы Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығын, 2000 жылы «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды. 2006 жылы «Парасат» орденімен марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет