Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет14/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
Зерделіой
Баққожа өте инабатты, өте сыпайы, сонан соң сөздің тоқетерін айтатын талантты жігіт еді. «Түбіне тіршіліктің тағдыр ие, Тәңірдің құзырында бар дүние. Шындығын қаратасты балқытады, Келгенде қыл қобыздың зар күйіне». Көкірегімізде асыл ойлы азаматтың бейнесі қалды. Шамын жарқыратып отырған сүйікті жары мен балаларына амандық тілейміз. Баққожа қазақтың тарихында алтын әріп пен жазылатын ерекше тұлға болып қалады.
Сәбит Оразбаев
Пікірлесейік

  1. Жазушының тарихи тақырыпқа жазған шығармаларын ата.

  2. Б.Мұқайдың авторлық тұжырымдамасы қандай?

  3. Баққожа Мұқай қазақ әдебиетіне қандай үлес қосты?

Себебін анықта

  1. Қаламгер туындыларының көптеген тілдерге аударылу себебі неде?

  2. Не себепті жазушының шығармаларындағы авторлық идея өмір шындығымен байланысты деп айтамыз? Қаламгердің драмалық шығармаларының еліміздегі және шетелдік театрларда көптеп қойылу себебі неде?

Тобыңда талдап көр
Б.Мұқайдың ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен қалай байланыстырғанын талдаңдар.
Дәптеріңе жаз
Баққожа Мұқай өмірінің хронологиялық кестесін жаса.

Жылдар

Маңызды оқиғалар



Түйінде
Жазушы-драматург туралы білгеніңді қорытып, түйінде.
Қалай ойлайсың?
Автор шығармаларында көтерілген мәселелерді бүгінгі күнмен байланыстыра аламыз ба? Ойыңды дәлелде.
Үйінде орында
«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Баққожа Мұқайдың жазушылық портретін жаз.

  1. Пікір. Жазушы туралы мәліметті жинақтап, ол туралы пікірді бір сөйлеммен жеткіз.

  2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып, өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

  3. Мысал. Пікіріңді қазақ әдебиеті тарихымен байланыстырып, мысал келтір.

  4. Қорытынды. Жазушы туралы ойыңды қорытып айт.

Зерделіой
Қалың-қалың романдардың дүниеге келуі, «Өмірзая» атты атақты романның Мемлекеттік сыйлыққа ие болуы, «Иірім» деген прозалық дүниесінің оқырманның көңіліне барып қонуы және өзі туып-өскен өңірі туралы жазған атақты «Жалғыз жаяу» деген дүниесінің бәрі көлемді. Мұның барлығы Баққожаның қазақ прозасына селтеу-сіз қызмет еткені деп білемін.
Нұрлан Оразалин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет