Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет2/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
І БӨЛІМ
КЕҢІСТІК ПЕН
УАҚЫТ
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады.
Нұрсұлтан Назарбаев
Оралхан Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі ретінде әлемдік танымалдылыққа ие болды. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді.
Әбіш Кекілбаев
Оралхан Бөкей




Оралхан Бөкей (1943-1993)
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында сұрапыл соғыстың отты жылдарында дүниеге келді. Оралдағы еңбек майданында жүрген әкесі аман келсін деген ырыммен, нәрестенің аты Оралхан деп қойылады. Ниеттері қабыл болып, әкесі аман-есен елге оралады.
Әкесі Бөкей ойын-тойда «Қалқаман - Мамыр», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» қиссаларын жатқаайтса, шешесі Күлия да сөзге шешен, құрбыларын өлең айтуға, айтысқа шақырып отыратын өнерлі жан екен. Оралхан да жастайынан өнерге қабілетті болып өседі. Малшаруашылығымен айналысқан ата-анасы алыста болғандықтан, әпкелері мен Оралхан көбінесе әжесінің тәрбиесінде болған. Жазушы кейінірек әжесінен алған тәлім-тәрбиесін «Апамның астауы» әңгімесіне арқау етеді.
Жазушы қай жерде білім алды? Еңбек жолы қашан басталды?
1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген Оралхан ауылда аға пионер вожатый, «Алтай» кеңшарында тракторшы болып істеген. 1963 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1969 жылы тамамдап шыққан. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер болған. 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте.мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің, ал 1974-1983 жылдары «Жұлдыз» журналында проза бөлімінің меңгерушісі болып істейді. Өмірінің соңғы күніне дейін «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор қызметін атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет