Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті


Кейіпкер Тура мінездеме



бет18/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
Кейіпкер

Тура мінездеме

Жанама мінездеме


Түйінде
Шығарманың негізгі идеясымен байланыстыра отырып, автор бейнесін айқында. Қандай жаңа мәлімет білдің? Ойыңды романнан үзінділер, дәйексөздер келтіру арқылы нақты дәлелдермен түйінде.
Қалай ойлайсың?

  1. Автор не себепті профессордың ұлының атын Сыздық деп алған?

  2. Оның тағдыры неге маскүнемдікпен байланысты болды деп ойлайсың?

  3. Жазушы символикалық түрде нені ишаралап отыр? Қалай ойлайсың?

Үйде орында



  1. «Өмірзая» спектаклін көріп, кейіпкерлердің сомдалуына баға бер.

  2. Романды Ш.Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары!» повесімен салыстырып, екі шығарма туралы рецензия жаз.



Лира Қоныс



Лира Қоныс
(1981 ж.)
Жас қаламгер, прозаик, журналист Лира Қоныс Бөкейханқызы 1981 жылы Ордабасы өңірінде дүниеге келген. Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінің Шығыстану факультетін бітірген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы. Тәуелсіз «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" стипендиясының иегері. Республикалық «Дала мен Қала» газетінде қызмет атқарған.
«Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш», «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты прозалық жинақтардың авторы. Л.Қоныс шығармашылығы әдеби ортада көп пікір тудырып келеді, туындыларының философиялық астары бар Жазу стилі ерекше Лираның әңгімелерін жапон жазушыларының будда ағымымен жазу сарынын еске түсіреді деуге болады.. Кербез, махаббатқа адал, қиялдары жүйрік, сезімдері сұлу келген кейіпкерлері кез-келгеннің көңілінен шыға бермейді.
Оқиғаның өрбуі де, шарықтау шегі де өз деңгейінде жазылған қысқа әрі тартымды новеллалар жазған. Новеллалары бірде түсініксіз аяқталса, бірде қызық аяқталады. Бірде күлкілі аяқталса, бірде оқырманын ойға батырып аяқталады. Қыз сезімінен сыр шертетін: «Менің Аяным», «Мумуния кафесінде», «Қоштасу», «Сәтсіздіктегі сезімдер» новеллаларын оқыған жанның жүрегіне жол табатын соны туындылар деуге болады.
Мистикалық таным желісімен жазылып шыққан «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты роман кітаптың авторы.Бұл шығарма жайлы оқырмандар әр түрлі пікір білдіруде. Жалпы тілі жеңіл, оралымы оңай, оқиғасы ойға жетелейтін кітап «Келіншектал», «Алма ағашының құдайы», «Әже», «Құлпынай қосылған балмұздақ», «Жаңбырлы күні», «Ажал екінші рет қашан қайта айналып соғар екен?..», «Қош, Күнекей!», «Құлпынай қосылған балмұздақ 2», «Уақыт», «Уақыт 2», «Су перісінің зираты», «Махаббат туралы роман», «Сәкө, су және Андерсеннің ертегісі», «Отыз үш тал раушан», «Мамыр айының тоғызы» деген бірнеше шағын тақырыптардан тұрады.
Жас қаламгердің «Ізгілікті іздеу теориясы» атты кітабын Әкім Ысқақ шығармашылығына арналған әдеби зерттеуге жатқызуға болады. Ә.Ысқақтың Ата Заңымыздың аяғынан тік тұруына, қазақы жолмен қадам басуына жасаған ықпалдарына, психологиялық-пәлсапалық саладағы туындылары мен балалар әдебиетіне қатысты дүниелеріне жеке-жеке тоқталып, талдау жасалған. Оған ғылыми тұрғыдан баға беріп, әдеби зерттеу жүргізген. Әкім Ысқақтың пәлсапалық-психологиялық туындыларына талдау жасалып, жазушының сатирасы сарапталған. «Жусан иісті жыр» деген тарауда қаламгердің ақындық қырын шебер суреттеп, биік баға берген. Сондай-ақ «Гүл қауызындағы тамшы», «Жан жаңбыры» сияқты кітаптарына талдау жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет