Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



бет10/14
Дата22.06.2017
өлшемі2,63 Mb.
#19552
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Лекция № 28



Тақырыбы: Биосфера эволюциясы.
Жоспары:

1.Ноосфера

2.Қазақстандағы экологиялық апаттарға ұшыраған аймақтар, олардың себептері және биосфераның эволюциясына әсері

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3

2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961

3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969

4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981

5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959

6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981

7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980



Қосымша:

8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974

9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969

10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976

11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977

12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.


.
Лекция мәтіні :
1.1926жылы Ленинград қаласында үш жылдан соң парижде және кеиінрек Берлинде И.В.Вернадскийдің “ Биосфера ”деген жалпы атпен «Космостағы биосфера», “Өмір аймағы ” атты очектері жарық көрді.

В.И Вернадскийдің “Жердің келбеті кездейсоқ құбылыстардың нәтижесі емес ол нақты шектелген географиялық жер қабықшасы –биосфераға сәйкес келеді. Ол жер планетасына тән белгілі бір құрылымымен сипатталады. Бұл құрылымды онда жүретін географиялық процестердің сипатына қарай ұйымдасқан деп атау дұрыс” –деп жазады.Өзінің өмірін соңғы жылдарын В.И Вернадский биосфераны ұйымдастыру мен сараптауға жұмсады. Бұл зерттеулердің нәтижелері бойынша ол” Жер биосферасының химиялық құрылысы мен оның қоршаған айналасы ” еңбегін жазады. Бірақ ғалым аталған бұл кітабын шығарып үлгермеді. Кітап ол өлгеннен соң 20 жылдан соң 1965жылы жарық көрді.

“Ноосфера” терминін алғаш рет қолданғандар философтар, матиматиктер және антрополог Эдуард Леруа және палентолог Пьер Тейяр Шарден болды. Шарден өзінің 1916жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны “жаңа қабат”, «ойлайтын қабат» деп анықтайды.

Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан географиялық күшке» айналатынын биосфераның даму сатысы болып табылады. Адам санасымен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И Вернадский мынадай қортындылар жасайды.

1.Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын бисфераны өзгертетін күш болып табылады.

2. Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар

3.Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс стихиялы түрде табиғи процесс ретінде жүреді.

4.Тіршілік ортасы –биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геоологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторлары-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге –ноосфераға өтуі табиғи процесс

И.ВВернадскийдің “Ноосфера туралы туралы бірер сөз”.деген мақаласы 1944жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.

2.Қазіргі кезде көптеген елдерде ғана емес, Қазақстанда да экологиялық апаттар орын алып жатыр. Экологиялық апаттар биосфера эволюциясына өз әсерін тигізуде. Атап айтқанда, олар Қызылорда облысындағы сиам егіздерінің дүниеге келуі, Байқоңыр космодромының кері әсері нәтижесінде озон қабатының жұқарып тесілуі (соның салдарынан күн сәулесінің ультракүлгін сәулелерінің еркін түрде өтуі тіршілік процестерін баяулатып, соңында жойылуы), Шардара су қоймасының жанындағы тұрғылықты халық денсаулығының күрт төмендеуі (өкпе ауруларының көбеюі), Каспий теңізінің мұнай қалдықтарымен ластануы салдарынан ондағы тірі организмдердің қырылуы және кейбір балық түрлерінің жойылуы, Арал теңізі суының тарылуы нәтижесінде тұздың жел арқылы топыраққа қонып, эрозияға ұшыратуды, сонымен қатар Семей ядролық полигонының әлі де кері әсерінің байқалуы т.б.



Лекция №29

Тақырыбы: Эволюция ілімінің проблемалары және перспективалары



Жоспары:

1.Эволюция ілімі, оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі және биологияның басқа салаларының дамуына әсері

2.Эволюцияның бағыттылығы және шектелмегендігі.

3.Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3

2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961

3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969

4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981

5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959

6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981

7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980


Қосымша:

8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974

9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969

10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976

11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977

12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.


Лекция мәтіні :
1.Тірі табиғат эволюцияның ғылыми концепциясын 100 ж астам жыл бұрын ағылшын биологы Ч.Дарвин құрды . Бұл теория сол ғылымның атымен “Дарвинизм” деп аталды. Қазіргі уақытта Дарвинизм деген сөз “эволюциялық теория” немесе «эволюциялық ілім деген атауға ауыстырды.

Эволюциялық деген терминді латынша эволушн - “даму” 18 ғ ортасында биология саласына Швейцар биологы Шарль Боннэ енгізді.

Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбрональды даму мен ғана байланысты болды..

Эвлоюцияны материяның ерекше даму формасы деп қарастырды. Оның 3 қасиетін атауға болады.

1.Биологиялық эволюция қайта оралмайтын процесс.

2. Эволюция дегеніміз биологиялық пайдалы белгілерін

өзгерту.

3. Эволюция ұрпақтар жалғасына негізделген басқаша айтқанда жаңа элементің бұрынғы организмге үлесімді енуі.

4.Даму процесі дегеніміз- бір жағдайдан екінші жағдайға өту тек кана жаңа қасиетіне ғана байланысты емес сонымен қатар ежелгі организмнің ерекшеліктерімен сақтаумен сипатталады.Организмнің және түрлердің Эволюциялық қайта құрулары оның орын басушылыққа басқаша айтамыз ата-тектен болашақ организм тұқым қуалауға негізделген.

Эволюцияның жеке дамудан онтогенез айырмашылығы ол алдын ала жоспарланып қоймаған бірақ сонымен қатар бұл прогрессті бағыттағы организмнің күрделену процесі.



2.Адам баласының мүддесі және оның практикалық іс-әрекеттері биология ғылымының барлық салаларымен тығыз байланысты екенің Дарвинизм курсы таныстырады. Дарвинизм жұмысынан бастап биологиядан ашылдған заңдар, тірі организмдермен тікелей байланысты шаруашгылық салаларындағы практикалық жұмыстарға пайдаланып келеді.Қазіргі кезде өте күрделі үнемді аппаратуралардың конструкциясын жасау үшін биолошгиялық структуралар мен ондағы болып жатқан процестерге инженерллер көңіл бөле бастады.Осыған байланысты ерекше–ғылым бионика шықты.Сөйтіп қазіргі биология техникада қолданыла бастады.Осы тұрғыдан қарағанда организмдердің эволюциялық процесте пайда болатын бейімділік қасиеттерін зерттеудің ерекше практикалық мәні бар.

Эволюциялық теория тірі материяның тарихи дамуы.

Эволюциялық теория басқа биология пәнінен тығыз байланыста бола отырып, өзінің проблемаларын да тұрады. Оның ең басты міндетті “Әртүрлі организмнің шығу тегінің себепкері мен оған әсер ететін жағдайларын табу”

Сондықтан “Эволюциялық ілім теориясын” Правдин бойынша “Органикалық әлемінің тарихи дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым-дарвинизм деп аталады”.

Ал Веняев “:Тіршіліктің тегін, организмнің әлемінің дамуын зерттейтін немесе организмнің эволюциялық жолдарын басқаратын ғылым - эволюциялық ілім деп аталатын.

Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын дәлелдеу үшін Дарвинизм биологиялық әртүрлі салаларының және ауыл шаруашылығының, сондай-ақ геология мен палентологияның қорланып, жиналған бай материялдарын пайдаланады.Бұдан Дарвинизм курсы бүкіл биологиялық және ауыл шаруашылық ғылымдары мен өзара тығыз байланысты екенің көреміз. Эволюциялық теория өзіне қатысты пәндердің жаңа фактыларымен үнемі толықтырып отырылды. Сонымен бірге тірі табиғаттың даму жөнінде жалпы заңдылықтардың ашылуы әрбір жаратылыс зерттеушілердің нақтылы зертеу жұмысына тікелей көмектесіп отырады.Үй жануарларының жаңа тұқымдарын және мәдени өсімдіктердің жаңа сортарын жасау жөніндегі адам бьаласының практикалық жұмыстарын тәжірбиелерін қорытып Дарвинизм, жануарлармен өсімдіктердің осы кездегі селекциялық әдістерге сүйенетін теориялық негіздерін жасады. Бұл ауыл шаруашылығының жаңа міндеттеріне және талаптарын сәйкес жаңа органикалық формаларды жасау жөнінеде бұрын белгісіз болып келген жолдары табуға мүмкіншілік береді.



3.Биологияның, сондай-ақ Дарвинизмнің де осы кездегі жаңа даму кезеңі 20 ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда, тіршіліктің әртүрлі құбылыстарының зерттеуде жаратылыстық тарихи ғылымдарының тұтас комплекстері ене бастайды. Бірақ сонғы кезге дейін дерлік биологиялық проблемаларды шешуде химиялық және физикалық әдістерді енгізу жұмысы екінші ддәрежеде келді. Алайда биолог, химик және физиктердің талаптардың тұтастырып, өзара кіріккен идеялар мен әдістер биологияға жарасымды пәндердің шығуына себеп болды. Бұл биологияның жаңа саласы- молекулалық билогияның құрылуына жағдай жасап генетика саласында үлкен табыстарға жеткізді. Генетиктермен экологтардың бірлесіп зерттеулерді Дарвинизмдегі өте күрделі проблемалардың бірі – түр және түрдің пайда болу жайындағы мәселені жаңаша шешімділігіне мүмкіндік берді. Адам баласының космосқа ұшуына байланысты биологияның алдына жаңа проблемалар қойылды, өзінше ғылыми пән- космостық биология қалыптасты.
Лекция №30

Тақырыбы: Эволюция ілімінің маңызы


Жоспары:

1.Эволюция ілімі және қоршаған ортаны қорғау.

2.Эволюция ілімі және медицина.

3.Эволюция теориясының методологиялық негізі


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3

2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961

3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969

4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981

5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959

6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981

7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980



Қосымша:

8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974

9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969

10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976

11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977

12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.


Лекция мәтіні :
. 1.Эволюциялық теория ілімі жалпы органикалық дүниенің даму заңдылықтарын зерттейді.

Органикаллық эволюция дегеніміз- тірі табиғаттың адаптивтік өзгергіштің таримхи процесі. Яғни қайта оралмайтын және жалпы прогрессивті бағытта өтетін процесс, макромолекуларлықтан жалпы биосфераға дейін жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясы негізгі 3 кезеңнен тұрады.

1.Тіршіліктің дамуы.

2.Организмнің нақты топтарының және биосфераның бүтіндей дамуы.

3.Адамның ерекше биоэлеументтік жүйе реттінде пайда .

2.Жаңа биологияның жауапты міндетінің бірі-популяциялармен түрлердің эволюциясын саналы түрде басқарып қажетке қарай бағыттау болып табылады.Түрлер мен популяциялардың эволюцияның табиғат заңдылығына байланысты ол жаннуарлар өсімдіктер микроорганизмдер мен вирустарда адам сана сезімімен басқарылып бағыттау тиіс. Эволюция мен селекция өте күрделі факторлардың жиынтығына негізделген олардың, ішіндегі ең бастылары, табиғи және қолдан сұрыптау ортаның әсерінен немесе адамның мақсатына сәйкес топтардың генетикалық жүйелілігі өзгереді.

Бүгінгі күнге дейін анықталып сурет телген жарты, миллионға жуық осы күнгі өмір сүретін өсімдіктер мен бір миллионға таяу жануарлар түрі бар ал әлі ашылып суреттелмеген түрлердің саны кем дегенде 1-2 миллионан асады. Ғалымдардың есебі бойынша бір кезде жер бетінде өмір сүріп кеткен қазір жоқ, өсімдіктер мен жануарлардың түрлері қазіргіден 5-9 есе көп. Түрлер эволюциялық жолмен табиғи сұрыптау арқылы саны 3 млрд жыл бойы пайда болды деген жүз жыл бұрын айтылған пікір биологияда ашылған елеулі жаңалықтар бірі болып табылады. Мал тұқымын асылдандыру одан алынған өнімді арттыру үшін тек жеке өкілдердің ғана емес топтық бүкіл тұқымның геноптипінің жүйесін білу керек. Тұқым қуу, өзгергіштік заңдылығын оларды туғызатын, анықтайтын факторлар білудің табиғи жағдайдағы жануарлардың өсіп өнуін, ондағы генетикалық процестерді зерттеудің эволюцияны толық біліп оны басқаруда маңызды өте зор.

3.Орта мектептерге биология пәнің мұғалімдерін дайындау саласында “Эволюциялық ілім” курсы ерекше орын алады. Себебі биология әрқашанда материализм мен идеялизмнің шиелініскен күрес алаңы болған және болып келеді. “Эволюциялық ілім” курсынан осы күрестің тарихын оқу оқушылардың диалектикалық-материалистік дүнеи тану көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.

Табиғат жайында осыдан екі жүз жыл бұрын, жаратылыстану діни көзқарастардың тұтқыныңда болып келді. Ф.Энгельстің метафизикалық дәуірі деп атаған осы кезеңдері жаратылыс зертеушілердің ақыл-ойын өзінше бір дүниетану қөзқарасы шырмады. Олар жер және онда тіршілік ететін тірі табиғат құдайдың құдіреті мен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді деген ұғымда болады.

Табиғат жайындағы одан кейінгі тарихи көзқарастар, органикалық дүниенің дамуын матералистік ұғымға негіздеп түсіндіреттін биологияның әртүрлі салаларының өріс алу мен байланысты болды. Дарвин теориясының негізінде эволюциялық палентология эволюциялық эмбрология т.б. биологиялық пәндер қалыптасып, Дарвин ілімінің дұрыстығы жайында жаңа дәлелдемелер берді. Алайда, эволюциялық идея идиялистік концепциялармен қиян-кескі күресте дамып отырды; биологиядағы реакцияшыл лагерьдің өкілдері Дарвинизмнің матералистік негіздерін күйретіп биологиялық ғылымын ескі, виталистік және метафизикалық ұғымға қайта оралту үшін талаптанды.

Жалпы алғанда, Эволюциялық ілімнің осы қалыптасу дәуірінде органикалық дүниенің тарихи даму процесінің бірсыпыра өте қажетті заңдылықтары ашылды.

Биологиялық көлемді зертеуле және түрлі мамандықтағы табиғат зерттеушілердің жұмысындағы комплекстік осы кездегі жаратылыс танудың философиялық негіздің диалектикалық матерализм болуына себепкер болды.Бұдан, орта және жоғары оқу орындарында биология пәндерінің үлкен тәрбиелік рөл атқаратының, онда эволюциялық ілім заңды көрнекті орын алатының көреміз.

“Эволюциялық ілім” курсы, ғылыми –атеистік тәрбиелік биологиялық негізі- органикалық дүниенің даму заңдылықтарын ашады.Бұл заңдар, өсімдіктердің, жануарлардың және адамды құдай жаратты, табиғат өзгермейді деген таураттағы барлық негізде діни жорамалдарды жоққа шығарады.

Қазақстан Республикасы



Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария» университеті

«Химия және биология» факультеті

«Химия және биология» кафедрасы.
050113- «Биология » мамандықтарының студенттері үшін.

Эволюциялық ілім ” пәні бойынша


Семинар сабақтарының жоспары.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат
Bio -> Лекция: 15 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ: 30с обсөЖ : 30с
Bio -> «Химия тарихы» пәні бойынша
Bio -> Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекциялар 10с Лабораториялық сабақтар 5с СӨЖ 15с обсөЖ 15с Барлық сағат саны 45с Қорытынды бақылау емтихан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет