Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



бет9/14
Дата22.06.2017
өлшемі2,63 Mb.
#19552
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Лекция № 25




Тақырыбы: Эволюциялық прогресс


Жоспары:

1.Прогресс туралы түсінік.

2.Прогрессивті даму критерилері

3.Прогресс құбылысын классификациялау, олардың сипаттамасы, критерилері және арақатынасы



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3

2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961

3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969

4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981

5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959

6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981

7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980



Қосымша:

8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974

9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969

10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976

11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977

12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.


Лекция мәтіні:

1.Биологиялық прогресс- органикалық формадан тарихи процесі өзінің мазмұны жөнінен қайталанбайтын процесс. Бұрын өмір сүріп одан кейін жойылып кеткен формалары одан кейін болған филогенетикалық даму процесінде қайталанбайды. Эволюцияда ешқашан кері қозғалыс болмайды: кейде белгілі бір жайдайларда эволюцияның өткен кезеңімен ұқсас нәтиже болуы мүмкін. Бірақ мұны анықтай келіп қарағанда ол конвергенциялық ұқсастық болып шығады. Осылайша эволюцияның ілгері дамуы сипаты эволюцияның қаайталанбау заңы деп аталады. Бұл заңды қалыптастырған бельгиялық палентолог Л.Долло.

2.Алғашқы организмдер пайда болған кезден бастап органикалық дүниенің дамуы өрлеу жолымен –төменгі жоғарғы қарай қарапайымнан күрделіге қарай жүріп келеді,яғни прогресивтік жолмен дамуда.

Бірақ бұдан, органикалық табиғаттың дамуы тек бір бағытта тура жоғары өрлеу жолымен ғана жүріп отырады деген мағына шықпайды. Шын мәнінде организмдердің филогенетикалық дамуы өте күрделі және алуан түрлі болып келеді.

Осыған байланысты процесс деген ұғым органикалық дүниеге салыстырмалы түрде қолданылады. Энгельс айтқандай филогенезде пайда болған бейімділіктердің кез келгені “тұтасынан алғанда прогресс те, сондай-ақ регресс те болып саналады.Мұның негізі сол , ол органикалық дүниедегі әрбір процесс сонымен бірге регресс болып табылады, себебі бұл бір жақты дамуды бекітіп отырады және көптеген басқа бағыттарда дамуға мүмкіндік бермейді.

Организмдердің филогениялық дамуның бағыттары жайында желілі ілім құрған А.Н.Северцовтың еңбектерінде органикалық дүниенің тарихы дамуындағы процесс проблемасы әдейі талқыланған. Осы туралы Северцов өзі ашқан заңдылықтардың жануарлардың эволюциясын мысал ете отырып көрсетті. Кейінен бір қатар зерттеушілер осы заңдылықтарды өсімдік дүниесінде пайдаланады.

Северцовша органикалық дүнедегі процесс екі типке:

1)морфологиялық –физиологиялық процесс және. 2) биологиялық процесс.

Мұның бірінші жағдайында организмдердің тек қана құрылыстары мен функцияларындағы процессивтік өзгерістер жатады. Екіншісіне- түрдің өркендеуіне же ткізетін оның особьтарымен саны көбею ареалының кеңуі, сондай-ақ түр тармақтарының және басқа түр ішінде топтардың түзілулері сияқты өзгерістердің бәрі жатады.

Морфологиялық –физиологиялық процесс әрқашан биологиялық прогресске әкеп соғады, себебі құрылысы мен функциялары жөнінен жетік формада қоршап тұрған жағдайға бейімделген мүмкіншілік мол болады. Бірақ, ол биологиялық прогресске апаратын жалғыз жол бұл ған емес.

3.Северцовтың айтуынша биологиялық прогресстің кемінде төрт ортақ бағыты бар: 1)Араморфоз немесе морфологиялық –физиологиялық процесс

2) идиоадапциялық немесе жеке бейімділік,

3) морфологиялық физиологиялық регресс немесе жалпы дегенерация және

4) Ценогенез немесе эмброндық бейімділік.

Араморфоз универсалды сипаттағы өзгерістер мұның нәтижесінде жануарлармен өсімдіктердің құрылыстары жоғары сатыға көтеріліп одан әрі прогресті өзгеріс тууына мүмкіншілік жасайды. Ароморфоздар жек оргондардың жетілу жолымен ғана емес , бүкіл организімнің жетілу арқылы да жүзеге асады. Бұл процесте функциялық және құрылымдық терең өзгеріс болып соның нәтижесінде ортаның негізгі жағдайына сәйкес жаңа және өте көлемді жетік бейімділіктер пайда болады: Бұл организмен ортаның арасындағы байланысты көлемдендіреді ортаның оның одан әрі икемделуіне мүмкіндік береді.

Омыртқалардың тіршілік әрекетінің энергиясын арттырған жүрегінің эволюциялық ароморфоз жолымен филогениялық дамуға айқын болады. Балықтардың жүрегі екі камералы олардың венаны әуелі бөлінбейтін құлақшаға барады, одан кейін қарыншасына өтеді, қарыншадан қолқаға одан әрі желбезек қан тамырларына барып оттегіне байып барлық денеге тарайды. Амфибиялардың құлақшасы екі камераға бөлінген оның оң жақ жартысы веналық сол жағы артериялық болады. Бұлардың төменгі сатыдағы формаларында оң және сол құлақшасы екіге толып бөлінген.Құйрықсыз амфибиялардың құлақшаларының аралығында перде тақ бір тесік арқылы қарыншамен қатысты болады. Жүректің құрылысы осындай болуына байланысты оның қарыншасына барған вена және артерия қаны толық араласпайды.Қаның араласуына қарыншаның кабырғасындағы ет перденің күрделі системасы және қарыншаның күшті жиырыуы бөгет болады. Қарынша жиырлғанда қолқаға әуелі вена қаны енеді, одан өкпе артериясымен өкпеге барып оттегіне байиды. Қолқаға баратын қаның екінші бөлігі – аралас қан: бұл қолқаға доғасы арқылы вегетативтік органдарға тарайды. Ақырында қаның үшінші бөлімі –артериялық таза қан; бұл ұйқы артериясы арқылы басқа барады.

Сөйтіп омыртқалылардың жүрегінің зволюциялық белгі бағытта араморфоз жолымен жүріп отырады.

Өсімдіктер филогенезінде де араморфоз жолының үлкен маңызы болады. Тахтаджянша өткізуші система эпидермис және бұлармен корреклятивтік байланысты бейімділіктердің пайда болуы жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрлықты иемденуіне болуы жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрлықты икемденуіне мүмкіндік береді.Ал тозаң түтігінің түзілу ұрықтану процесіне су тамшыларына қажет етпейтін етті. Осы белгілердің бәрі нағыз араморфоз жолымен жүреді

Идиоадаптациясы немесе жеке бейімділік. Идиоадаптацияда араморфоздағыдай жалпы бейімделік емес, жеке бейімділік пайда болады. Мұнда құрылыс дәрежесі жоғары көтерілмейді және зат алмасу интенсентивтілігі де артпайды, көбіне организімнің екінші дәрежелі мүшелеріне ғана өзгеріс енеді. Алайда құрылыс дәрежесі жөнінен ата-тегіндей бола тұрса да, организм идиоадаптация нәтижесінде бейімделген болады.

Лекция №26

Тақырыбы:Антропогенез


Жоспары:

1.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуы.

2.Адамның жануарлар дүниесіндегі орны.

3.Антропогенездің негізгі дәуірлері




Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3

2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961

3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969

4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981

5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959

6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981

7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980



Қосымша:

8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974

9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969

10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976

11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977

12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.



Лекция мәтіні:

1.Адамның тегі жайындағы мәселе—материалистік дүниеге
көзкарас жөніндегі негізгі мәселелердің бірі. Осы үлкен және
күрделі проблема өзіне өте ерте заманнант бері зейін аудартып
келеді.

Көптеген ғасырлар бойы бұл проблеманың құпия сыры бүркенішті болды. Адам өзінің шыққан тегін біле алмағандықтан құдіретті аллатағала өз бейнесіне мақсус етіп адамды жаратқан деп аңыз етті.

Осы аңыз әр түрлі вариацияда осы күнге дейін жетті. Ертедегі Мысырда Хнум құдай қышты дөңгелектің үстінде балшықтың ең бірінші адамды соғып жасады деген сенім болды.Осы сияқты аңыз ертедегі Грецияға да таралды, онда Зевс адамды балшықтан соғып жасады, ал кемеңгер ақылгой әйел құдай — Афина оған жан енгізді деп санады. Бұл аңыздың кейінгі варианты «Қызыл балшықтан», яғни саздан ең бірінші адам — адам ата жаратылды деген таурат ертегі болып табылды. Осы ертегіде сол бірінші адамның қабырғасынан бірінші әйел Хауана жаратылды делінген. Таурат догмасы бойынша адам ата мен хауанадан бүкіл адамзат таралған.

Христиан шіркеуі осы догмаларды жан-тәнімен қорғап, оған сенбеушілердің бәрін аямай жазалап келді. Бұл ертегіге сенбеген ондаған және жүздеген мың адамдарды куғындап, түрмеге қамады, азаптады және отқа өртеді.

Бірақ жаратылыс зерттеушілер адам анатомиясымен бастапқы танысуының өзінде-ақ адамның құрылысы мен жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың, әсіресе, маймылдардың құрылыстарында ұқсастық бар екендігіне көзі жетті.

2.Адамның тарихи дамуы жайында жаңа ұғым енгізген, бірінші жаратылыс зерттеушісі Ж. Б. Ламарк болды. Ол адамның арғы тегі, алғашында ағашта өрмелеп жүрген, одан жерге түсіп тік жүру әдісіне кешкен маймыл тәрізді жануар болды деген гипотеза жасайды. Ламаркше, тік жүру — дененің тік болып қалыптасуына және табанның өзгеруіне жеткізді. Топтанып жүру сөздің дамуына және тіл шығуына себеп болды.

Ч. Дарвин «Түрлер тегі» деген кітабының бірінші баспасында ол бұл еңбегім «адамның шығу тегі мен оның тарихы жөніндегі мәселеге жол ашады» деп қана қойған болатын. Тек қана 12 жылдан кейін 1871 жылы оның осы проблемаға арналған кітабы басылып шықты. «Адамның тегі және жыныстық сұрыптау» атты бұл кітабындағы негізгі идея — адам кұдайдың құдіретімен жаралған жоқ, ол жануар дүниесінің тарихи дамуының нәтижесінде пайда болды деп тану. Адамның тегі проблемасын шешуде бұл кітаптың орасан зор маңызы болды. Бұл кітап идеяларының көлемділігі және оны дәлелдеудегі нақтылы материалының көптігімен таңдандырды. Бірақ ол антропогенездің басты себебін, демек адам қалпына келудегі өзіндік ерекшелікті ашып бере алған жоқ. Бұл ерекшелік адамның еңбектегі іс-әрекеттерінде екендігін «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі» (1896 ж.) атты еңбегінде Ф. Энгельс көрсетіп берді.

Барлық омыртқалы жануарлардың ішінен өзінің құрылысы жөнінде адам приматтар отрядының өкілдеріне өте ұқсас. Қазіргі кезде бұл отрядқа адам мен маймылдар ғана жатқызылады. Приматтар—сүт қоректілердің ең жоғарғы сатыдағы курделі құрылысты отряды. Негізгі белгілері сәйкес болуына байланысты адам приматтар отрядына жатқызылады. Бұл отряд екі отряд тармағына бөлінеді: 1) жалпақ мұрынды маймылдар және 2) құшық мұрынды маймылдар.

Жалпақ мұрынды маймылдар Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Олардың екі мұрын тесіктерінің арасын жалпақ перде бөліп танаулары екі жаққа қарай делдиіп тұрады. Құйрығы ұзын, ұстау органы міндетін атқарады. Әрбір жақ сүйегінде 18-ден тістері болады. Бұларға ермекші тәрізді маймыл, бақырауық қара және ойнампаз маймылдар жатады.

Қушық мұрынды маймылдар Африка мен Оңтүстік Азияда мекендейді, бұлардың қазба қалдығы Европадан табылды. Мұрын аралық пердесі жұқа. Құйрығы ұзын болуы мумкін, бірақ ол еш уақытта ұстау қызметін атқармаған, бірсыпыра түрлерінде құйрық жойылып кеткен. Әрбір жақ сүйегінде16-дан тістері болады. Қушық мұрынды маймылдардың отряд тармағында төрт тұқымдас бар: мартышкалар, гиббондар, адам тәрізді маймылдар және адамдар. Отряд тармағында ең көбі мартышка тұқымдасы. Бұларда ұзын құйрық, ұрт қалтасы және шонданай сүйелі болады. Бұл тұқымдасқа мартышкалар, павиандар және макаккалар жатады.

3.Белгілер жиынтығы жөнінен адамға едәуір жақын формалары шимпанзе болып табылады.Ең алдымен көзге түсетіні — адам скелетіндегі сүйектердің бәрі адам тәрізді маймыл скелетіндегі сүйектерге гомологті болады.Бұлшық еттерін және ішкі органдарының қайсысын алсақ та сол сияқты ұқсастық байқалады. Тіпті нерв системасының құрылысында да және миының кейбір бөліктерінде де
көптеген ұқсастықтар бар. Тағы бір көңіл аударатын жағдай, ми құрылысы жөнінен жоғары сатыдағы маймылдар төменгі сатыдағы маймылға жақын емес, адамға жақынырақ. Мысалы, адам тәрізді маймылдардың миынын маңдай бөлімі едәуір дамыған және оның ми қыртысындағы адамның сөйлеу процесіне сәйкес бөлімінің күрделілігі де гомологті. Осының бәрі адам тәрізді маймылдардың төменгі сатылы маймылдардан үлкен айырмашылығы бар екенін көрсетеді.

Лекция №27
Тақырыбы: Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың әсер ету ерекшеліктері
Жоспары:

1.Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдар.

2.Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.

3.Әлеуметтік дарвинизмді сынау және нәсілшілдік


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3

2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961

3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969

4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981

5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959

6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981

7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980



Қосымша:

8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974

9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969

10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976

11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977

12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.


Лекция мәтіні :
1.Дарвин мен Энгельстің адам адам тәрізді маймылдардан шықты деген түсініктерінің дұрыстығын толық көрсетті.Ежелгі адамдармен неандертальдықтардың сүйектерінің қалдығы, сондай-ақ солардың іс-әрекеттерінің іздері Ескі Дүние материктерінен табылғандығын айта кеткеніміз дүрыс. Бұлар Афдерикадан да, Тынық мұхит аралдарынан да табылған жоқ.

Ескі Дүниенің территориясында шамамен бүдан 100 мың жыл бұрын кроманьондықтар да қалыптасты. Ондаған мын, жылдар өткеннен кейін осы кездегі адамдар кең таралып, бүкіл Жер жүзіне тарап кетті.

2.Осы ұзақ мерзім ішінде кроманьондықтардын, ұрпақтары әр түрлі климаттық жағдайларға тарап сонымен тіркескен алуан түрлі физикалық . факторлардың әсеріне ұшырадыБұл жағдай белгілі географиялық облыстарда мекендеуші адамдардың сыртқы бейнесіне әсерін тигізді. Соның нәтижесінде әр түрлі континенттің әрқилы зоналарында мекендеуші адамдардың жеке топтарының терісі мен көзінің түстері, шашының түрі мен реңі, мұрын, ерін, бет әлпетінің және басының бейнелері, бойының үзындығы және оның пропорциясы сияқты белгілер жиынтығы женінен бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болды. Осы топтардың бәрі үш үлкен нәсілге біріктіріледі: 1) негроидтық-австралоидтық немесе зкваторлық, 2) европоидтық немесе европалық-азиялық және 3) монголоидтық немесе азиялық-америкалық. Әрбір үлкен нәсіл езінше кіші нәсілдерге немесе екінші нәсілдерге бөлінеді.



Негроидтық-австралоидтық нәсілдерге жататын адамдарға мынадай белгілер тән: терісі, шашы және көзі қара түсті; шаштары бұйра немесе толқынды; мұрнының қырлары жалпақ, еріндері қалың. Сакал және мұрты не селдір (негрлер), немесе өте қалың (австралиялықтарда) болады. Экваторлық нәсіл кіші нәсілге белінеді: африкалық континентте мекендеуші — негроидтар және Австралия континентімен байланысты және Мұхиттық аралдарда мекендеуші — австралоидтықтар.

Европоидтық нәсілге жататын адамдардың терісінің реңі әр түрлі ашық реңділерден қоңыр реңділерге дейінгілер; шаштары жүмсақ, толқынды не түзу, талшықты, шаш реңі тым өзгергіш ашық түстен қараға дейін; мұрыны қушық, едәуір биік, қыр мұрынды; еріндері жұқа немесе орташа қалыңдықта, кейде қою өскен сақал-мұрты болады. Бүл нәсіл екі кіші нәсілге бөлінеді: 1) о ң т ү с т і к немесе үнді-жерорта.теңіздік нәсіл, бұлар қара шашты, қой көзді, терісі қоңыр түсті (мысалы, индеецтер, тәжіктер, армяндар, гректер, арабтар, итальяндықтар, испандықтар және 2) солтүстіктік немесе балтикалық н ә с і л, бұлардың терісі және шаштары ашық түсті, сұр немесе көк көзді (орыс, норвегиялықтар, немістер, ағылшындар)-

Монголоидтық нәсілге жататын адамдардың терісінің түсі сарғыштау реңді. Шаштары қара, талшықтары әдетте түзу және қатты; сақалы мен мұрты кеш шығады және селдір болады. Монгол топтарының көбісінің беті жалпақ, бет сүйегі шығыңқы, үстіңгі қабақ терісінің қыртысы күшті дамыған, ол көз қиығын толық не шала жауып түрады; әдетте қысқа мүрынды болады.

Монголоидтық нәсілге американдық (индиялық) кіші нәсіл де жатады, бүлардың көптеген белгілері европоидтықтар типіне жақын. Мысалы, бет әлпеті және биік қыр мұрыңдылығы жөнінен индеецтер европоидтықтарға үқсайды.

Нәсілдердің өзіндік ерекшеліктері соншалықты маңызды белгі болып саналмайды. Әдетте ол белгілердің ерекше бейімділік мәні жоқ, сонымен қатар нәсілдер өз ара араласып кетуімен байланысты олардың айырмашылықтары шын мәнінде жойылған; нәсілдік топтарды араласып кетйен өте қүрамды топ деп қарауымызға болады.

3.Нәсілдердің пайда болуы және дамуы ете күрделі тарихи процесс. Я. Я. Рогинскийдің пікірінше, осы кездегі адамдардың қалыптасуының бас кезінде, яғни шамамен бұдан 100 мың жыл бұрын азиялық континентте және Африка мен Европаның соған таяу аймақтарында екі нәсілдік топ — оңтүстік-батыстық жопе солтүстік-шығыстық топтар қалыптасты. Бұл топтардың араларын Гималай және Гиндукуш тау тізбектері және Үндіқытай тау жотасы бөліп тұрды. Осы екі топтың біріншісінен европоидтык және экваторлық үлкен нәсілдер шықты. Екіншісінен монголоидтық нәсіл қалыптасты. Бұдан бірнеше кіші нәсілдер шықты, соның бірі америкалық нәсіл. Бұл Азиядан Беринг шығанағы арқылы Солтүстік Америкаға өтіп кеткен, содан бүкіл Жаңа Дүниеге таралған.

Капиталистік елдерде үстем таптың идеологтары нәсілдік айырмашылықтарды ғылымға Қайшы теория құру үшін пайдаланып келеді. Олардың бұл теориясы - нәсілшілдік деп аталады. Нәсілшілдік — әр түрлі нәсілдер биологиялық тең бағалы емес деп қарайды. Бүл нәсілдік дискриминация саясатын — қанау және езу, құл ету саясатын ақтау үшін айтылып отырған пікір.

Нәсілшілдікті жақтаушылар «жоғарғы» және «төменгі» нәсілдер бар деп таниды. Оларша өзіне тән биологиялық ерекшеліктері бар «жоғарғы» нәсілдер ғана мәдениеттін, және прогрес-тің иелері. Осы азғантай «жоғарғы» нәсілдердің келешекте даму правосы бар. Төменгі нәсілдердің өзіне тән биологиялық ерекшліктеріне байланысты мәдени даму қабілеті жоқ, бұлар азғындыққа ұшыраған құлдардың нәсілдері. Нәсілшілдік фашизм идеяларымен үштасты және ұштасуда. Екінші дүние жүзілік соғыстың алдында нағыз фашистік мемлекеттерде — гитлерлік Германияда, Италияда және Жапонияда фашистік көзқарастар үлкен өріс алды. Соғыс ашу үшін жұртшылықтың пікірін аударуға дайындық жүргізілген жерлерде әрқашан нәсілшілдік өріс алады.

Нәсілдердің биологиялық тең бағалы еместігі жайындағы теориясында нәсілшілдер өздерінше ғылыми дәлелденген деп таныған мына үш жағдайға сүйенеді: 1) әр түрлі нәсілдер әрқилы ата тектен тараған; тек европоидтық нәсіл ғана кроманьондықтардан шыққан, ал басқа нәсілдердің тегі неандертальдықтармен байла-нысты; 2) әр нәсілдің бас сүйегінің ми орналасқан бөлігінде айырмашылық бар; әр нәсілге жататын адамдардың ой-өрісінің әр түрлі дәрежеде болуы осыған байланысты және 3) нәсілдердің даму қабілеті бірдей дәрежеде емес.

Бұл жағдайлардың бәрі ғылыми мәліметтерді бұрмалау негізінде құрылған, солай екендігін жоғарыда аталып кеткен фактыларға сүйене отырып, дәлелдеу қиын емес. Сол үш жағдайды жекелеп талдап көрейік. Бірінші жағдайды айтылып кеткен палеонтологиялық зерттеулердің материалдары жоққа шығарды.Ол материалдар тарихи тұрғысынан қарағанда неандерталдықтар -өте ертегі адамдарды кроманьдықтармен байланыстыратын даму кезеңі екендігін дәлелдейді. Сондай-ақ осы кездегі адамдардың нәсілдерінің қай-қайсысында неандертальдықтармен тікелей байланыстырғандай кроманьондықтардан басқа аралық форма жоқ.

Осы кездегі адамның арғы ата тектері өте көлемді территорияны мекендегендігі, онда нәсілдер қалыптасатындай ерекше оқшау орталықтар болмағандығы жайында палеонтология көптеген материалдар жинап отыр. Бұл нәсілдердің пайда болуы жайындағы полицентрлік теорияға қарсы дәлел болып табылады.



Екінші жағдай да сынға төтеп бере алмайды. Адамдардың барлық нәсілдері денесіндегі адам сипатын көрсететін негізгі белгілері жөнінен өзара ұқсас.Бас сүйегінің миы орналасқан бөліігі жөніненде сондай.Әрине жеке адамдардың бас сүйегінің миы орналасқан бөлігінің кеңдігі әр түрлі болуы мүмкін,бірақ мұның адам қабілетіне ой-өрісіне әсері жоқ.Бұған мына мысалдар дәлел болады.неандерталдықтар мен кроманьондықтардың ми көлемінің орташа мөлшері тең болатын. Бірақ неандерталдықтардың санасы кромоньдықтардан төмен болғанына ешкім күмәндана алмайды.Осы кездегі мәліметтер мидың көлеміне қарай адамның қабілетін ажыратуға болмайтындығын көрсетіп отыр. Мысалы Тургеневтің миының салмағы 2012 г, ал жер жүзіне аты әйгілі тағы бір жазушы-Анатол Франстың миының салмағы одан екі еседей жеңіл, бар болғаны 1017 грамм-ақ.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат
Bio -> Лекция: 15 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ: 30с обсөЖ : 30с
Bio -> «Химия тарихы» пәні бойынша
Bio -> Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекциялар 10с Лабораториялық сабақтар 5с СӨЖ 15с обсөЖ 15с Барлық сағат саны 45с Қорытынды бақылау емтихан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет