Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



бет7/14
Дата22.06.2017
өлшемі2,63 Mb.
#19552
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Лекция №17



Тақырыбы: Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі

Жоспары:

1.Адаптация ұғымы, классификациялары.

2.Қарапайым қорғану құрылымдары және олардың эволюция процесінде пайда болу, жақсару жолдары.

3.Күрделі адаптациялар


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3

2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961

3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969

4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981

5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959

6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981

7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980



Қосымша:

8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974

9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969

10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976

11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977

12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.



Лекция мәтіні:

1.Бейімделгіштің түрі.Жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысы, инстениктері,мінез-қылықтарыолардың тіршілік жағдайларына бейімделгіштігімен сипатталады.Бір ғана ортадағы әр түрлі жануарлардын түрлі-түрлі бейімділік байқалады. Көртышқан топырақты аяқтарымен,алсоқырақ жерастыжолды басының және қуатты күрек тісінің жәрдемімен жасайды.Түлен ескек аяқтарымен, ал дельфинқұйрық қанаттары арқылыжүзеді.

Өсімдіктер әртүрлі бейімделулерарқылы айқас тозаңданады.Желайдар мен көгілдір қамекгүлдің көтемгі нәзік өскіндері клетка шырынындағы концентрациясы қант ерітіндісінәтижесінде нолден төмен температураға төзеді.Ағаштармен бұталардың тырбық,жапырақтарының ұсақ болып, тамырларының жер бетіне жақын орналасуы, көктеммен жазда өсімдіктердің тез дамуы –осының барлығы тундра тіршілігіне бейімделушіліктен туған әрекет.

Көбею қарқынының түрлі-түрлі болуы түрдің, оның популяцияның сақталуына маңызды бейімделу қызметін атқарады. Ұпағы жаппай түрлерде ұрпақ өте көп болады.Ал ұрпағының қамқорлық жасау инстинкті дамыған түрлерде ұрпақ саны оншакөп емес.Аталығы жасаған ұяға шаншар балық бар болғаны120-150 уылдырық салады, ұрықтанған уылдырық пен шабақтарды аталық балық күзетеді.Треска 4 милионға дейін уылдырық шашады, бірақ ұрпағын қорғамайды.

2.Организмдерде бейімдеушіліктің пайда болуы.Дарвин теориясы бойынша күрделі және көптүрлі бейімделудің қоршаған ортадағы нақтылы жағдайларға сай пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндіреді.Жасыл жапырақтарда тіршілік ететін кейбір популяциядағы жұлдыз құрттар денесінде бүркеніш реңнің болып, бәлкім қарастырайық.Олардың ата тегі басқа реңді болып, бәлкім жапырақтармен қоректенбеген де болар.Олар әлде бір жағдайдаң әсерінен жасыл жапырақтарының қоректенуге мәжбүр болады делік.Мутациялардың үнемі туындап тұруына байланысты бұл популяциядағы бунақденелердің реңі біркелкі болмайд, сондықтан көптеген жұлдыз құрттардың арасында жапырақтар реңінен нашар байқалатын жасылдау ренді особьтар кездеседі.Тіршілік үшін күресте табиғи сұрыпталудың әсерінен жасылдау реңді особьтардың ұрпақтары басымырақ өмір сүріп тірі қалады.Бұл процесс келесі ұрпақтарда да жалғаса береді. Уақыт өткен сайын жұлдызқұрттар денесінің реңі барған сайын айналадағы орта түсіне үйлесе түседі.

Мимикрияның туындауын да осылай түсіндіруге болады. Дене пішіні,реңі, мінез-қылығы тұрғысынан қорғана алатын жануарлармен ұқсастығын азда болса күшейте түсетін тұқым қуалауға ыңғайлы особьтар пайдалы өзгеістері жоқ особьтарға қарағанда өмір сүріп ұрпақ қалдыруға мүмкіндік алады. Тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу әсерінен пайдалы өзгеріс ұрпақтан-ұрпаққа күшейіп,жетіле береді де, қорғана алатын жануарлардың ұқсастық белгілері жинақтала түсті.

Олардың әрбір бейімделумен бүкіл комплексі тіршілік үшін күреспроцесіндегі тұқым қуалайтын өзгергіштік пен ұрпақ қатарындағы сұрыптау негізінен қалыптасады. Организмдердің бейімделушілігі эволюциялық қозғаушы күшінің дәл сол тіршілік ету жағдайларындағы әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Даврин бейімдеушіліктің туындайтын Ламартың осы мәселесі мен пішіні ұғынуынан мүлде басқаша түсіндірілді.Организмдерінің бірімен-бірінің өзара бейімдеущілігін де, мысалы, жұмысшы балаларыныңтұмсығы тозаңдандыратын өсімдік гүлінің құрылысына сәйкес келуін былай түсіндіруге болады:жұмысшы балалар көбеймейді, ал балаларының аналықтары ұпақ таратқанымен де тозаң жинақталмайтын болғандықтан, тұмсығын «жаттықтыра» алмайды. Организмдердің тек пайдалы тұқым қуалайтын өзгерістерініңпайда болу жолымен ғана тікелей бейімделу теориясы сайып келгенде әуел бастан мақсатқасай келу түсінігінен туындайды. Оның эволюциялық қозғаушы күші туралы Давриннің идеалистік сипаты ілімі негізінде ашуға болады.

Организмдердің бейімдеушіліктердің салыстырмалығы. Организмнің құрылысы және атқаратын қызметінің мақсатқа сәйкестігіның тек сыртқы ортамен нақтылы жанасу арақатынасынан ғана білінеді.Организмнің тірі қалуына кез келген бейімдеушілік тек эволюциялық қозғаушы күш әсеріне қалаптасқан жағдайларда ғана жәрдемдесе алады. Бірақ осы жағдайлардың өзінде де ол салыстырмалы сипатта болады. Қысқы жайма шуақ ашық күні-ақ құр қардағы көлеңкесімен көзге түседі. Ормандағы қардан байқалатын

Орқоян қошқыл түсті ағаш діңдерінен тез байқалады.

Бақылаулар нәтижесінде жануарларда инстикті көптеген жағдайларда салыстырмалы тұрғыда ғана мақсатқа сәйкес болатынын көрсетеді. Түн көбелектері өлетініне қарамастан отқа қарай ұшады. Олар негігінде түнде жақсы байқалатын ашық түсті гүлдерден шірне жинайды,сондықтан олар инстинкт бойынша орқа үрлейді.

Дене мүшесінің арнайы бір бағытта ғана қалыптасуынан организм жойылп кетеді. Сұрқарлығаш қанаттары ұзын аяқтары өте қысқа болғандықтан, тегіс жерден бірден ұшып көтеріле алмайды.Олтек бір нәрсенің жиегімен ғана трамплин тәрізді тебініп барып ұшады.

Жануарлардың жеуіне бөгет боларлықтай өсімдіктердің бейімделуі де салыстырмалы құбылыс. Тікенекті өсімдіктерге әдетте сиырлар жоламағанымен, жантақты түйелер, ешкілер ашыққан ірі қаралар сүйсіне жейді.

Сан алуан түрлерге жататын организмдердің ,мысалы қынадағы балдырлармен саңырауқұлақтардың бірлесіп тіршілік етуі-селбесудің де пайдасы салыстырмалы ғана. Кейде саңырауқұлақ жіпшесі оның балдырлармен берлескен тіршілігін бұзады. Организмдерде қажетсіз мүшелер мен белгілер кездеседі.Мысалы жылқының қоламса сүйегі суға еш уақытта жоламайтын тау қазының саусақтары арасындағы жарғағы, маймыл мен адамда үшінші қабықтың сақталып қалуы. Міне,осылар және басқада көптеген фактілер бейімдеушіліктің абсолютты емес, салыстырмалы екенін білдіреді.

3.Адаптация үлкен екі топқа бөлінеді:

1.Қарапайым қорғаныштық адаптация -

а)бүркеніш рең;

ә)жасурушы рең;

б)сақтандырғыш рең;

с)қорғаныш рең;

Күрделі адаптациялардың мысалына тропикалық жерлерде тіршілік ететін шыбынжегі өсімдігін келтіруге болады. Ол шыбын-шіркейлермен қоректенеді. Қоректену аппараты күрделі дамыған. Қорегін ұстап қалу үшін арнайы сұйықтығын бөліп, шыбын өсімдіктің гүліне қонғанда, жабысып қалады, күлте жапырақшалары ине тәрізді болғандықтан шайнау қызметін атқарады.

Лекция №18



Тақырыбы:Түр – эволюция процесінің негізгі дәуірі

Жоспары:

1.Түр концепциясының даму тарихы.

2.Типологиялық түр концепциясы

3.Номиналистік концепция

4.Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3

2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961

3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969

4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981

5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959

6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981

7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980



Қосымша:

8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974

9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969

10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976

11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977

12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.


1.Линнейден бастап алғашқы систематиктер бір түрдің ареалындағы соған қарасты особьтардың бәрінің сыртқы және ішкі кұрылыстары ұқсас, бұл жөнінде оларда елеусіз айырмашылықтар ғана болуы мүмкін деп санаған болатын. Қазіргі кезде бұл жағдайды аздаған түрлерге ғана қолдануға болатындығы белгілі болып отыр. Осындай морфологиялық белгілері жөнінен болар-болмас айырмашылығы бар географиялық популяциялардан тұратын түрлер монотипті түр делінеді. Әдетте мұндай түрлердің ареалы тар және оның барлық жеріндегі тіршілік жағдайы біршама ұқсас болып келеді. Буған шегірткелердің туысына қарасты биік таулық түрлері мысал болады, бұлардың ареалдары Орта Азияның биік тау жоталарымен шектелген. Жануарлар мен өсімдік түрлерінің көбісі раса деп аталатын үлкен топтарға бөлінеді, расаларға басқа түрлердегі популяциялардан морфологиясы жөнінен жақсы ажыратылатын сол түрдің географиялық немесе экологиялық популяцияларының топтары енеді. Расаларға жіктелетін осындай түрлер п о л и т и п т і к түр делінеді. Политиптік түрден бөлінетін расалар үш бейнеде болуы мумкін: 1) түр тармағы, 2) экотип және 3) биологиялық раса.

2.Түр тармағы, немесе географиялық раса дегеніміз — географиялық орны оқшау және т ұ р а қ т ы , морфологиялық белгілері жөнінен ажыратын географиялық популяциялардыңжиынт ы ғ ы. Бұл анықтамадан әрбір түр тармағына тән нақтылы морфологиялық белгілері және ареалы болатындығы көрінеді. Сонымен қатар бір түрге қарасты түр тармақтарының араласқан жерлерінде әрқашан аралық формалар кездеседі. Табиғаттағы түр тармақтары әр уақытта өз ара шағылысып, өсімтал ұрпақ беріп отырады, демек, бұлардың араларында физиологиялық және генетикалық оқшаулық жоқ.

Әдетте, ареалы көлемді түрлер көптеген түр тармақтарына бөлінеді. Мысалы Совет Одағының территориясындағы кәдімгі тиіннің жиырма екі түр тармағы бар.Толып жатқан популяциялар ішінен әрбір түр тармақ реңіне қарай ажыратылады, оның көптеген даналарын салыстырғанда ғана айырмашылық айқын көрінеді.

Сонымен қатар көршілес екі түр тармақтарының араларында әрқашан аралық белгілері бар особьтар кездеседі.

3.Түрдің ареалы тұтасып жатқанжағдайда көршілес екі түр тармағының шекарасын дәл ажырату қиын, себебі мұнда интерградациялық аралық зона болады. Бұл жерде бір географиялық раса екінші географиялық расаға сына тәрізді өзгергіштік сияқты біртіндеп еніп жатады.

Басқа жағдайларда түр тармақтық ареалдар біршама дәл ажыратылады, бұл түр ареалының табиғи бөлшектенуінен байқалады. Бұған теңбіл торғай мысал болады. Бұл түр Соломон аралдарында мекендейді; бұл бірнеше географиялық расалар құра отырып, әрбір расаның бір не бірнеше аралдар көлемінде меншікті ареалы болады.Бұлардың екі формаларының ғана реңі ұқсас, қалғандарының қораздары қауырсындарының әшекейлі түсті мәнерлерінде айырмашылық бар. Сонымен қатар, қай түр тармағының популяциясында болса да баска түр тармақтарына тән белгілері бар особьтар кездеседі. Сөйтіп түр тармақтарының ареалдары бір-біріне түйісіп жатпаса да, жеке популяцияларда географиялық расаларды біртұтас системаға байланыстырушы аралық формалар әрқашан болып отырады.

Экотип немесе экологиялық раса — тұрақты морфологиялық және биологиялық белгілері б а р және ареалынын, көлемінде белгілі орын тепкен экологиялық популяциялардың жиынтығы. Осыған орай экологиялық расалар бір географиялық орында кездесуі мүмкін, бірақ олар әр түрлі экологиялық жағ-дайларда мекендейді. Экотиптер өсімдіктерде сипатталған. Мұның мысалдары жоғарыда беріліп кетті

4.Биологиялық раса, немесе иелі расапаразиттік формалардың арасында кездесетін, белгілі бір иелерінде мекендеуге бейімделген популяциялардың оқшау жиынтығы. Жануарлар мен өсімдіктердің барлық паразиттік топтарында биологиялық расалар пайда болатыны көптен мәлім. Бүлар насекомдарда жақсы зерттелген. Мысалы, жапырақжегіде екі раса бар, мұның біреуі талдарда, екіншісі қайыңда мекендейді. Қызылша шыбынында , алабота өсімдіктерінде және алқа түқымдастарында мекендейтін екі расасы болатындығы дәлелденді.

Түрді жекелеп алғанда, сол түрдің ерекшеліктеріне және оның особьтары мекендеген сыртқы ортаның алуан түрлі жағдайларына байланысты бүл схема түрліше болып шығады. Түрді құраушы популяциялардың құрылымының өзі күрделі; бұл, түр таралған аймак көлемінде олардың ортаны меңгеруін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты түрдің құрылымы да күрделене түседі.

Лекция №19
Тақырыбы: Түрлердің реалдығы және биологиялық маңызы
Жоспары:

1.Түр критерилері.

2.Түрдің жалпы белгілері дискреттілік саны, біртұтастығы, тұрақтылығы, тарихилығы

3.Әртүрлі таксондардағы түрлердің құндылығы



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3

2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961

3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969

4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981

5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959

6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981

7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980



Қосымша:

8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974

9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969

10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976

11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977

12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.


Лекция мәтіні:

1.Табиғатта түрлер деп аталатын өзінің әр алуан құлпырған түршелерімен көз алдыңызға түрлі көрініс береді.

Жаңа түрлердің анықталуы, оларды сипаттау үзіліссіз жүріп жатады. Табиғатта түрлер көптеген белгілері мен қасиеттері арқылы ажыратылады. Оны түр критерилері деп атаймыз. Түрді анықтаудың бірнеше критерилері бар.

1.Морфологиялық критерий. Зерттеліп отырған органикалық формаға тән белгілерді табу мақсатымен ,оған морфологиялық-анатомиялық талдау жасалды. Сөйтіп бұл кретерий түрдің морфологиялық оқшаулығын көрсетеді.Бұл кретирийлердің ең ертедегі түрлердің бірі. Мұнда Д.Ж..Рей мен К.Линеийден бастап барлық буындардағы систематиктер пайдаланып келеді. Практикалық жұмыста бұл қарапайым және қолайлы. Ботаникадағы және зоологиядағы анықтамалардың бәрі осының негізінде құрылды.

Морфологиялық кретерийдің қолдануын көрсететін мысал ретінде VII түсті таблицада салынған сары шымшықтың үш түрін қарап өтейік. Бұлар Parus туысына жататын үш түр : Үлкен сары шымшық, Қоңыр басты шөже торғай, Айдарлы сары шымшық . Осы түрдің әрқайсының өзіне тән белгілері бар екендігін бзайқау қиын емес. Алайда сары шымшықтың айдары бар, төбесі жолақ реңді. Басқа екі түрінде айдары жоқ төбелері қара реңді .Анықтамада айдарлы сары шымшық тезада, ал үлкен сары шымшық пен қоңыр бас сары шымшық антитезада. Соңғы екеуі үлкен –кішілігіне және бауырының реңіне қарап бірінен –бірін ажыратуға болады. Үлкен сары шымшықтың ірілеу және оның бауырысары, ал қоңыр бас шөже торғайдың бауыры ондай сары емес. Бұл мысалдың морфологиялық кретерий негізінде осыдан жүз жыл бұрын Линей сипаттаған түрлер қазіргіде сол креттерий арқылы анықталатынын көреміз..

Мұнда біз сыртқы құрылысының және реңінің айырмашылықтарын пайдаланып жақын түрлердің ажыратудың өте қарапайым морфологиялық талдау әдісін қарап өтейік. Морфологиялық креттерий ішкі оргондардың морфологиялық және гистологи ялық құрылысы сияқты, құрылымдық белгілерін талдау қажет екендігін еске алуға тиістіміз.

2.Генетикалық кретерий негізінен екі жағдайда сүйкенеді. Біріншіден түрлердің кариотиптеріндегі айқын айырмашылықтары бар яғни хромосом жиынтығы жөнінен айырмасы бар. Екіншіден, әдетте әр түрге жататын особьтар табиғи жағдайда шағылыспайды.

Әдетте хромосом жиынтығы митоз фазасы сатысында көрініс береді. Кариотип жөніндегі ұғым хромосом сандарының олардың үлкен-кішілігін және пішінің анықтау негізінде қалыптасты. Жануарлар мен өсімдіктердің әр түрінің сомалық клеткаларындағы хромосом саны 2-ден 500-ге днйін болады.

Жануарлардың кейбір систематикасы топтарына тән хромосомалардың пішіні болады. Мысалы көш пелі шегірткелердің хромосомаларындағы таяқша тәрізді.Өсімдіктерді хромосомдарының пішіні онша тұрақты емес және олардың серіктері қылбуыт болады. Жеке хромосомалардың құрылысында детальдардың да систематикалық мәні бар.

Өсімдіктер мен жануарлардың бір туысына қарасты түрлердің сол туыс көлеміндегі систематикалық орындары мен олардың кариотиптік ерекшеліктерінің аралдарында белгілі корреляция болатыны көрсететін көптеген мысалдар бар. Скерда туысының 113 түрі зерттеліп олардың қарапайым түрлерінде храмасом саны көп болатындығы эволюциялық процесте хромосом саны аз түрлер пайда болатындығын пішіні ұзындығы және симметриясы өзгеріп отырады.



3.Экологиялық –географиялық кретерий -зерттеуіндегі биологиялық форманың географиялық таралуының заңдылықтарын және оның сыртқы орта факторлармен қарым қатынасын анықтау мақсатымен экологиялық –географиялық талдау қажет етеді. Сөйтіп бұл кретерий түрдің экологиялық-географиялық оқшаулықтығына дәлел болады. Әрбір түр белгілі аймақта яғни ареалдардың иемденеді. Түр осы аймақ көлемінде биотоптардың белгілі бір түрінде мекендейді. Мұнда түр тірі және өлі табиғаттың нақтылығы факторлармен тығыз байланысты. Осындай тәжірбиелік гипетеза түрді дұрыс түсіну үшін көп нәрсе береді, себебі бұл түрдің қалыптасқан және мекендейтін жайдайлрының сырын ашады.

4.Физиологиялық-биохимиялық критерийде зерттелген органикалық формалардың өзіндік ерекше қасиеттерін анықтау үшін оған жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді. Түрлердің әр алуан болуы олардың химиялық құрылымының әр түрлі болуынан түр ерекшеліктері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Себебі гаметаларда белгілі өзіндік ерекше белоктардың синтезделу әрекеттері кодталып қойылған . Благовиченский биосинтездің нақтылы өнімдері өсімдік дүниесінде белгілі жүйелі түрде болатынын дәлелдеді. Әр түрдің жеке топтарында өздеріне ғана тән жағдайда морфологиялық, органикалық қосылыстар синтезделеді. Мысалы: алқа, лалагүл және күрделігүлділер тұқымдастарына жататын кейбір өсімдік түрлері бір-біріне алколоидтарды түзу және жинау қабілеті бойынша ажыратылады. Сол сияқты бұршақ тұқымдасының кейбір жақын түрлері азотты түрлі жолдармен жинайды.

2.Бір туысқа жататын түрлердің ареалдары мүлдем оқшау болуы да немесе олар бір-біріне жанасып іргелес жатуы да тіпті тұтаста болуы мүмкін. Оқшау ареалдары бар түрлер аллопатрикалық түрлер делінеді. Іргелес немесе тұтас ареалдарды түрлер симпатрикалық түрлер делінеді.




Лекция №20

Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат
Bio -> Лекция: 15 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ: 30с обсөЖ : 30с
Bio -> «Химия тарихы» пәні бойынша
Bio -> Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекциялар 10с Лабораториялық сабақтар 5с СӨЖ 15с обсөЖ 15с Барлық сағат саны 45с Қорытынды бақылау емтихан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет