Лекция 30cағат Практикалық сабақ 15 сағат ожсөж- 45сағат CӨЖ 45 сағат Емтихан 6 семестрде


Тақырып : Егіншіліктің ғылыми негіздері. Егіншіліктің негізгі заңдары. Ауыспалы егімтер. Егіншіліктің топырақ қорғаудағы маңызы



бет7/13
Дата29.03.2017
өлшемі2,74 Mb.
#12539
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Тақырып : Егіншіліктің ғылыми негіздері. Егіншіліктің негізгі заңдары. Ауыспалы егімтер. Егіншіліктің топырақ қорғаудағы маңызы

Егішілік жүйесі деп егін орнын тиімді пайдалануға,топырақтың құнарлығын көтеріп,ауыл шаруашылық дақылдарына жоғары және тұрақты өнім алу мақсатына бағыттал,ан агротехникалық,мелиоративті ұйымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан жинақты шараларын айтамыз.

Егіншілік жүйесі топырақ құнарлылығын толықтыруға, сақтауға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Ғылым мен техника дамуына байланысты егін жүйесінің міндеттері күрделене түседі. Өндірістік қатынастар, топырақ құнарлығын қалпына келтіру және арттыру әдістері, егіс көлемі, танап көлемі, егілетін егіс түрлері, соған байланысты жалпы егіншілік жүйесі өзгереді. Егіншілік жүйелері қарапайым, экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.

Егіншіліктің қарапайым жүйесі топырақтың тек табиғи құнарлылығын пайдалану негізінде егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән. Бұл егіншілік жүйесі ерте заманда жерге жеке меншіктілік бола қоймаған кезде қолданылған. Бұл егіншіліктің жай, қарапайым күрделі емес жүйесі. Орманды жерлерде ағаштарды кесіп немесе өртеген.Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 дәнді дақылдар себілген.Танапта арамшөптер көбейіп,топырақтың құнарлығы азайып,өнім төмендей бастағанда бұл жерді тастап,егіс үшін орманнан басқа егінжай дайындаған.

Егінші тастап кеткен танаптар,а қайтадан табиғи шөптер,ағаштар өніп,көп жылдар өткен соң жердің құнарлығы қалпына келетін болған. Егіншіліктің бұл жұйесі кесіп-өртейтін егіншілік жүйесі деп аталады.

Оңтүстік дала аймақтарында ерте заманда қарапайым егістік жүйесінің басқа тыңайған-ауысу түрі қолданылады.Даналық аймақта ағаш тектес өсімдіктер өспейтіні,көпжылдақ шөптер өсетіні белгілі.Сондықтан бұл аймақта жерді егінге дайындау үшін әдейіліп өртеудің қажеті жоқ.Егістің түсімі төмендеп,топарақтың құнарлығы азая бастаған кезде диқандар сол жерді тастап,басқа жерге ауысап отырған.танаптың құнарлығын еөтеру үшін адамдар ешқандай щара қолданбаған.Диқан тастап кеткен танапқа табиғи шөптер өсіп,15-20 жалдан кейін топариқтың құнарлығы қайтадан қалпына келген.

Егіншіліктің экстенсивті жүйесі-бұл жүйе бойынша егіске жарамды жерлерді пайдаоану едәуір жақсарды.Жерге жеке меншіктік пайда болуына байланысты диқан бұрынғыдай кез келген жерді егістікке арнап жырта беру мүмкіндігінен айрылды.Енді бір-ақ жол-топырақтың тыңайып,құнарлағын қалпына келтіру мерзімін кеміту қажет болда.Топырақты тыңайтуға қалдыру мерзімі бір жылға дейін қысқарда.Дақылдар себілмеген танаптарда арамшөптергге қарсы күрес жүргізу қажеттілігі туды,яғни егінжайда ештеңе егілмесе де,ол жаз бойы ол баптап күтілді.Сөйтіп,егіншіліктің пар жүйесі пайда болған.

Кейін парға қалдырылған егінжайларға органикалық,минералдық тыңайтқвштар енгізілетін болады.Слғашында ауыспалы егіс екі танаптан ғана тұрда.Бір танапты парға қалдырып,екіншісіне астық дақылдары себіледі.Бірте-бірте екі танапты ауыспалы егістіктің орныра үш танапты ауыспалы егіс пайдалана бастады. Танапқа бір жыл күздік дақыл,екінші жылы жаздық дақыл егіліп,үшінші жылы парға қалдыралытын болды.



Егіншіліктің интенсивті жүйесі егіншілік жүйесінің ең жоғарғы сатысы.Бұл егіншілік жүйесінде егіске жарайтын барлық жерге дақылдар егіледі.Таз пардың үлесі мүлде кемиді. Жердің құнарлығын жақсарту үшін органикалық,және минералдық тыңайтқыштар кеңінен қолданылады.Арамшөптарді құрту үшін механикалық тәсілдермен қатар,химиялық тәсілдер-гербицидтер қолданыоады.Өнімді көбейту үшін дақылдарды тезднп өсіретін кең жағдайда олардың биік болап өсіп кетуін тежейтін әр түрлі химиялық заттар пайдаланады.
10: Тақырып: Топырақ сулары мен топырақтың сулы қасиеттері.

ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҮРАМЫ

Топырақ негізгі үш фазадан тұрады: топыраі. гын катты фазасы, топырақтың ауасы және ылғалы. Сонғы жылдары көрнекті топырақ зерттеуші профессор А А. Роде төртінші фаза ретінде топырақтың тірі фазасын ұсынды. Бүл әбден дұрыс сияқты, себебі төменгі сатыды жәндіктер мен өсімдіктерсіз, микробтарсыз топырак болмайды

Топырақ су сыйымдылығы бар қопсытылған дене болгандықтап, оның құрамында әрдайым азды-көпті ылғал кездеседі. Бұл ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашыннан, жер бетіндегі су мен жер астындағы ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әр килы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерде тапшылау. Ал топырақтағы ылгал өсімдіктерге турліше сіңеді. Ылгалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы топырактағы ылғал бірнеше түрге бөлінеді.

Химиялық байланысқан су. Бұл — топырак минералдарының химиялык. құрамына кіретін ете тығыз байланыска түскен су. Сондықтан ол топырақтағы биология-лык қүбылыстарға катыспайды.

Бу күйіндегі су — топырақ кеуектерінде судың әр түрлі температурада булануынан пайда болатыл су. Бу күйінде өсімдіктерге сіңбейді, ал тамшыға айналған кезде өсімдіктер жақсы сіңіреді.

Гигроскопиялық су — топырақтыц беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйіндегі су. Ол өсімдіктерге пайдасыз, топырақпен өте тығыз байланыскан, өйткені оны 100 градустан астам температураға дейін қыздырған кезде ғана буға айналады.

Қылтүтік суы — топырақ қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжып жүретін су, оңы өсімдіктер оңай сіңіре алады.

Гравитациялык су өз салмағымен топырақтың жоғарты кабатынан төменгі -қабаттарына жылжитын сулар, өсімдіктерге онай сіңеді. Бірақ өз салмағымен жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, сондықтан ол жер асты ыза суының қорына косылады.

Жер асты ыза суы — топырактың, көбінесе топырақ түзуші тау жыныстарының әр түрлі терең кабатында әдетте, су өткізбейтін қабатына жиналатын су. Топырақ кабатында көп тереңдікте жатады, топыраққа және өсетің өсімдіктерге еш әсерін тигізбейді.

Топырақ суын ен таза су деп түсінбеу керек. Оның кұрамында әр түрлі коректік заттар кездеседі. Сондыктан топырақ суы — оның қүнарлылыгының бір негізгі шарты Академик Г. Н. Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келе оңы адам канымен салыстыргаң еді.



Топырақ ауасы. Топырак копсыған кеуек дене, сондықтан оның құрамында барлык уакытта азды-көпті ауа болады. Топырақтағы ауаныц мөлшері топырактың ылгалдылығына, тырыздылыгына, өнделу жағдайларына, механикалык құрамына, оңда өсіп тұрған есімдіктерге т. б жағдайларга байланысты .

Топырақ — көптеген өсімдітер мен микроорганизмдердің тіршілік ететін мекені. Олар тыныс алады, органикалык заттарды ыдыратып, ауага ушырады. Соныц нәтижесінде топырақ ауасының кұрамы атмосферадағы ауаға қараганда өзгеше болады. Мысалы, топырак ауасындағы көмір кышкылының мөлшері 0,15—1,65 процент шамасында, ал атмосферағы мөлшері небәрі 0,03 проценттей ғана болады. Топырақ ауасындағы оттегі атмосферадагы оттегіне қараганда анағурлым аз.

Топырак ауасы оны мекендейтің өсімдіктер мен микрорганизмдерге көп әсер етеді.

Т о п ы р а қ т ы н ы ң ылғал с и ы м д ы л ы ғ ы. Топыраққа келген су оны ылғалдап, оның ұсақ бөлшектерін бірнеше қабат болып қоршап алады. Су топыраққа жа-бысып қалады, оиы топырақ беткейлігімен берік ұстап тұрады. Судың кабаттары топырақ бөлшектеріне неғұр-лым жақын болса, олардың езара байланысы солғұрлым берік болады да, су топырақта солғұрлым берік ұстала-ды. Сонымен бірге, су топырақтың тар куыстарында — қылтүтіктерінде де ұсталады.

Су өз салмагыныц әсерінен еркін төмен өте алатын жағдайда топыра^тьщ су ұстап қалу қабілетін топырақ-тьщ сутутқырлық қабілеті, ал соған сэйкес жағдайларда ұсталып қалган судың мөлшерін топырақтьщ ылгал сиымдылығи деп атайды.

Түрлі топырақтардың ылгал сиымдылығы да түрліше болады.

Қарашірікке бай 100 грамм сазды топырақ 50 грамм не одан көбірек суды ұстай алады, ал 100 г. құм топырак 5 грамнан 25 грамға дейін ғана су ұстай алады. Саз жә-не саздақ топырақтардың жыртылған қабатынан альш-ған 100 г. топырақ көбінесе 30—40 г (30-40 процент) су ұстай алады; шымтезекті топырақтардын, ылғал сиымды-лығы өте жоғары болады —100, 200, 300 процент кейде одан да кеп.

Топырақтың су сиғызғыштығы. Егер топырактық астында су еткізбейтін кабат болса, күшті жаңбыр не суару кезінде оньщ барлық қуыстары суға толады. Топырақтын куысы неғұрлым көп болса, оған солғұрлым көп су орналасады. Судын бұл мөлшері то пырақтық су сиғызшштырына сәйкес келеді.

Топырақтың ылғал сиғызғыштығы көлемі жөнінен альт қараганда өзінің кеуектілігіне тең екендігі анык,. Су сиғызғыштығы топырақтық ылғалы сиымдылығынан ажырата білу керек, ылғал сиымдылык, дегеніміз — то­пырак, тольщ ылғалданып, артьщ су қуыстар арқылы те­мен немесе ылдиға щарай жанжағына еркін агып кете алатын жағдайларда топырақ ұстап қалатын судыц мөл-шері.

Топырақтағы судық әр түрі. Топырақ-тағы судың сапасы бірдей емес. Топырақтағы судың бір-бірінен айырмашылығы үлкен, ец басты алты категория-ларын ажыратып көрсетуге болады: 1) байланыщан, еріксіз, топырақ бөлшектері өте берік ұстап тұрған су, мүньщ көпшілік бөлімі өсімдіктерге пайдасыз; бұл гигроскопиялық, өте гигроскопиялық және жұқа қабат түзетін су; 2) топырақтағы орташа мвлшерлі кеуектерде ор-наласқан қылтүтік суы; 3) топырақтан темен қарай, не ылдиды бойлап жан-жағына ағып кете алатын еркін, гравитациялық су 4) топырақ ауасының ішінде болатын бу түріндегі су; 5) топырақ қатқанда пайда болатын қат-ты (мұз) су; 6) елген, бірақ шіріп үлгірмеген өсімдіктер-дің клеткаларында болатын клеткалық (осмостық) су.

11 Тақырып:ТОПЫРАҚТЫҢ СУ-АУА РЕЖИМІ

Топырак күнары мен онда болатын процестерге оныц физикалык касиеттері көп эсер етеді, үйлесімді су-ауа режимі физикалык касиеттерге тікелей байланысты. То-пыракта коректік заттар жеткілікті болып, ауа немесе су тапшы болса, есімдіктер нашар өседі, ал кейде тіршілігі токтап калады. Топыракта ауа мен судын үйле-сімді мөлшерде болуы оның кеуектілік дәрежесімен аныкталады. Ал кеуектілік топырактын түріне байла­нысты. Адамдар топырактын кеуектілігін жасау үшін оны колдан өңдейді. Қопсыған, жыртылран бір кг топы­рактын жартысына дейін кеуек болады да, калғаны катты бөліктін үлесіне тиеді. Шымтезекті топырактарда кеуектілік одан да артық, ал кұм топырактарда кеуектілік 30—40 болады. Өсімдіктер тамырлары кеуекте жаксы өсіп, онай тарамдылады.

Топырактын су өткізгіштігі де оиын кеуектілігіне тікелей байланысты. Қүрылымы жаксы топырактарға су оңай сініп, өсімдік тамырларына тез жетеді. Мұндай топырактарда су мен қатар, жеткілікті мөлшерде ауа да сакталады. Сондыктан да бұл топырактарда судын булануы темендейді де, сінген ылғал ысырап болмай, біраз уақытка дейін дүрыс сакталады. Топырактын суды өзіне сініріп, үстаи калу касиетін «су сыйымдылыры» деп атайды. Әр түрлі топырактын су сыйымдылығы да әр түрлі. топырактың су сыйымдылыгына онын кеуектілігімен катар, механикалык кұрамы, топырактағы карашіріктін мөлшері де әсер етеді. Мысалы, карашірікке бай 100 г балшықты топырак 50 грамдай суды бойына үстаса, 100 г кұмдак топырак небәрі 5—25 г ғана суды үстай алады. Ал органикалык заттарға өте бай шымтезекті топырактардың 100 грамы өзінен екі-үш көп суды сініре алады.
12 Тақырып Су өткізгіштігі,су кқтерілу,су сыйымдылығы

Топырактын кұрылымы бұзылып, кажетті кеуектілігі сакталмаса, онда ол нығыздалып, кыл түтіктер бірі-бірімен жалрасып, ылғал осы кылтүтіктер аркылы тез буланып кетеді. Мүндай жағдайды болдырмас үшін топыракты дер кезінде өндеп отыру кажет. Ал суармалы жерлерде топырақты суару шаралары ретсіз жүргізіл-мей, онын су сыйымдылығы, су өткізгіштігі т. б. сиякты касиеттерін ескерген жен. Топырактын жылылык касиеті — онын кажетті касиеттерінін бірі, жылу белгілі бір мөлшерде жеткен кезде гана өсімдіктер тамыр жая бастайды. Жылу әсерінен микробиологиялык және хи-миялык процестердін каркыны өзгереді. Топырак жылуды күннен алады. Сонымен катар жылу топырактагы микробиологиялык процестерден, өсімдіктер мен жануарлар калдыктарынын ыдырап-шіруінен, кейбір топы­рак күрамындары заттардын өзара косылыска түсуіндегі реакциядан және баска кұбылыстардан пайда болады. Әр түрлі топырак күн нүрынан түрліше кызады. Ашык түсті топырактарға карағанда, карашірікке бай кара топырактар мен кызғылт- кара коңыр топырактар анағүрлым тез жылынады. Ал кұмдак топырактар балшыкты топырактарға қараганда жылдам кызады.

Кейбір сортанданган немесе түзды топырактар еліміздін онтүстік жэне орталык зоналарында басым. Оларды тиімді пайдалану үшін алдын ала мелиорациялау кажет. Ал біраз аймактардың топырактары қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты кұнарсыз топырақка айналған. Мысалы, Достастык мемлекеттерінің терістік және батыс аймактарында ылғалдын молдығынан батпакты топырактар көп кездессе, онтүстік алкаптарында ылғалдын аздыгынан шөлейт немесе нағыз шел топы­рактары кездеседі. Табиғи жардайда бұлардың кұнары жоқтың касы. Олардын кұнарын арттыру үшін шелді аймактарды колдан суарып, батпакты аймактарды күрғатып, топырактын ауа-ылгал тәртібін реттеу кажет.

13 Тақырып:Агроценоз туралы түсінік.

Агроценоз,агрономиялық ценоз (егіс) белгілі территория егістігін құрайтын ауылшаруашылық дақылдарының жиынтығы,мағынысы тұрғысынан алғанда өсімдік өніп-өсу жағдайын және егістік жердің өнімділігін талдау деген сөз.Оған жақын термин-агрожүйе деп егістік жерді жүйемен талдап,өнім алып және іске асыру әдістерін айтады.

Агроәкожүйеге агроценоз және онымен байланысты,оны анықтайтын табиғи-әлеуметтік жағдайлар жатады.Табиғи биоценоздарға қарағанда агроценозда немесе жасанды экологиялық жүйелерде адам топырақ құрамын,жағдайы мен қасиеттерін,сондай-ақ тірі организмдер түрлерінің санын,бағыттай алады. Адамның агрожүйелер құрудағы мақсаты-егістік өнімділігін көтеру,агрошаруашылық продукциясан өндіру,және табиғат қорғау болып саналады. Табиғи экожүйелер сияқты агроценоз да күн энергиясын пайдаланады,бірақ одан мынадай айырмашылығы бар:1)өнімді арттыру үшін қосымша күш қолданылады.2)өнім алу үшін адам агроценоздық жүйелер жан-жақтылығын азайтады,мыс., бір табиғи алаңда өсімдіктердің бірнеше түрлері болса,егіс танабында бірақ өсімдік түрі болады,3)агроценоз құрайтын басты өсімдіктер мен организмдер түрлерін қолдан іріктеп алады-бұл ауылшаруашылығының жоғары өнікті өсімдік сорттары мен мал тұқымдары,4)агроценоздағы барлық басқару сырттан болады және ол сыртқы мақсатқа бағынады, оған мысал:әлемде өсіп отырған табиғатты қорғайтын агротехникаға және қазір кеңінен қолданылып отырған топыраққорғау егіншілік жүйесіне деген ынталық АҚШ-та ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында топырақ эрозиясы салдарынан туған агроценоздағы су мен қоректік заттар құбылысы туралы білімді тереңдететін және ауылшаруашылығын жүргізудің жаңа әдістерін игеретін уақыт енді келді. Соның нәтижесінде: біз жылу сәулесін тиімді пайдалана аламыз-қазір өсімдіктер күн энергиясының тек 2%-ін пайдаланса,келешекте 3-4%-ке жеткізе алсақ,соншама мөлшерге өнікте артар еді, суармалы егістікте су шығынын азайту керек,тыңийтқыштардағы қоректік заттар тиімділігін арттырып,оның шығынын төмендетуге,аңыздық органикалық заттарды топырақ жамылғысына,сүрлемге немесе энергия қорына айналдвруға болады,жан-жақты дақылдар мен ауыспалы егістікті көбейте отырып,орынсыз көп химикаттар пайдалануды азйта аламыз,топырақты нольдік немесе минималдық өңдеуге көшіру керек.

14 Тақырып:Агроценозды басқару.

Топырақты керексіз өңдеуді,қопара беруді және оны химиялық заттармен ластауды азайту арқылы,симбиозды агроценоз жүйесін,топырақ құнарлығын ұзағымен арттырып,тұрақты агрожүйе құра иламыз. Америка ғалымы Джексон (1984) бойынша тұрақты ауылшаруашылығын жасау жолдары мынадай:



  1. Энергия шығынын азайту (мыс,АҚШ-та 1 гектардан 7 т жүгері дәнін илуға 8,4 млн.ккал энергия жұмсалады)

  2. Химиялық заттар қолдануды қысқарту,себебі тірі жануарлар клеткаларының бұл уларға қарсы дамыған тәжірибесі жоқ.

  3. Әр гектардың өнімділігін арттыру үшін адамды жерге жақындату керек

  4. Топарақ құнарлығының төмендеуін тоқтату.

  5. Топырақтың су-қорек режимін оптималдау және өсімдіктердің аурулур мен зиянкестерге төзімділігін арттыру.

Аталған қағидалар- біздің ел ауылшаруашылығына да лайықты болғандықтан,алдағы уақытта іске асыратын осы жұмыс,келешекте азық-түлік проблемасын шешудің кепілі.
15 Дәріс

Тақырыбы: Тыңайтқыштар.

Тыңатқыштар-өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.

Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.

Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың қуатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы қант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады.



Органикалық тыңайтқыштар.

Тыңайтқыштардың негізгі тобының бірі. Органикалық тыңайтқыштар дақылдарының өнімін арттыруда зор маңызға ие болады. Тыңайтқыштың бұл тобының құрамындағы қоректік заттар көбінесе органикалық қосылыстар түрінде болады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажетті бірнеше қоректік заттар болмағандықтан күрделі тыңакйтқыштар қатарына да жатады. Ал органикалық қосындылардың өздері өсімдік тектес немесе жануар тектес болып келеді. Органикалық тыңайтқыштарға жататындар: көң, қи садырасы, құс саңғырығы, қорда, шымтезек және жасыл тыңайтқыштар, ағын су тұнба лайы, тері илеу және тамақ кәсіпорындарының қалдығы.

Көң-өте ерте заманнан бері үй тұрмысында отын, егіншілікке күрделі органикалық тыңайтқыш ретінде қолданылып келеді. Көңнің шала шіріген түрлері бар. Көңнің құрамындағы қоректік зат мөлшері олардың қалай дайындалуына және сақталуына байланысты. Шала шіріген аралас көңнің құрамында 0,5 процент азот, 0,25 процент фосфор және 0,6 процент калий болады.

Садыра-құрамында 0,2 процент азот және 0,6 процент калий бар көң дайындауда бөлінетін сұйық қалдық болып табылады. Дайындалған қи неғұрлым бос сақталса, одан қи садырасы да соғұрлым көп бөлінеді және керісіеше.

Садыра, негізінен, жануарлардың сұйық қалдығы және қидың ыдырауы нәтижесінде бөлініп шыққан заттардан құралады. Қи садырасы азотты-калийлі тыңайтқыш ретінде тез әсер етеді.

Құс саңғырығы да бағалы органикалық тыңайтқыш. Ірі қалалардың және өндіріс орталығының маңында үлкен құс фабрикаларының салынуына байланысты құс саңғырығын пайдалануға мүмкіндік арта түсті.



Жасыл тыңайтқыштар (сидераттар)

Сидератар деп қолдан егілетін біржылдық бұршақ тұқымдас дақылдарды өсіп гүлденгенге дейінгі кезеңінде, сол қалпында жырып тастауды айтады. Бұршақ тұқымдас дақылдардың тамырында түйнек бактериясының арқасында оған азот қоры мол жиналады. Бұл дақылдар ауадан азот жинайды, ал мұны күшейту үшін олардың тұқымдарын екпестен бұрын нитрагинмен немесе арнаулы препараттармен өңдейді. Сонда бұл дақылдардың атмосферадан азот сіңіруін күшейтеді. Сонымен қатар, жасыл тыңайтқыштардың құрамында фосфор және калий элементтері жоқтың қасы болғандықтан, топырақты өңдемес бұрын оған фосфор мен калий тыңайтқыштарын енгізу тиімді болып табылады.

Сидератты дақылдардың өсіп-жетілу кезеңінде әр гектарында 800,1000 текше метр есебінен кемінде екі дүркін суарады. Күзде өсімдік бүршік атқан кезде сидератты топыраққа сіңірердің алдында танапты жақсылап суарып, топырақ өңдеуге дайын болғанда, жырту бағытында катокпен жығып, оның көк балаусасын майдалау үшін дискілі сыдырғыштарымен өңдейді. Содан кейін гектарына 5...6ц суперфосфат және 1...1,5ц калий тыңайтқыштарын енгізгеннен кейін ғана топырақты 28...30 см тереңдікте жырту арқылы сидераттар топырақ қабатына енгізіледі.
16 Тақырып:Пестицидтер.Гербицидтер
Минералдық қоректену дегеніміз-өсімдіктердің минералдық тұздарды өз бойына сіңіру процесі. Бұл процессіз өсімдіктер бойында органикалық қосындылардың пайда болуы, яғни олардың өсіп-дамуы мүмкін емес.

Азотты тыңайтқыштар-құрамында өсімдікке қорек болатын азотты бар органикалық және минералдық заттар. Азотты минерал тыңайтқыштарының көп тараған түрі: аммиак силитрасы, аммоний сульфаты, мочевина, азотты сұйық тыңайтқыштар.

Қызғылт қоңыр топырақты жерлерде негізгі тыңайтқыш ретінде аммоний сульфаты, үстеме қорек ретінде өзгелері қолданылады.

Қазақстанда Қарағанды металлургия заводы ғана аммноний сульфатын шығарады. АЛ азот тыңайтқыштарының басқа түрлері өзге республикадан әкелінеді.

Тыңайтқыштардың әрқайсысының өздерінің өңделу ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі өзгешеліктері, түрлі қасиеттері бар. Оларды нақтылы білу-тыңайтқыштарды егіншілікке тиімді пайдалануға көмектеседі.

Микротыңайтқыштар.

Микротыңайтқыш құрамында өсімдікке өте аз мөлшерде қажет мыс, кобальт, мырыш т.б. болады. Топырақта өсімдікке сіңетін микроэлементтер жеткіліксіз болса дақылдың өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады.

Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігінде маңызы үлкен. Олар ферменттер құрамына кіреді, дақылдың өнімін арттырады.

Агротехникалық талапқа сәйкес егістің 1 кг топырағында 1 мг бор, 50...100 мг марганец, 6 мг мыс, 1...2 мг мырыш, 0,3 мг молибден болуы керек, ал орташа есеппен Қазақстанның егістік жеріндегі топырақтың 1 кг-да 0,4 мг бор, 45 мг марганец, 0,5...5 мг мыс, 0,17 мг мырыш, 0,2 мг молибден бар. Қазақстан жағдайында микроэлементтер жеткіліксіз болғандықтан, дақылдың өнімін, оның сапасын жақсарту үшін микроэлементтер қажет.



Бактериялық тыңайтқыштар.

Дақылдар өнімін және оның сапасын арттыруға бактериялық тыңайтқыштар да тиімді әсер етеді.

Бактериялық тыңайтқыштар құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроорганизмдері бар. Бұл өсімдік тамыры айналасына микроорганизмдердің жиналуына жағдай туғызады да, топырақтағы биохимиялық процестерді күшейтіп, өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуін жақсартады. Сондықтан топырақтағы пайдалы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін күшейту мақсатында оларды жеке өсіріп, содан соң топыраққа қолдан қосу ұсынылады. Мұндай микроорганизмдерден дайындалған препаратты бактериялы тыңайтқыштар деп атайды.

Біздің елімізде нитрагин, азотбактерин, фосфоробактерин, шымтезек пен әк араласқан бактериялы тыңайтқыш, силикат бактерияларынан жасалған препарат және АМБ препараты жасалып қолдануға ұсынылады.


17 дәріс

Тақырыбы:Арамшөптер

Арамшөп-егін арасында өсетін дала өсімдіктері. Табиғи шабындықтар мен жайылым шөбінің сапасын кемітетін улы және азықтық қасиеті жоқ өсімдіктер де арамшөп қатарына жатады. Бір дақылдың арасында екінші бір дақыл, мәселен бидай егісінде арпа өсіп тұрса, мұны да зиянды өсімдік деп есептейді.

Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді: ылғалға, қоректік заттарға ортақ болады, егіннің түсімін, өнімнің сапасын кемітеді, топырақты баптау жұмысын қиындатады, егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады.

ССРО-да арамшөптің 1500 түрі кездеседі. Республикамызда жиі ұшырасатын арамшөптер: қара сұлы, итқонақ, алабота, шырмауық, кекіре, қызғылт қалуен, сары қалуен т.б.

Егіс танабының арамшөптерден тазалығы егіншілік мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады.

Арамшөптермен күрес-егісті күтіп баптаудағы аса маңызды агротехникалық шаралардың бірі.



Арамшөптер келтіретін зиян. Жергілікті жағдайға барынша бейімделіп алған арамшөптер мәдени өсімдіктердің қоректік заттары мен ылғалдың асыл қорын алып, олардан гөрі тезірек өсіп жетіледі. Олардың ірі жапырақтары мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп жарық түсірмейді. Арамшөптер топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды пайдаланады да, мысалы, оларды күріш өсімдігіне аз қалдырады, нәтижесінде олардың өнімін 15...20 процент кемітеді. Ал егістік қалуен көген тамырлары арқылы 1 гшектар жерден 67 кг азот, фосфор және 160 кг калий, ал шайқурай 1 ц құрғақ зат құрау үшін 623 ц су пайдаланады.

Көптеген зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, тіпті бір жылдық жалпақ жапырақты арамшөптер, егер олар шаршы метр жерге 100...200 түптен келетін болса, топырақтан әр гектарға шаққанда 60...140 кг мөлшерінде азт, 20...30 кг фосфор мен 100...140 кг калийді сіңіреді. Бұл шама сол жерге егілетін бидайдыңгектарынан 30 центнерден астам түсім беруіне жеткілікті болар еді.

мәдени өсімдіктер топырақ бетіндегі әр грамм жасыл масса үшін 3,20 гр су жұмсаса, ал арамшөптер-6,57 грамм немесе екі есе көп жұмсайды екен.

Арамшөптердің дақылдарға көлеңке түсіруі оның өсіп-жетілуініңең соңғы кезеңінде де зиянды. Күн сәулесі түспеген өсімдіктердің дәні нашар толысады, ол әлжуазданып, өсімдік пен оның тұқымындағы қоректік заттардың мөлшері азаяды. Арамшөптер тамыр жүйесінің күшті дамуына байланысты топырақтың терең қабатындағы су қорын мәдени өсімдіктерден әлдеқайда бұрын, әрі көп мөлшерде алып, оларға өте қолайсыз жағдай туғызады.

Міне сондықтан да арамшөптермен күрес-ол ылғал үшін күрес.

Мәдени өсімдіктердің егісінде арамшөптердің санын, зияндылығын барынша азайту немесе танаптардан оларды толық жою, ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіруіне жұмсалатын шығынды елеулі түрде төмендетеді. Арамшөп мәдени дақылдың қорегін, ылғалын және жарығын пайдаланып, өнімін азайтады.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет