Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент



бет12/47
Дата05.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#18276
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Құжаттардың тағайындалуы
Құжаттар кәсіпорында болып жатқан барлық жағдайлар туралы ақпаратты сақтау үшін арналған және экономика тұрғысынан мағынасы бар. Құжаттар көмегімен есептік шоттар мен төлемдер бейнелейді, операциялар, бірақ кассада және кадрлық ауысымдар, қойма бойынша қозғалыстар және осыған ұқсас жағдайлар. Мысал болып «төлемдік тапсырыс», «шот», «кірістік үстеме қағазы»; «Кірістік кассалық ордер» және т.б. Әр бір құжат түрі өз түрінің жағдайын көрсету үшін арналған. Бұл оның конфигурацияда бейнеленетін, құрылымын және қасиетін анықтайды.
Құжаттар жүйенің компоненттерімен жүзеге асырылатын негізгі механизм үшін орталық роль атқарады. 1С: Кәсіпорын жүйесінде құжат негізгі есептік бірлік болып табылады. Әрбір құжат нақты шаруашылық операция жөніндеақпаратты қамтиды және өзінің нөмірімен, күнімен және уақытымен бейнеленеді. Күн және уақыт құжаттың маңызды мінездемесі болып табылады. Өйткені жүзеге асырылған операция қатаң уақыттың тізбегінен құрылады. Барлық құжаттар (түріне қарамастан) бір келкі тізбекті құрайды. Нақты түрде, бұл тізбек жағдайларының тізбегін көрсетеді, өйткені олар нақты түрде болған. Күн ішінде құжаттар тізбегі олардың уақытымен анықталады және бұл жағдайда құжат уақыты құжатты енгізу уақытының нақты бейнеленуін ғана емес сонымен қатар, барлық құжаттарды бір күн ішінде тізуге мүмкіндік береді.
Құжатқа енгізлетін мәліметтер көп жағдайда болып жатқан жағдай туралы ақпаратты қамтиды: мысалы, үстеме қағазында қандай қоймадан қандай тауар және қанша берілгені жөнінде ақпарат; жұмысқа қабылдау жөніндн бұйрықта – қызметкер жөнінде ақпарат, жалақы және басқа да ақпараттар. Құжатқа өзіндік жазудан басқа тағы бір маңызды қасиет оны жүргізу болып табылады. Жүргізу кезінде құжат компонентері мен іске асырылатын механизмдегі жағдайларды көрсету болып табылады. Мысалы, егер «Бухгалтерлік есеп» компоненті құрылса оны құжатта қамтылатын бухгалтерлік есеп ақпаратында жазулар түрінде көрсете отырып, құжат бухгалтерлік операцияны жазу мүмкін.
Құжаттар құрамы
Программистер көз қарасынан құжаттың экрандық қалпы – Диалогы бар. Қолданушы осыны көреді. Сонымен қатар, құжатта бір немесе бірнеше қағаздық қалып – Кесте болады. Кесте арқылы құжат қағазға басылып шығады. Құжаттың тәртібі енгізілген тіл көмегі арқылы анықталады. Тілде құжат жүйеде не атқаратыны, ол қалай қағаздық бланкіні қалыптастырады және экранда ол өзін қалай ұстайтыны жазылады.
Құжат незізінде басылымдық қалыпта болады. Басылымдық қалып толық түрде 1С:Кәсіпорын енгізген тілмен қалыптастырылады. Бұл 1С:Кәсіпорын жүйенің сондай сәттілігінің бірі. Құжаттың басылымдық қалпы – бұл нақтылық есеп, құжаттың ашық қалпын қалыптастыратын және осы құжаттағы ақпараттың иемденуі. Басылымдық қалыпты қалыптастыруды үйрену үшін сізге есеп бөлімін оқу қажет. («Кесте» объект)
Құжатта басылымдық нысандық бірнеше шаблоны болуы мүмкін. Енгізілген құралдың тілімен қолданылатын басылымдық нысандағы шаблондар құралуы қажет.
Басылымдық нысанның шаблоны жалпы болуы мүмкін. Бұл бізге бір шаблон арқылы бірнеше құжаттар түрін басып шығаруға мүмкіндік береді. Яғни жалпы кесте конфигурация үшін жаһанды болып табылады және әрбір модулде қолданылуы мүмкін. Конфигурациялық түрдің мысалы ретінде «Құжаттың қозғалысы туралы есеп» басылымдық нысан ретінде болуы мүмкін.
Құжаттардың жүргізілуі.
Кейбір құжаттар жүргізілуі мүмкін. Қолданушы тұрғысынан құжатты жүргізу оны «іске кіргізу» деген мағынаны білдіреді. Программистер тұрғысынан құжаттарды жүргізу кезінде құжаттарды жүргізу модулі жұмыс істейді. Осы құжатты жүргізу кезінде барлық істер анықталады. Мысалы «жұмысқа алу жөнінде бұйрық» жүргізу кезінде бұл құжаттың модулі жұмыс істейді.
Құжаттар реквизиті.
Құжаттың әрбір түрі көп жолдық бөлімдерде шексіз реквизиттер саны болуы мүмкін. Құжат үшін енгізу нысаны – экранды диалог құрылады. Құжат үшін құрастыру кезінде жалпы мінездемелер сұранады; құжат нөмірінің ұзындығы және т.б. барлық құжаттар нөмірімен, күнмен, уақытпен мінезделеді.
«Шапка» термині – жеткілікті түрде шартты және құжаттың қағаздық бланкасының жоғарғы бөлігінде орналасқан құжаттардың реквизиттерінде ғана емес жатуы мүмкін. Сондықтан жалпы жағдайда бастамасы бөлімнің реквизиті болып, құжатта бір рет кездесетін әрбір реквизит табылады. Құжаттың кестелік бөлімі бір түрлі ақпаратты жолдар тізімін ұсынады. Мысалы жоғарыда айтылып кеткен төленуге шоттардың кестелік бөлімі – бұл төленуге тиісті қызметтер мен тауарлар түрі. Құжаттың құрылымы 1С:Кәсіпорын 7.7 тек қана бір кестелік бөлімді қамтуы мүмкін.
Конфигураторда құжаттарды құру кезінде құжаттың жеткілікті санының жалпы реквизиттері құрылуы мүмкін. Мұндай реквизиттер бір рет құрылса, онда ол барлық құжаттарға ашық болады. Жалпы реквизиттерді құжаттар қалыпына орналастыруға болады, жалпы реквизиттер мағынасына 1С:Кәсіпорын жүйесіне кірістірілген тіліне назар аударуға болады. 1С:Кәсіпорын жүйесімен жұмыс істей отырып қолданушы жалпы құжаттар реквизиттер мағынасы бойынша құжаттар журналдарын таңдауды жүргізу мүмкін.

Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет