Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент



бет13/47
Дата05.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#18276
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Құжаттар журналы.
Барлық құжаттар журналдарда сақталады. Құжаттар журналы – бұл жай қағаздық папканың электронды аналогы. Экранда журнал кесте түрінде болады, жолдар құжат болып табылады. Мысалы: сіздер кадрлік бұйрықтар журналын құра аласыз, онда «жұмысқа қабылдау бұйрығы жөнінде»; «жұмыстан босатылу жөнінде бұйрық»; «кадрлық аударым». Бұл журналмен қолданушы – кадршы жұмыс істейді. Немесе банктік құжаттар үшін жеке журнал бастауға болады, оған «Төлемдік тапсырыс» және т.б. құжаттар кіруі мүмкін.
Құжаттар журналы құжаттарды көру үшін арналған. Құжаттың әрбір түрі белгілі бір журналға жатқызылуы мүмкін. Құжаттар журналының өзі жүйеге жаңа мәліметтерді кіргізбейді, бір немесе бірнеше құжаттар тізімін көру құралы ретінде қызмет етеді. Әр түрлі құжаттар үшін бір журналды көрсетуге болады, бұл журналдарда құжаттарды топтастыруға көмектеседі. Құжатпен тағайындалған журналды ауыстыруға болады. Мысалы, «Қоймалық құжаттар» журналы құрылуы мүмкін, ол барлық кіріс үстеме қағаздарын және шығыс үстеме қағаздарын қамтуы мүмкін. Құжатпен тағайындалған журналды өзгертуге болады.
Журнал үшін журнал графалар анықталуы мүмкін. Яғни берілген журналға жатқызылатын құжаттардың әр түрлі түрінің реквизиттерін көру ыңғайлылығы үшін. Құжаттармен жұмыс істеу үшін әдейі құрылған жалпы журналдар құрылуы мүмкін «жәй» құжаттар журналынан қолданушының құжаттарды мағынасы бойынша таңдау мүмкіндігі болып табылады. 1С жүйесінде журналдар 3 түрлі болады: қарапайым, жалпы және қосымша. Қарапайым журнал құжаттардың белгілі түрін сақтау үшін арналған. Құжат сонымен қатар, қосымша журналға қосылуы мүмкін және ол бір уақытта 2 журналда тіркелуі мүмкін. Қосымша журналдар бір нешеу болуы мүмкін. Жалпы журнал құжаттардың барлық түрлерін көрсетеді.
Құжаттар журналында көрінетін бағаналар баптауға болатын экранды қалпы бар. Сонымен қатар құжаттардан ақпараттарды қарастыруға мүмкіндік беретін қосымша бағаналарды құруға болады.Мысалы: Бұйрықтар, кадр журналында әрбір құжат қай қызметтерге қатысты екенін бірден көруге ыңғайлы, ол үшін журнал графасы қызметкер құрылады.

Құжттарды басқа обьектілермен салыстыру.



Обьект

Ұқсастықтар

Айырмашылықтар

Константалар

Мәндерді сақтайды, мәліметтер базасында сақталады.

Құжат бір ғана мәнді емес,сонымен қатар мәліметтердің құрылымының өзгерісін де көрсетеді. Құжатта міндетті түрде күні мен уақыты белгіленген болады.Кестелі бөлімі болуы мүмкін басқа обьектілердің мәліметтерімен байланысты әртүрлі көптеген мәліметтер қалпын сақтай алады. Константаларда басылымды қалып болмайды.

Анықтама

Мәліметтер базасында сақталады.Реквизиттері бар анықтамалар бір-біріне тәуелді болуы мүмкін.Басылымды қалпы болуы мүмкін

Анықтамалар нормативті- анықтама ақпарат сақтайды,ал құжаттар шынайы өмірдің шараларын көрсетеді. Құжатта міндетті түрде күні мен уақыты болуы қажет, құжат кестелік бөлімдер қамтуы мүмкін. Олар анықтамада жоқ. Анықтамалар көп деңгейлі болуы мүмкін, құжатта ондай болмайды

Аударымдар

Мәліметтер базасында сақталады,мәндер тізімін сақтайды.

Аудару құрастырушымен конфигуратор режимінде белгіленген мәндер тізімін ғана сақтайды. Басылымды қалыпта болмайды. Қолданушымен түзетілмейді.

Мәндер кестесі

Жолдар мен бағандары бар (мәліметтер базасында сақталмайды)

Мәндер кестесі программаның жұмыс істеу барысында пайда болатын аралық мәліметтерді компьютер жадында уақытша сақтауға арналған және жұмыс онымен аяқталғанда өшіріледі. Құжат барлық мәліметтерді МБ-на жазады. Мәндер кестесі бір-біріне тәуелді бола алмайды. Басылымды қалыпы жоқ.

Мәндер тізімі

Мәндер тізімін сақтайды (МБ-да сақталмайды)

Мәндер кестесі сияқты уақытша мәліметтер жиынтығын көрсетеді. Басылымды қалыпы жоқ

Есеп берулер

Басылымды қалыпы бар

Есеп беру әдетте МБ-да сақталған мәліметтерді сақтайды және мәліметтердің қажетті түрінде экранға немесе принтерға басылу үшін басылымды қалыпы мәзірленеді.




Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет