Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент



бет15/47
Дата05.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#18276
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Регистрлер түрлері. 1С:Кәсіпорын жүйесінде регистрлердің екі түрі қолданылуы мүмкін: қалдық регистрлер және айналым регистрлер. Олардың айырмашылықтарын атауынан білуге болады және сақталатын ақпарат мінезінде; қалдықтар регистрлерде әрқашан құралдардың соңғы жайының ақпараттары сақталады, ал айналымдар регистрлерінде қол жеткізілген жылдық ақпараттар сақталады. Егер регистрлерден ағымдағы уақытта бір заттың қалдығын тез алу керек болса, онда қалдықтар регистрлерін жасау керек. Егерде кезең ішіндегі бір нәрсенің кірісі немесе шығысының регистрлері тез арада алу үшін айналым регистрлерін жасау керек.
Қалдықтар регистрі
Мысал ретінде өндіретін немесе кәсіпорын сататын тауар сатып алушылармен өзара есеп-айырысудың қадағалауын алайық. Кәсіпорын және өзара сатып алушының өзара қарыздары туралы тез арада ақпарат алу үшін әрбір сатып алушы үшін қарыз сомасы сақталатын «өзара есеп-айырысулар» регистрі қажет. Шаруашылықтар операцияның аяқталуымен байланысты регистр қалпы сәйкесінше өзгеріп отырады, өзара есеп-айырысулардың ағымдағы жағдайын көрсетіп отырады. «Өзара есеп- айырысулар» регистрі – бұл қалдықтар регистрі.
Айналымдар регистрі
Дегенмен «өзара есеп-айырысулар» регистрінен белгілі уақыт аралығында берілген сатып алушы мен сатып алынған сатылым көлемі жағдайында ақпаратты оңай ала аламыз. Осы сатып алушыға қатысты барлық қозғалысты талдап, содан кейін сатылымның жалпы сомасын анықтауға болады. Бірақ бұл ақпараттарды бұлжытпай алу керек болғанда, (мысалы, келісім-шарт бойынша сатылымның белгілі бір көлемде сатып алушыға шегерімдер беріледі) мұндай әдіс, әрине келмейді.
Мұндай жағдайда мәселенің шешілуі – айналымдар регистрін қолдану. Бұл регистрде оны «Сатып алу көлемі» деп атаймыз – қиылысында сатып алушылардың сатып алу көлемі (сатып алушылар айналымы) туралы ақпарат сақталынады. Күн, апта, ай және тағы басқа ақпараттың қандай кезеңділікте жилуын, айналымдарды тіркеу барысында көрсетуге болады.
Сонымен, шаруашылық операцияларды жасау барысында «Өзара есептесу» тіркеуінің жағдайын ғана емес, сонымен қатар «Сатып алатын көлемінің» тіркеуін де өзгерту қажет. Клиенттің әрбір сатып алу барысындағы сатып алынған нәрсесінің сомасының ақпаратын осы тіркеуге кіргізеді. Нәтижесінде «Сатып алатын көлемнің» тіркеуінде клиенттің жалпы сатып алатын көлемінің ақпараты әрқашан жиналып отырады.


Негізгі әдебиет: 1-4
Қосымша әдебиет:18, 19, 20


Тақырып №6. Шот және шоттар жоспары

1С:Кәсіпорындағы шот кәдімгі бухгалтерлік шотқа сәйкес келеді. Шоттардың жиынтығы шоттар жоспарын құрайды. Кәсіпорында бір уақытта бірнеше шоттар жоспарын қолдануы мүмкін. Шоттың коды және атауы болады. Шоттың кодының ұзақтығы мен құрылымы конфигурация кезінде құрылады, мысалы ##.## Конфигуратор режимінде берілген шоттарды қолданушы режимінде түзетуге болмайды..


Субшот.
Шоттарда субшоттар болуы мүмкін. 1С:Кәсіпорын жүйесінде субшоттар өте күрделі құрылымда жүргізілуі мүмкін: субшотта, өзінің кезегінде, «субсубшот» болуы ықтимал және т.с.с.
Шот үлгісі: активті/ пассивті/ активті – пассивті.
Активті шотқа дебет бойынша сома шот бойынша қалдықты көбейтеді (дебеттік қалдық). Пассивті шотқа дебет бойынша сома шот бойынша қалдықты азайтады (кредиттік қалдық). Активті – пассивті шотқа қалдық бүктелуі немесе жойылуы мүмкін. Жайылған қалдық бір уақытта шоттың дебеті мен кредитінің қалдығының бар екендігін білдіреді.
Аналитикалық есеп (субконто және субконтоның түрі)
Кәсіпорынның құралдарының қозғалысы мен бар екендігі туралы ақпарат алу үшін, аналитикалық есеп жүргізу тағайындалған.
Субконто. 1С:Кәсіпорындағы аналитикалық есептің объектілерін белгілеу үшін субконто термині қолданылады. Субконтоның болуы бухгалтерлік есептің шотында кәсіпорынның қаражаттарының жиналуына ақпаратты бөлшектеп, ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Осындайымен субконто субшоттарға ұқсас – олар бір шоттың ішінде қорытындының кішкене градациясын белгілі бір белгі бойынша алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аналитикалық есеп жүргізіліп жатқан жерде барлық шоттар бойынша аналитикалық есептің бір объектісі бойынша қаражаттардың қозғалысын субконто ізін басуға көмектеседі. Мысалы, нақты негізгі құралдардың қозғалысы.

Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет