Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент



бет14/47
Дата05.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#18276
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Негізгі әдебиет: 1-4
Қосымша әдебиет: 18, 19, 20


Тақырып №5. Есеп беру
Есеп берудің тағайындалуы
Есеп берулер МБ-нан ақпараттарды алу үшін арналған. Есеп берулер құжаттарға ұқсас, тек бұл обьектілер әртүрлі қызметтерді атқарады. Құжаттар мәліметтер базасына ақпараттарды енгізеді, есеп берулер нәтижесінде шығарады.
Есеп беру құрамы.
Пайдалану экранда көріп отыратын 1С жүйесіндегі кез-келген есеп беруде экранды нысан – Диалог бар. Диалогта пайдаланушы әдетте есеп беруде нысандануының параметрлерін белгілейді. Мысалы: уақыт кезеңділігі. Сонымен қатар есеп беруде әдетте бір немесе бірнеше қағазды нысандар-кестелер болады. Кестелер арқасында есеп беру қағазға басылып шығады. Есеп беру қалыптасуының алгоритмі енгізілген түрде 1С есеп беру модуліне жазылады. Мысалы: кезең ішінде алынған қызметкерлер кадрлік есеп беру үшін бастапқы және соңғы екі алаңды экранды қалып қажет. Екі алаңда «мерзімі» түрінде болады. Есеп беру модулі қызметкерлер анықтамаларынан қажетті адамдарды анықтап және оларды кестеге шығару керек.
Секциялар. 1С фирмаcы есеп берулерді қалыптастырудың мықты құралы – секцияларды ойлап шығарды. Секция – бұл нақты шығаруға арналған кесте ауданы. Мысалы әрбір қызметкер үшін шығаруға мүмкіндік беретін қызметкерлер бойынша есеп беруде «Қызметкер» секциясы болады. Секциялар көлденең немесе тігінен болуы мүмкін. Сонымен қатар көлденең және тігінен қиылысқан секцияларды да шығаруға болады. Қалыптасқан есеп беру тәртібі
1С:Кәсіпорын жүйесінде есеп беру толығымен активті обьектілер болуы мүмкін. Яғни бұл дегеніміз, мысалы қызметкерге шырт еткізіп осы қызметкер нысанын ашып немесе тек қана осы күні қызметкер бойынша есеп беруді одан да нақтырақ қалыптастыруға болады. Бос есеп берулерден бірден нақтырақ есеп беруге көшуге және әрбір соммадан бастап нақты өткізілуін қайдан келгенін білуге мүмкіндік беретін бұл жүйе бухгалтерлер үшін өте ынғайлы. Бұл үшін Расшифровка ұяшығының және ОбработкаЯчейкиТаблиц процедурасының ерекшеліктерінен берілген.
Есеп берулер нәтижелерді шығарады деп осы бөлімнің ең басында айтылса да, шын мәнінде кестелер арқасында МБ-на ақпаратты енгізуді ұйымдастыруға болады. Бұл күрделі қалып мәліметтер енгізуге керек болғанда өте ыңғайлы.
Регистрлердің тағайындалуы
Регистрлер – бұл оперативті мәліметтердің жиналуына және құрама ақпарат алу үшін қажет.
Мәліметтер регистрлерге құжаттарды өткізгенде ғана қосылады. Регистрлердегі мағлұматтар есеп берулерді қалыптастыру кезінде қолданылады. 1С:Кәсіпорын жүйесінде регистрлерді қолданудың классикалық схемасы келесідей көріністе болады: Құжаттар => Регистрлер =>Есеп берулер
Өлшемдер және ресурстар
Регистрлерді жобалау кезіндегі ең басты мәселе – оның құрылымын анықтау. Регистр құрылымы одан қажетті ақпаратты оңай өңдеумен алуға болатындай болу керек.
Регистр өлшемі – бұл ақпараттың сақталуын қажет ететін кескіндер.
Регистр ресурстары – регистрлерде сақталатын санды немесе соммалы мәліметтер.
«Тауарлар қалдығы» регистрінде әрбір қоймадағы әрбір тауардың бағасы мен саны жайында ақпарат болсын делік. 1С:Кәсіпорын жүйесінің идеологиясында мұндай регистр бір осінде қоймалар, екіншісінде – тауарлар, ал нақты қойма және нақты тауар қиылысында тауар саны және тауар бағасын көрсететін цифрлар орналасқан, тікбұрышты координат жүйесі түрінде болады.



Регистр: Тауарлар қалдығы


Өлшем: Тауар, қойма
Ресурстар: Саны, бағасы
Енгізілген тіл арқасында біз оңай жауап ала аламыз:
- нақты бір қоймадан нақты тауар қалдығы;
- барлық қоймалардағы нақты тауар қалдығы;
- нақты бір қоймадағы барлық тауарлар бағасы регистрлер қозғалысы.
Регистрлер қозғалысы
ТауарларҚозғалысы регистрі кесте түрінде келесідей көрсетіледі:






Тауар

Қойма

Саны

Бағасы

Кіріс

Тауар4

Қойма1

15

200

Шығыс

Тауар4

Қойма1

10

100

Кіріс

Тауар4

Қойма1

5

50

...

...

...

...

...

Бұл кестенің бір жағы «қозғалыс» деп аталады. Регистрде құжаттар өткізілген кезде ғана құрылады. Регистрлерде өлшемдер мен ресурстардан басқа реквезиттерді де құруға болады. Реквизиттер – бұл қозғалыс пен бірге жүретін мағлұматтар. Енгізілген тіл әдістемесінің арқасында реквизиттерінің берілген мәндерімен қозғалысты іріктеуге болады.



Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет