Лекция: Лабораториялық: 30 30 обсөЖ: 60 СӨЖ: Барлық сағат саны: 60



бет5/11
Дата18.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#11766
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани материалдық қазынасының қомақты бөлігінің бірі - ұлттық қолөнері қандай бай, ғажап зор десеңші! Оның тұңғиық түпсіз тереңіне сүңгу, өлшеусіз кеңдігі мен ерен байлығын, сан қырлы даму заңдылықтарын терең зерттей отырып, оны келешек ұрпаққа қалай үйретудің жолын іздестіру ұстаз қауымының үлкен парызы.


Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық қол өнерінің тәрбиелік мәні, оның тәжірибесі мен даму бағытын түпкілікті зерттеу қазіргі заман талабына сай кезек күттірмейтін міндет болып отыр. Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет. Қазақ «өнер алды-қызыл тіл» дейді. Дегенмен, гобелен өнері осы тілден бұрын пайда болған тәрізді. Өйткені сонау тас ғасырынан қалған таңбалы тастарда ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге талпынған көрінеді. Тоқыма жіптер арқылы суретші өз шығармасын гобелен арқылы көрсете білген. Гобелен өнерінің қалыптасуы қазақ халқының қолөнері ішіндегі ең басты орындардың бірін алады.
Бақылау сұрақтары:

1.Гобелен ең алғаш рет мемлекеттен шыққан?

2.Гобелен тоқу технологиясы қандай?

3. Гобеленге қажетті жіп түрлерін атап бер?




15- лекция. Тақырыбы: Жапсырмалау (коллаж) опликация өнері

Жоспар

1.Коллаж өнері туралы түсінік.

2.Аппликация өнері.

Лекция мақсаты: 1.Жапсырмалау туралы алған білімдерін тереңдету, матамен жапсырмалауды үйрету.

2.Ойлау,қиялдау,өз бетінше шығармашылық шешім қабылдау қасиеттерін дамыту. Белгілеу, қиып алу, жапсырмалау сияқты жұмыстарды дұрыс орындауға машықтану;

3. Өзара түсіністікке, бірін-бірі құрметтеуге, көмек жасауға дайын болуға және ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Коллаж өнері туралы түсінік. Жапсырмалау жұмысы техникасы туралы түсінік. Бөлменің төбесіне өрнектеуді орындау технологиясы. Түйе мойын және оның композициялық құрылымы. Сыйлық бұйымдарын орындау технологиясы. Оқушы тазалығы. Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау. Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын әзірлеуге кететін материалдар мен уақытты үнемдеуге үйретеді, жұмыс күшінің шығыны, бұйымның сатылу бағасы мен өзіндік құны туралы мағлұмат береді, білімі мен іскерлігін шыңдайды. Жапсырмалау дегеніміз мүсіннің жұмсақ материалдан жасалу техникасы. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болады. Жапсырмалау процесі бас бармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан-жағынан сомдап, қадағалап, артық- кем жерлерін түзеп отыру керек. Жапсырмалаудың басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу сияқты тәсілдерін меңгеру.Мазмұны

1 Материалдары

1.1 Саз

1.2 Пластилин



1.3 Металдар

1.4 Тас


2 Жапсырмалау тарихы

3 Жапсырмалаудың қарапайым әдістері

4 Тәсілдері

4.1 Пластикалық тәсіл

4.2 Конструктивті тәсіл

4.3 Аралас тәсіл

5 Сілтемелер

Ол шапшаң кебеді, пішінін сақтайды, икеліге көнгіш, белгілі беріктілігі бар, кез-келген бояумен бояуға болады. Саз-шөккен тау жынысы (порода). Сумен араласқанда жабысқыш және қалыпқа түседі. Саздан жасаған мүсінді ары қарай өңдегенде оларды күйдіреді. Күйдіру мүсінді мықты, әрі берік қылады.

Пластилин - жасанды пластикалық саз массасы, балауыз (воск), май (сала) және басқа да заттар қосылады.Ол жұмсақ, илеуге тез көнеді, бірақ баяу кебеді. Нәрселерді жапсырмалауға әр уақытта дайын. Жапсырмаланған дене деформацияға (созылмайды) ұшырамайды. Бірақ пластилинмен жұмыс жасағанда, ол балалардың қолына жұғады, күйдіруге келмейді. Бірақ бұлардан (саз, балауыз, пластилин) жасалған мүсіндер тез тозады, сондықтан көбіне гипстен көшірме жасалады. Мүсін жасар алдында болашақ образдың қаңқасы темірден, ағаштан, сүйектен жасалады, соған аталған материалдың бірін жапсыру арқылы мүсінші ойындағысын жасайды. Орта ғасыр суретшісі, өнертанушысы Д. Вазарий пластилиннің орта ғасырда пайда болғандағын дәлелдейді. Қатқыл пластилин жасау керек болса, аздап пигмент қосады. Ал жұмсақ пластилин дайындау үшін балқытылған балауызға күкірт пен майды араластырады.

Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, пластмасса, сұйық (ерітілген, араластырылған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады. Металдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді.

Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.) ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың ішіндегі қажетсіздерінің бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас мүсін қашауға саймандар (тескіш, кескіш, балға т.б.) қолданылады.

«Палеолит» термині (гректің «палайос»-көне, «литос» тас) деген сөзі, көне тас ғасыры. Палеолит әйелдерінің жүз елуден астам статуэткасы әр елден, ал оның едеуір бөлігі Ресейден табылды. «Мезолит»- орта тас ғасыры (шамамен б.э. 12-18 мың жыл), неолит ғасыры-өңделген тас ғасыры. Мезолитте көп кескінді композициялы өнер туындады, онда адам енді басты роль атқарады. Эрмитажда жоғарғы палеолиттің Сибирьдегі аңшылар жұртынан табылған азу тістің кішкентай сынығындағы малеонттың ойып салынған суретін қараңызшы. Бұл бейне аңның бүкіл қуатты тұлғасы соншалық жақсы айқын берілген десеңізші! Ласко, Альтамир және басқа көптеген үңгірлерде табылған өнер шоқтықтары осылай туған. Европада архитектураның алғашқы монументтер мегалиттік деп аталатын алып тастардан салынған ғимараттар болды. Олар – тас тақтадан жасалған төртбұрышты құрылыстар, кейде рельефпен көмкерілген тік бағандар. Жаңа тас ғасырында адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйренеді. Керамиканың пайда болуы-неолит дәуірінің негізгі белгілерінің бірі, оны кейде керамика-ғасыры деп атайды. Бұған дейін адам табиғат тек дайын күйінде бергенді пайдаланды: сазды күйдіре отырып, ол жаңа, табиғатта белгісіз материал жасады. Керамика эстетикалық сезімнің дамуына зор ықпал етті, өзі жасаған ыдыстарды шытырман әшекейлеп, өзінің шығармашылық шабытынан туындаған барған сайын геометриялық сымбатымен, бояулар мен сызықтар ырғағымен ерекшеленіп, осы өнерін біртіндеп жетілдіре берді. Керамиканы ертеректе адамдар құрылыс материалы ретінде пайдаланған, кейінірек одан сәндік бұйымдар дайындай бастады. Керамикадан да мүсін жасалынады. Ол үшін саздан істелген мүсінші үлгілері арнайы пештерде күйдіріледі, түрлі-түсті жылтырақ (майолина, фаянс, фарфор, кейде бисквит деген түрі) жалатылады. Пластилиннен не саздан үлкейтіліп көшіріледі. Кейінгі кезде тұзды керамика өте кеңінен қолданыла бастады. Оны тұзды қамырдан жасайды. Ұнмен тұздың тепе-тең пропорциясынан жасалынады, әрине бұл массаға су қосылады. Сөйтіп бір текті масса алуға болады. Бұл массаны жақсылап араластыру керек.



2.Аппликация өнері.

Бұл масса жұмсақ, әрі қолға жұқпауы керек. Тұзды керамикадан жасалынған мүсін өте ыңғайлы, нәрсенің пішінін сақтай отыра кебеді. Бұл нәрселерді де саздан жасалған мүсіндер сияқты күйдіріп кептіруге болады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ т.б. өткір құралдар пайдаланылады. Совет мүсіншісі Коненков және В.Мухина не бір әсем шығармаларын ағаштан қашап жасаған. Мысалы: «Орман адамының мүсіні». Бірінші Петрдің ескерткішін атақты фрацуз мүсіншісі Этьен Фальконе жасаған. Оның шәкірті мүсінші әйел Мария Калло

Домалақтау (скатывание)-бір кесек материалға шар типтес пішін береміз, оның беті тегіс болуы керек. Бір кесек материалды алақанымызға саламыз және ақырындан шар пішініне келтіреміз. Мысалы, қызанақ.Бір кесек пластилиннен биіктігімен ұзындығын қызанақтың үлкендігіне сәйкестеп алып, шар пішініне келтіреміз. Екі жақ бетіне шұңқырлап жасап қызанақтың пішініне келтіреміз. Тегістеу (раскатывание)-бір кесек материалды жұмыртқа пішініне және цилиндр баған пішініне келтіреміз.Жаңағы кесекті алақанымыздың арасына салып, алақанымызды арлы-берлі қозғаймыз, сонда бір кесек материал цилиндр пішініне келеді. Жұмыртқа пішініне келтіру үшін, алақанымызды көлбеулеу ұстап, арлы-берлі ыспалаймыз. Мысалы, сәбізді жапсырмалағанда домалақтап аламыз да, оны жұмырлаймыз, одан ыспалау арқылы ұзын конус аламыз. Сонда сәбіздің пішіні шығады. Жаймалау (сплющивание)-бір кесек материалды бірқалыпты алақанымыз арасына салып қоямыз, сонда тығыз пішінді материал пайда болады.Осы шарды алақанымызбен не саусағымызбен жаймалаймыз, шелпек пішініне келтіреміз. Мысалы, қызанақты (помидорды) жасау үшін, оны алдымен шар пішініне келтірдік емес пе, одан кейін нәрсенің пішінінің белгілерін сипаттадық, яғни оны жаймаладық. Шымшу (пришипывание) - жапсырмалау кезінде ұсақ детальдарын жасау үшін қолданылатын әдіс. Үлкен кесектен қатты шымшу арқылы, екінші деталь жасалынады. Мысалы, клюкваны жапсырмалағанда, құйрығын жасау үшін шымшу және тарту (оттягивания) әдісі қолданылады. Егер пластикалық материалдың бір бөлігін шымшу арқылы тартып алып, оны өзімізге қарай соза тартсақ, және одан нәрсенің бір бөлігін жасасақ-бұл әдіс тарту деп аталады (оттягивание). Үтіктеу (заглаживания)-жазық, тегіс беттерді кескіндеу үшін, үстіне мата салып саусағымыздың ұшымен тегістейміз. Саусағымызды арлы-берлі қозғау арқылы тегістейміз. Нәрсенің бетін аздап суланған мата арқылы, матаның сыртынан тегістейміз. Бұл әдіс нәрселерді бір-біріне қосқан кезде, жұмысты аяқтау кезінде қолданылады.

Күрделі құрылымдарға пішін беру үшін, көбіне саусағымызды пайдаланамыз. Бірнеше бөлімдерден тұратын (адамның фигурасы және жан-жануарлардың) нәрсеге пішін беру үшін, мынадай бірнеше тәсілді пайдалануға болады. 1.Пластикалық тәсіл 2.Конструктивтік тәсіл 3.Аралас тәсіл



Пластикалық тәсіл

Бұл тәсілде тұтас бір кесек саздан, пластилиннен, не тұзды қамырдан жасалады. Бұны-«скульптуралық» тәсіл деп атайды. (Бала бақшада (пряник) тоқаш нан, алма, лимон, сәбіз, тәрелке т.б. жасауға болады.). Бұл күрделі тәсіл. Бұл тәсілде сол нәрсе туралы нақты мағлұматың болу керек, оны көз мөлшеріңмен байқап, дұрыс жасайтындай дәрежеде болуың керек. Мысалы, бір кесек пластилиннен үйректі жапсырмалайық. Кесек пластилинді шар пішініне келтіреміз, одан кейін оны жұмыртқа пішініне келтіреміз.Пластилиннің сүйірлеу жағын саусағымызбен ұстап мойнын және басын жасауға тырысамыз. Алынған форманы жеке – жеке өңдейміз.

Конструктивті тәсіл – мүсін жеке-жеке бөліктен жасалады. Мысалы, қуыршақтың денесін (кеудесін) конус типтес етіп жұмырлаймыз, ал басын шарик сияқты, ал аяғымен қолын баған тәрізді етіп жасаймыз. Бас киімін, жағасын және тағы басқа ұсақ детальдарын жапсырмалаймыз. Басына бас киім кигіземіз, істек (стек) арқылы көзімен аузын, кішкене шардан мұрнын жасаймыз.

Бұл тәсіл-пластиналық тәсіл және конструктивті тәсілдің қосындысы. Нәрсенің негізгі бөлігін бір кесектен жасайды. Мысалы, пүліш аюды алайық. Үлкен кесектен денесінің пішінін жасаймыз. Кішкене кесектен басын домалатамыз. Басынан құлақ, мұрынды созамыз. Тағыда екі кесектен аяқ-қолын жасаймыз да, оларды бір-біріне жапсырамыз.

СілтемелерТері өңдеу, ұқсату

Теріні құрымға салу, ысқа ұстау . Торсық (саба, көнек...) жасау. Тері илеу. Тері бояу. Былғары өңдеу: көксауыр, былғары. Саптама. Шоңқайма. Көк етік. Кебіс.

Халық тұрмысында мал терілерін қарапаиым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі — оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі — теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл, тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан, опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты келемді заттар да жасалады.

Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы — жондың, қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі терілерін - жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.

Теріні ысқа әзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан кейін 2—3 күн шошаланың төбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ашты құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана түседі және қара қошқыл өңге енеді. Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға, көнекке, иықты, емізікті торсықтарға, кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды тарамыспен тіккен.

Кейбір шеберлер оған сыздық салып отырып тебе тіккен. Тігіліп дайын болған торсықты (сабаны, көнекті) өзен судың жағасына апарып, ішіне ыстық құм толтырып, құмды келтекпен түйгілеп әбден нығыздау керек. Бұлай істегенде болашақ сабаның, торсықтың сырт өрнегі қалыптасады. Құм кептелген торсықтар ыстық пен желде 4—5 күн тұрып әбден кеуіп сіріленіп қатады. Содан кейін құмын төгіп тастап, ыдыстың іші тысын тұздалған сармаймен немесе жылқының сүр етінің майымен майлап тағы да күнге қояды. Енді май сіңген тері ыдыс ыстауға әзір тұрады. ЬІстық орнын не өзен жағасындағы жарқабақтан, не құдық маңындағы ескі апандардың шетінен дайындайды. Бұл үшін ені 40—45 см, тереңдігі 35—40 см, ұзындығы 10—15 м жыра қазылады. Мұның жар не апан жақтағы аузын шұқырлап оттық жасайды да, дала жақтағы аузын плитаның үстіңгі тесіктері сияқты етіп ашық қалдырады. Жыраның өн бойының екі жақ қабырғасына кезекпе-кезек кірпіш қалытқы қалап бұрма жасайды. Сонда оттықтан шыққан тобылғының жалыны мен ыстығы орта жолдағы қалытқыларда бөгеледі де, шұңқырдың аузына тек жылы түтін ғана келеді. Ал ысталатын терілерді ілетін күрке шұңқырдың осы дала жақ аузына тігіледі. Ол үшін бірнеше түзу ағаштардың басын түйістіріп, іргесін жая күрке жасайды. Оның сыртын терімен, ескі құрым киіздермен немесе жас шөппен қымтап жауып қояды.

Ысқа қойылатын ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын төмен, яғни түтінге қаратып ілінеді. Ысқа онша қурамаған бүрлі тобылғы, ши, көк пішен жағады, кейде ысқа ерекше иіс сіңіру үшін жусан, адраспан, арша т. б. шөптерді қоса жағады. ЬІсты әдетте бір ауылдың ақсақалы, беделді адамы салады. Өйткені ыс дұрыс салынбаса өрт шығып кетуі мүмкін. Ыс әбден сіңген ыдыстардың түсі қызыл күреңденіп, кепкен мейіздей болып қатып қалады. Осындай тобылғы торы торсықтар 5—6 айға дейін жібімейді де, дымдаңбайды да, көгермейді де, өңезденбейді де. Қажет жағдайда бес-алты айдан кейін оны тазалап кептіріп, майлап тағы да ыстайды. Ысталған ыдыстар ең алдымен қымыз, саумал, бие сүттері үшін қажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Опликация өнері дегеніміз не?

2. Жапсырмалау әдісінде қандайбұйымдар әзірленеді?

3. Бөлменің ішін өрнектеуде опликацияның негізгі маңызы қандай?



16- лекция. Тақырыбы: Дорба, қоржын,сөмке тігу технологиясы.

Жоспар

1.Дорба, қоржынның көшпелі қазақ өміріндегі алатын орны.

2.Сәндік сөмке тарихы.

Лекция мақсаты: Ұлттық стильдегі сәндік сөмке түрлерімен таныстырып,жасалу жолдарын үйрету. Сәндік сөмкенің жасалу тарихымен, түрлерімен таныстыру, оқушылардың ой-қиялын дамыту, қалыптастыру, өз қолдарымен қажетті бұйымдарын жасауға үйрету.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Дорба, қоржынның көшпелі қазақ өміріндегі алатын орны.

Көркемдік-бұйымды жасауда қолданылатын материалына қарай: ағаштан, металдан, сүйектен, мүйізден, тастан, керамикадан, шыныдан, теріден, тоқыма жіптен, матадан, былғырыдан жасалатын көркемдік бұйымдар және т.б.

Ұлттық киімдердің түрлері: ұлттық сырт киімдер: (жадағай, шапан, жарғақ шалбар, күпі, сырмалы шапан, тайжағы, тон, ішік, шапан, шидем); сұлықтар: «аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен); іш киімдер (бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар, жеңсіз); ерлердің бас киімдері (бөрік, далбағай (жалбағай), жекейтымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ, тақия, тымақ, шалма); әйелдердің бас киімдері (тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек, қасаба, кимешек, қарқара). Төсек жабдықтары: көрпе; шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ көрпе; жапқыш; ақ жайма. Ши өнері: орама ши (алаша ши, есік ши, жолым ши және т.б.); ақ ши (өре ши, мал соятын ши, ас шиі, қазақ ши, киіз басатын ши, қабырға ши және т.б.; шым ши (кілем ши, тұс ши және т.б.); шиден жасалатын тұрмыстық заттар (масахана, шыпта, қабырғалық, терезе жапқыш, шәйнек түп, кесе түп, қазан түп және т.б.).

2.Сәндік сөмке тарихы. Егер қол сөмкені дене бетіміңізге қарай таңдайтын болсаңыз, онда ол сіздің көптеген кемшіліктеріңізді жасырып тұрады. Сондықтан қол сөмкені терінің түсіне, не дене мүшелердің өлшеміне қарай таңдауды бірге үйренейік.

Сөмкенің түсі аяқ киіммен бірдей болу керек деп ойлайсыз ба? Бұл маусыда бұл ереже тым жалықтырарлық болып көрінеді. Қиялыңызды қосып, сөмкені киіміңізге қарай емес, көңіліңізге қарай таңдаңыз. Сөмкеңіздің түсі мен пішіні, тігілген матасы айналаңыздағы бәрін таңдандырсын!

Соңғы жылдары жігіттердің арасында сөмке ұстағанды ұят санайтындары да кездесіп үлгерген. Біздің айтып тұрғанымыз әйелдер сөмкесі емес, жігіттерге арналған ерекше сөмкелер.сөмке, арқа қоржын, ерлер сөмкесі, жігіттер сөмкесі, портфель Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау

мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.

Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.

Стекулярус - ұзындығы 3мм түтікше тәріздес сумоншақтың түрі.

Фурнитура - қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, композиция)

Композиция - бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру

Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы керек. Ол үшін бір бедерлі фланельді матаға, түрлі түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10мм) тәрелкеге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соқтырады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.
Бақылау сұрақтары:

1.Көркемдік бұйымдарды жасау барысында қандай материалдар қолданылады?

2.Дорба, қоржын, сөмке тігу технологиясы қандай?

3.Ұлттық киімдер түрлерін атап бер?



17- лекция. Тақырыбы: Кесте өнері тарихы мен технологиясы.

Жоспары:

1.Кесте өнері тарихы.

2.Кестенің түрлері және кестелеу әдістері.
Лекция мақсаты: 1.Кесте өнері жайында алған білімдерін тереңдету, түрлі матаға кестелеуді үйрету;

2. Ойлау,қиялдау,өз бетінше шығармашылық шешім қабылдау қасиеттерін дамыту.Кесте түрін таңдау,композиция құрастыру сияқты жұмыстарды дұрыс орындауға машықтандыру;

3. Өзара түсіністікке, бірін-бірі құрметтеуге, көмек жасауға дайын болуға және ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Лекция мәтіні (қысқаща) 1.Кесте өнері тарихы. Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады.

Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.

Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады.

Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.

Сонымен бірге матаның Кесте түсер тұстарының жібін суырып тастап немесе қалың мата бетін алдын ала ойып алып та тігеді. К. тігу өнері қазақ халқына өте ертеден таныс. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде Кесте ні зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері кездеседі. Қазақ салтында үй жиїаздарын (тұс киіз, киім жапқыш, төсек жапқыш және үзік-туырлықтар), киім-кешектерді (кимешек, тақия, қамзол, кеудеше, т.б.), аяқ киімдерін (кебіс, мәсі, биік өкше етіктер, т.б.), қол орамалдар мен ер-тұрмандарды, т.б. тұрмысқа қажетті заттарды безендіру үшін Кесте көп пайдаланылған. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы маталар пайдаланылады. Мұндай тігістерге өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. 2.Кестенің түрлері және кестелеу әдістері.

Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары (зер) пайдаланылады. Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Алтын жіппен тігу түркі халықтарының бәріне тән өнер. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, қамзол, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі. Қазақстанда құрылған “Тұскиіз” (Алматыда), “Өнерпаз” (Таразда), “Өрнек” (Өскеменде) секілді фабрикалар қазақ халқының К. өнеріне тән стильдегі бұйымдар жасайды. Олар өмір талабына сай екшеліп, жаңа түр-мазмұнға ие болуда. Республикамызда 400-ден астам Кесте ілер есімі белгілі. 1926 ж. Парижде өткен дүниежүз. көрмеде Р.Барлыбаева кестелі тұскиізі үшін халықар. сыйлық алды. 1957 ж. Респ. 1-көрмеде қарағандылық Баймағамбетова, зайсандық Құнақова, семейлік Абаеваның Кестелері көркемдік жағынан жоғары бағаланып, бірінші сыйлыққа ие болды.[

Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.

Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.

Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.

Әредік кестеде материалдың әр жері өшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады.

Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады.

Қолөнер бұйымдарындағы қол тігісінің атаулары. Қазіргідей тігін машиналары жоқ кезде қзақ әйелдері барлық киім-кешек, көрпе-жастық, тұскиіз, дастарқан, т.б. тұрмыстық бұйымдарды қолмен тіккен. Қолмен тігудің кейбіреуі эстетикалық қызмет (мысалы, кесте және зерлеп тігу) атқарса, бірсыпырасының таза практикалық қызметі басым болған. Қол тігісінің эстетикалық қызмет атқарған түріне қарапайып ине-жіппен кесте тігу, кестелеу жатады. Қазақ тілінде кесте сөзі «мата бетіне түсті жіптен тоқылған, тігілген әшекейлі өрнек» деген ұғымда, ал кестелеу «мата бетіне түрлі түсті жіппен әшекейлі өрнек тоқу» ұғымында қолданылады. 


Қазақ халқына тән кестенің байырғы түрлеріне шым кесте, біз кесте, әредік кесте, деген түрлері жатады. Біз кесте – кестенің дөңгелек яки төртбұрышты кергішке керілген матаның бетіне түсірілген өрнек нобайы бойынша қармақ бізбен өткермелеп шалу арқылы жасалған кесте. Шым кесте – кестенің мата бетінде ашық жер қалдырмай яки өте аз қалдырып, тұтас кестелеген түрі. Әредік кесте – матаның әр жеріне бөлек-бөлек салынған кесте. Тігіс түрлеріне байланысты атаулар олардың орындалу тәсілдеріне қарай қалыптасқан: шынжыр тігу – кесте тігуде қолданылатын, инені кері шаншып, екі қатар жіптің ортасынан алып тігу; жұлдызша тігу – жұлдыз пішінін кестелеп түсіру; иректеп тігу – мата бетіне ирек жол бейнесін салып тігу; санамалап тігу – дастарқан, сүлгі шетіне х әрпінің бейнесін салып тігу, т.б.  
Жалпы жұқа маталарды, кесте тігуге қажетті жіңішке жіптерді матадан суыртпақтай отырып, соның өзінен дайындап алады. Ол үшін шебер өзіне қандай түсті жіп керек болса, соған ұқас матаның шетінен жалпақтығы 3-4, ұзындығы 30-40 см жыртып алады.
Бақылау сұрақтары:

1.Кесте түрлерін атап бер?

2. Шым кесте қалай тігіледі?

3. Біз кестенің тігілу технологиясы қандай?



18- лекция. Тақырыбы: Аяққап тігу технологиясы.

Жоспары:

1. Аяққап тігу технологиясы.

2. Ұлттық тұрмыстық заттардың түрлері,тарихы.


Лекция мақсаты: 1.Студенттерді халықтың өнерімен таныстыру, үйрету;шығармашылық жұмыс туралы білім беру және өнер шеберлігін таныту;қосымша әдебиеттерден білім алуға, ізденуге, талдау жасауға үйрету.
Лекция мәтіні (қысқаща) 1. Аяққап тігу технологиясы.

Аяқ қап –атқарар міндеті бірдей болғанмен сыртқы пішіні көркемдік көрінісі әр жерде әртүрлі. Кейбіреулері төрт текше, қайсыбірі доғал болып келеді.Ал оған әр түрлі қиықтан құралып жапсырылған ою аяқ қаптың өн бойына көлеміне өте шақ ,жеңіл сипат алады. Сырмақ ,текеметке қолданылатын күрделі оюдың мұнда кейбір ғана элементтері пайдаланылады. Киізден құрап үй тұрмысына қажетті жасалған аяқ қап, сандық қап, жастық қап ,айна қап сияқты бұйымдарды да қолдан әшекейлеп тігетін болған. Олар киіз үйдің ішін жабдықтап ,безендіруде қосылар жасау болған. Өйткені олардың көркем ою-өрнегі киіз үйдің ішкі бояуымен үндестік тауып тұтасып жатқан. От басының қарапайым мүлкінің көркем өрнектелуіне қарап тап сол жиһаздың иесін, оның жинақы бейнесін, кестенің сыршыл түйінінен аңғаруға болатын еді.Әйел қолөнеріне байланысты бұйым атаулары. Әйел қолынан тері, жүн, мата сияқты материалдардан жасалатын тұрмыстық яки сәндік бұйым түрлері сан алуан. Теріден жасалатын бұйым атаулары: тулақ, кебежеқап, тізеқап, т.б. 


Күнделікті тіршілікте жиі қолданылған тұрмыстық бұйымдардың бірі – тулақ. Тулақ деп кей жерде көбінесе тайдың терісін шикідей керіп кептірген төсенішті айтады. Сондықтан оны тайтері деп те атай береді. Терінің майын алған соң, оны тегіс жерге, тақтайға керіп, шегелеп тастайды. Көлеңкеде кептіріп алған соң оның үстіне бөстек, көрпе, жержастық аталатын бұйымдарды салып, төсеніш ретінде пайдаланады. 
Тулаққа байланысты қалыптасқан дәстүр бойынша ертеректе күйеу жігіт қайын жұртына алғаш келгенде, оны босағаға тулақ төсеп отырғызады екен. Күйеу жігіттің қайынатасының төріне шығып отыруына қақысы болмаған, яғни, бұл күйеу жігітке қойылатын тыйымның бірі. Ел іші болған соң түрлі оқиғалар болып тұрады. Сондай оқиғалардың біріне қатысты «...атаңның төрі тұрмақ көріне кірерсің» деген сөз қалған. Осыған байланысты ел ішінде сақталған мынадай бір аңыз әңгіме бар. Ертеде бір жас жігіт қайынатасының үйіне келгенде, жеңгелері күйеудің астына тулақ төсеп отырғызып қойыпты. Сол үйдің үлкен қабаған иті бар екен, бөтен адамды көріп қалып, арс етіп үріп қалғанда, күйеу жігіт шошып кетіп, төрден бір-ақ шығыпты. Жеңгелері бетін шымшып: «Масқара-ай, күйеу жігіт атамның төріне шығып кетті ғой», – дегенде, ол есік жақтағы төбетті қолымен нұсқап: «Апандай бәлекет арс етіп ұмтылса, атаңның төрі тұрмақ, көріне кірерсің», – деген екен. 
Теріден жасалған бұйым түрлері көп болған, соған орай қалыптасқан атаулар да мол: тайжақы, тон, ішік, тізеқап, шалбар, желетке, кеудеше, жеңсе, алшалғы, тымақ, құлақшын, бөрік, алдаспан бауы, айыл, ноқта, жүген, адырна, бау, баулық, белдік, божы, желдік, желкелік, тебінгі, т.б. 
Тоқыма бұйым атаулары. Тоқымашылық о бастан-ақ әйелдерге тән кәсіп, өнер түрі болып қалыптасқан. Ол алғаш әйелдердің өсімдіктер мен жүннен тұрпайы киім тоқуынан басталған. 
Күні бүгінге дейін тұрмыста алаша, құр, шекпен, кілем тәрізді тоқыма бұйымның көптеген үлгілері кездеседі. 
Мақтадан тоқылған маталар бөз, боз, тор, шыт деп аталған. Мал жүнінен де иіріп, жүн маталар тоқылған. Ал жібек маталар Қытай мен Самарқаннан, Ферғанадан тарады. 
Алаша деп әртүрлі жіптен өрмек арқылы арқау салып жолақтап тоқылған, көбінесе жерге төсейтін тақыр кілем, төсеніш түрін айтады. Оның түрлері: әрекет // жүн алаша – жүннен тоқылған алаша, кілем шалша – ою-өрнек салып тоқылған алаша, қарала – алашаның жергілікті атауы, терме алаша // терулі алаша – әшекейлеп, өрнек салып тоқыған алаша, мақта алаша – мақта жібінен тоқылған алаша, т.б. 
Киіз үй бөлшектерін байлап бекіту үшін және сәндік мақсатпен өрмекпен тоқылған енсіз, ұзын тоқымаларды құр деп айтады. Оның бір тұрі – басқұр – уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тартатын әрі сән беріп тұратын, өрнекті, жалпақтау құр. Дөдеге құр – дөдегенің сыртынан оралатын құр түрі, құрбау – киіз есіктің екі иін бауы, аяққұр – туырлықтың етегін бастырып тартатын құр, тең құр – тең бууға арналған құр, т.б. Бұлардан өзге құрдан жасалған заттар құр белбеу, құр дорба, құр басжіп, құр аяққап, құр қоржын, құр алаша, т.б. деп аталады. 

Сонар, салбурында аяз суықтан бүркіттің саусақтарын тоңу мен мұздаудан сақтайтын аң терісінен, жарғақ немесе қырымнан тігілген жабдық. Жезтұяқ, саусаққап (аяққап) болса, бүркітке қарсылық көрсетсе саусақтарын шайнап, жарақаттаудан қорғауға да септігін тигізеді. Көбіне ұядан алынған тәжірибесі аз «қол бал аға» алғашқы жылы кигізеді. Аяққаптың сыртқы тысын суға қатпай, жылылық сақтайтын бұғының иленген жұқа, жұмсақ терісінен немесе жарғақ, қырымдардан, бүркіттің төрт саусағына шақтап пішіп, жиектерін жіппен торлап, ішін қуыстап қалыңдау матамен астарлап тігеді. Оны кейде әр саусаққа жеке-жеке киілетіндей қылып немесе төрт саусаққа біртүтас киіліп, табан бұжырына дейін жауып тұратындай ай қол ғап пішіндес етіп тігеді. Дегенмен, көбіне саусақтарының ұшынан тұяқ шығып тұратын тесік шығарып, орта түсынан білегіне дейін өте майда бау өткізеді. Аяққаптың алақаны, табан жағы ашық болады. Ыңғайлы, ықшам тігілген аяққап кигізген құсты аязды күндері жыртқыш аңға қорықпай жіберуге болады. Жыртқыш аңға, айлакер түлкіге бүркіт тұяғын шайнатып немесе суыртып алса оның орнына жезден, күмістеы жасалған Ұяққап жасап салады. Аушы құстың кемтарлығын толықтыратын оны «жезтұяқ» атайды. Оның қозғалысы табиғи болмағанымен аң ілгенде, бүргенде қысуына, қимыл-әрекетіне көп септігін тигізеді. Кейде місекер шебер, әккі бүркітшілер түсіп қалған тұяқтың орнына өлген бүркіттің тұяғын да салып қояды деген мәлімет бар.



2. Ұлттық тұрмыстық заттардың түрлері,тарихы.

Құстың екі иығын басып келген арқа түсында жіппен қосақталып байланған топшысын суықтан қорғайтын жабдық. құстың иығы, топшысы тоңса, нәрегей жаурауық болады, әрі қуаты қайтады. Тіптен «құрт қанат» аталатын ауруға шалдығады. Суық өңірдің кәнігі бүркітшілері иыққапты киізлы болса, бүркітке қарсылық көрсетсе саусақтарын шайнап, жарақаттаудан қорғауға да септігін тигізеді. Көбіне ұядан алынған тәжірибесі аз «қол бал аға» алғашқы жылы кигізеді. Аяққаптың сыртқы тысын суға қатпай, жылылық сақтайтын бұғының иленген жұқа, жұмсақ терісінен немесе жарғақ, қырымдардан, бүркіттің төрт саусағына шақтап пішіп, жиектерін жіппен торлап, ішін қуыстап қалыңдау матамен астарлап тігеді. Оны кейде әр саусаққа жеке-жеке киілетіндей қылып немесе төрт саусаққа біртүтас киіліп, табан бүжырына дейін жауып тұратынд ай қол ғап пішіндес етіп тігеді. Дегенмен, көбіне саусақтарының ұшынан тұяқ шығып тұратын тесік шығарып, орта түсынан білегіне дейін өте майда бау өткізеді. Аяққаптың алақаны, табан жағы ашық болады. Ыңғайлы, ықшам тігілген аяққап кигізген құсты аязды күндері жыртқыш аңға қорықпай жіберуге болады. Жыртқыш аңға, айлакер түлкіге бүркіт тұяғын шайнатып немесе суыртып алса оның орнына жезден, күмістен жасалған тұяққап жасап салады. Аушы құстың кемтарлығын толықтыратын оны «жезтұяқ» атайды. Оның қозғалысы табиғи болмағанымен аң ілгенде, бүргенде қысуына, қимыл-әрекетіне көп септігін тигізеді. Кейде місекер шебер, әккі бүркітшілер түсіп қалған тұяқтың орнына өлген бүркіттің тұяғын да салып қояды деген мәлімет бар.

Бүркітті көп піштактаудан "сақтайтын" құрал. Көп елеусіз ұмыт қалған құрал туралы осы тақырыпты арнайы зерттеген Б.Кәмалашұлы былай жазады: аңға жортқанда құс дауысын естіп «олжа» қашып кетпес үшін бүркіттің аузына салады. Оны құстың тамағы астына, құс тұмсығымен мөлшерімен ағаштан жонып істелген, ұшына «ноқталайтын» бау тағылған қарапайым қалақ тәрізді ағаш. Таңдай ағашты құстың тамағының астына томағаның алқым бауына қыстырып, екінші ұшын ілмек баумен құс тұмсығын ноқталаған тәрізді етіп, тұмылдырықтай кигізіп қояды. Құс мыңқылдай шақырып ақырында ауырсынып қояды. Кейбір құсбегілердің таңдай ағашы ықшам, томағаның, "алқым бауының" астына бармақтай етіп бастырып қояды. Көбіне саятта томағамен бірге жүреді.

Құс сыятындай етіп талдан дөңгеленте иіп жасалған, астына киіз төсеп, құс орайтын тартпа бау тағып жасаған құс "бесігі". Ол құстың қанат шалғыларын зақымданудан, суық, жауын-шашыннан сақтайды. Оыың тұрі бірнешеу: жас талдан астауша пішінінде немесе торлап доғалантып; тақтай ағаштан топсалы етіп; киізден сырып бау тағып істейді. құс саяттан соң шаршап тоңса, ұйықтаса, алысқа алып жүретін жағдай туса, құсты баланы бесікке бөлегендей етіп шүберекке орап, қымтап, сыртынан баумен бос байлап, құндаққа салып қояды.

Бүркіт аңды ілгенде алысып, қанат, шалғы қауырсындары сынып қалса оны орнына салады да, жоқтарының орнына қауырсын жалғайды. Оған арнап құстың жазда түлегенде түскен қауырсындарын немесе басқа бүркіт, құмай, тазғара, қарақұс, құбарақтардың қауырсынын жинайды. Бүркіттің қанаты, тұяғы, «құрт ауруға» шалдықса да «құрт қанат», «құрт тұяқ» болғанда қауырсынды және тұяқты жалғап салатын болған деген аңыз тәрізді деректер бар .

Бақылау сұрақтары:

1.Киіз үйге қатысты тұрмыстық бұйымдар түрін атап бер?

2.Аяққапқа қазақ халқы бұрын не салатын болған?

3.Қазақ халқы торсыққа не құятын болған?



19 - лекция. Тақырыбы: Сумоншақпен тігу технологиясы.
Жоспары:

1.Сумоншақтың шығу тарихы.

2.Сумоншақтың түрлері,қолдану аясы.
Лекция мақсаты: 1.Студенттерді халықтың өнерімен таныстыру, үйрету;шығармашылық жұмыс туралы білім беру және өнер шеберлігін таныту;қосымша әдебиеттерден білім алуға, ізденуге, талдау жасауға үйрету.

Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Сумоншақтың шығу тарихы. Сумоншақ ең алғаш рет Египет мемлекетінен шыққан.Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ыкпал етуде. Қазір киім, бұйымдарда ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін өз бұйымдарында шебер қолданып, қазақтың атын шет елдерге танытып жүрген «Кенже» сән салоны да біздің Орал шаһарында жұмыс істейді. Бұл салонның негізін қалаушы да қазақтың шебер қыздарының бірі Ақкенже Девятко. Қаламыздың орталығындағы әсем ғимаратта 2000 жылы «Кристина» атымен дүниеге келген бұл орталық 2004жылдан бері қалалықтарға « Кенже» Сән үйі атауымен жақсы таныс. Өзінің шеберлігі мен іскерлігінің арқасында бұл сән үйі 2004жылы Мәскеу қаласында «Зайцев Сән үйі» ұйымдастырған ТМД елдерінің арасындағы сән байқауына қатысып, 3-жүлделі орынды иемденді..2005жылы республика көлеміне танымал болып, Қазақстандағы ең таңдаулы сән үлгілерін жасаушылар бестігінің қатарына енуі, ал 2007 жылы Қазақстан атынан Франция елінде өткен «Үлкен Сән апталығына» қатысып, Парижде әлемге әйгілі Диор, Армани, Шанель сән үйлерімен қатар «Дала қызы» атты өз туындыларын жарқырата көрсетуі «Кенже» Сән үйінің жетістігі десек, Ақкенже Девятконың тынымсыз еңбегінің арқасы екені айқын.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да өз жазбаларында тоқталып кеткен.. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Шынында қарапайым қазақ қызының қолынан шыққан сән үлгілерінің 2008жылы Америка Құрама Штатында да көрермендердің ризашылығына бөленуі «Кенже» сән үлгілерінің Сән әлемінде мойындалуы деуге болады.

2.Сумоншақтың түрлері,қолдану аясы. Сырмақ – деп ақ және қара түсті қой жүнінен басылған киізді пайдалана отырып өрнектерін бірдей қылып ойып, безендіріп, жүн жіппен сырып тігілген төсенішті айтамыз.

Текемет – қой жүнін түрлі – түсті бояуларға бояп, илеп, басылған төсенішті айтамыз.

Тұскиіз – жарға ілуге арналған, бархыт матасынан ою – өрнектерді қиып, киізге көмкеру арқылы тігіп жасаған.

Берілген схема арқылы өрнек элементтерін орналастыру бағытын интерактивті тақтаға сызып көрсетемін.

Сырмақ түрлерін бейнелеуде оқушылар мынаны естен щығармау керек:

- Өрнек элементтерін симметрия осьтерін ескере отырып салу;

- Өрнек элементтерін бояй отырып, суреттің түстік үйлесімін табу;

- Өрнектердегі контраст түстерді сауатты пайдалану;

- Көмекші сызықтарды қатты баспау; Қымыз құятын саба, сүйретпе, торсық, көнек, бұлқыншақ сияқты ыдыстар жылқы терісінен жасалады. Этнографиялық әдебиеттерде саба туралы көп жазылғанымен, бес биенің, одан да көп жылқы терісінен істелген алып сабалар жөнінде өте сирек кездеседі және зерттелмеген. Ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет.

Бақылау сұрақтары:


  1. Сумоншақпен қандай бұйымдар жасауға болады?

  2. Сумоншақ ең алғаш қай мемлекетте пайда болды?

  3. Сумоншақпен әзірленетін сыйлық түрлері?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет