Лекция Сабақтың тақырыбы : тмд елдері аумағының жер бедері. Сабақтың мақсаты мен міндеті: тмд аумағының жер бедері, орографиялық құрылысы туралы білім беру. Сабақтың жоспары



бет2/5
Дата22.02.2023
өлшемі43,67 Kb.
#169849
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 лекция ТМД өзгерген
56513e7e-0467-4d2f-85e8-64eef431ebd8
Геологиялық құрылысы
ТМД-ның территорпясы геологиялық құрылысы жағынан күрделі, өйткені ол кембрийге дейінгі дәуірден бастап, әр түрлі геологиялық уақытта қалыптасты.
ТМД қарап жер қыртысының негізгі геологиялық қүрылымымен және даму тарихымен танысуға болады. Геологиялық құрылысының әр түрлілігі мен күрделілігі Т М Д геологиялық және тектоникалық карталарынан түгелдей керінеді (қосымшаны қараңыз). Тектоникалық картада Т М Д территориясын кұрайтын құрылымдардың жасына қарай дамудың геосинклинальдық кезеңінен платформалық кезеңіне өтуі әр түрлі уақытта болған тектоникалық облыстардың төрт негізгі типтері керсетілген.
I. Қембрийге дейінгі қатпарлық облыстар (ертедегі платформалар); бұларда геосинклинальдық даму кембрийге дейін аяқталған және қатпардың негізі кембрийге дейінгі жыныстардан құралған, ал платформалық жамылғы палеозой, мезозой және кайнозой жыныстарынан тұрады.
II. Палеозой қатпарлығының облыстары (каледондық және герциндік); бұларда геосинклинальдык даму палеозойда аяқталған, демек, қатпарлы негіз кембрийге дейінгі және палеозой жыныстарынан қүралған да, платформалық жамылғы мезозой мен кайнозой, ал каледон қатпарлығы аудандарында жоғарғы палеозой жыныстарынан тұрады.

  1. Мезозой қатпарлығының облыстары; бұларда геосинклиналь даму мезозойда аяқталған, қатпарлы негіз кембрийге дейінгі және палеозой, мезозой жыныстарынан құралған, ал платформалық жамылғы жоғарғы мезозой мен кайнозойдың жыныстарынан түрады.

  2. Кайнозой қатпарлығының облыстары; бұларда геосинклинальдық даму әлі аяқталмаған және платформалық жамылғы жоқ.

ТМД- ның территориясы үшін негізгі құрылымдық элементтер болып геосинклинальдық белдеулер мен платформалар саналады. Платформалар кембрийге дейінгі фундаменті сыртқа шығып жатқан (өйткені платформаның бұл учаскелері көтерілуге ұшыраған) калқандар мен кембрийге дейінгі фундамент қалың борпылдақ шөгінділермен жабылған (платформалық жабу) плиталарға бөлінеді. Плита үстіндеборпылдақ шөгінділерді өте қалың болып келуі платформалардың осы учаскелерінің, шөгіп бара жатқанын көрсетеді.
ТМД-ның территориясында кембрийге дейінгі: Орыс және Сибирь платформалары қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет