Лекция Сабақтың тақырыбы : тмд елдері аумағының жер бедері. Сабақтың мақсаты мен міндеті: тмд аумағының жер бедері, орографиялық құрылысы туралы білім беру. Сабақтың жоспары



бет1/5
Дата22.02.2023
өлшемі43,67 Kb.
#169849
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2 лекция ТМД өзгерген
56513e7e-0467-4d2f-85e8-64eef431ebd8


2 Лекция
Сабақтың тақырыбы:ТМД елдері аумағының жер бедері.
Сабақтың мақсаты мен міндеті: ТМД аумағының жер бедері, орографиялық құрылысы туралы білім беру.
Сабақтың жоспары:
1.Достастық елдерінің аумағының орографиялық ерекшелігі.
2.ТМД елдер терреториясының геологиялық құрылысы.
3.ТМД елдері пайдалы қазбалар орналасуы.
Сабақтың мақсаты: ТМД аумағының жер бедері, орографиялық құрылысы туралы білім беру.
ТМД-нің гипсометрлік картасында біздің еліміздің барлық территориясының орографиялық ерекшелігі анық көрінеді (түрлі түсті картаны қараңыз). Ол аласа және көтеріңкі жазықтардың, таулы қыраттар мен таулы үстірттердің және таулардың күрделі үйлесімімен сипатталады. Жазықтықтар негізінен ТМД территориясының, батыс жартысында шоғырланған, ал таулы үстірттер, таулы қыраттар мен таулар шығыс жартысында — Енисей аңғарынан Тынық мұхит жағалауына, оның теңіздеріне дейінгі аралықта көбірек.
ТМД территориясын Дежнев мүйісінен оңтүстік шығыстағы мемлекеттік шекарасына дейін қоршап жатқан Тынық Мұхит теңіздерінің жағалауында биіктігі орташа тау жүйелері тұтас тосқауыл болып созылып жатыр. Оңтүстікте ТМД мемлекеттік шекарасының бойымен биік таулар белдеуі өтеді, одан Солтүстік мұзды мұхит теңіздерінің жағалауларына қарай Азиялық бөліктегі барлық территория төмендей береді. Осы еңіспен Сибирьдің, ірі өзендері (Обь, Енисей, Лена) оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады. Біздің еліміздің территориясының мүндай орографиялық ерекшеліктері оның, геологиялық тарихымен, геологиялық қүрылысымен анықталады. Ірі ойпаттарға, жазықтар мен таулы үстірттерге платформалық учаскелер, ал таулы аймақтарға — геосинклинальды аймақ сай келеді. Рельефтің гипсо-метрлік айырмаларының қалыптасуында әсіресе геосинклинальдық учаскелерде ерекше күшті байқалған және байқалатын ең жаңа, әрі осы заманғы тектоникалық қозғалыстар маңызды роль атқарады.
ТМД-ның еуропалық бөлігінің көп жерін Орыс немесе Шығыс Европа жазығы алып жатыр. Ол солтүстігінде Баренцов және Ақ теңізбен, оңтүстігінде Карпат, Қырым, Кавказ тауларымен және Қара теңіз, Азов, Каспий теңіздерімен шектеседі. Орыс жазығының шығысында меридиан бағытын қуалай аласа Орал таулары созылып жатыр. Жазықтың орташа биіктігі 170 м-ге жуық. Оның кейбір бөліктері 300—400 м көтерілсе, ал ең аласа жерлері мүхит деңгейінен 28 м төмендеп кеткен. Олар Каспий теңізінің жағалауларында орналасқан. Орыс жазығы каледон қатпарлығына дейін пайда болған орыс плитасының рельефтегі бейнесі болып есептеледі. Оның беті рельефтің әр түрлі морфогенетикалық типтерінен күрылған, оның ішінде (солтүстік жартысында) теңіздік, зандралық, көлдік, мүзды-сулы, мореналық және (оңтүстік жартысында) эрозиялық және теңіздік жазықтар басым. Орыс жазығы солтүстік батысында архей қүрылымы мен карелия қатпарлығы үстінде қалыптасқан Кола түбегі мен Карелиядағы ерте заманғы аласа пенепленмен көмкерілген. Кола түбегінде Хибин және Ловозер тундрасының биіктігі 1000—1200 м интрузивті тау массивтері бар. Карелия территориясы — биіктігі шамамен 200 м төбе-төбе болып келетін жазық. Бұл жазықтың ең биік жері оның солтүстік-батысында 600 м-ге жетеді.
Арктиканың Европалық секторындағы аралдарда мұздық және нивальдық өңдеуге ұшыраған немесе территорияның көпшілік бөлігін мұз жамылғысы алып жатқан орташа таулар мен аласа таулар басым.
ТМД Азиялық бөлігінде, Урал тауы мен Енисей өзені аралығында, жер шарындағы ірі жазықтардың бірі — Батыс Сибирь жазығы бар. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Қара теңізі жағалауынан Торғай үстіртіне, Қазақтық ұсақ шоқылығына (Сарыарқаға) және Алтай тауының етегіне дейін созылып жатыр. Жазықтық беті солтүстікте және орталық бөлігінде биіктігі 19—160 м бөлек-бөлек ойпат, әрі қырат болып келеді де, тек шет аймақтарында ғана 250— 300 м-ге көтеріледі. Енисейдің төменгі ағысында Батыс Сибирь жазығы Солтүстік Сибирь ойпатына ұласады. Ал бұл ойпат шығысқа қарай Лена өзенінің атырауына дейін созылып жатыр.
Батыс Сибирь жазығы, Батыс Сибирь палеозой плитасының мезозой және қайнозой шөгінді жамылғысының үстінде қалыптасқан. Жазықтың өзі әр түрлі жағдайда пайда болған ойпаттар мен қыраттардан тұрады, олардың ішінде көлдік аллювийлік, зандралық, мореналық және эрозиялық түрлері басым.
Каспий теңізінен шығысқа қарай Орта Азияның көпшілік жерін Тұран ойпаты алып жатыр, оның негізі ірге тасы палеозой дәуірінде қаланған Тұран плитасы. Плитаның үсті Тұран жазығы — әр түрлі типті аккумулятивтік жазықтар (көлдік, аллювийлік, жел сусытқан) мен аридтік-денудациялық жазықтардан және үстірттен түрады. Территорияның көпшілік бөлігінің биіктігі 50—200 м. Тұран ойпатында, Кас-пий теңізінің жағалауына таяу жерде, Маңғыстау түбегінде ТМД территориясындағы ең терең ойыс — Қарақия қазан шұңқыры бар, оның табаны мұхит деңгейінен 132 м. төмен жатыр.
Енисей мен Лена аңғарларының аралығында ТМД дағы ең ірі, Орта Сибирь таулы үстірті орналасқан. Су айрықтарында биіктігі 400—600 м-те жетеді. Кейбір бөліктері 1000—1700 м-те дейін көтеріліп, эрозиялық аңғарлармен тілімделген жалпақ шыңды, биіктігі орташа тауларға айналады. Таулы үстірттің солтүстік шеті Солтүстік Сибирь ойпатына келіп қүлайды, ал мұның өзі солтүстігінде орта биіктіктегі Бырранга тауымен шектелген. Орта Сибирь таулы үстірті Сибирь платформасының рельефтегі көрінісі болып табылады. Рельефінде ертедегі мүз басу, эрозиялық және тоңдык-солифлюциялық әрекеттермен күрделіленген денудациялық көтеріңкі жазықтар мен үстірттер басым. Орта Сибирь таулы үстіртінен шығысқа қарай ТМД ның Солтүстік-Шығысының көлемі жағынан шағын, бірақ анағұрлым биік таулы үстірттері мен таулы қыраттары орналасқан. Олар батысында Верхоянск тауларымен шектеліп, бір-бірінен орта биіктіктегі тау жүйелері арқылы бөлінген, олардың ең ірісі — Черский тауының ең биік шыңы — Жеңіс 3147 м.
Сибирьдің Солтүстік-Шығысының, таулары көбінесе қатпарлы мезозой қүрылымында қалыптасқан денудациялық-тектоникалық тауларға жатады және жаңа тектоникалық қозғалыстың қарқынды байқалуымен сипатталады. Мұзды, нивальдық және солифлюкциялық өңдеулерге ұшыраған орта тау мен аласа таулар кен, тараған (Т М Д-дің геоморфологиялық картасын қараңыз)
Енисеи ангарынан географиялық зоналық анык. байқалады, ал тауларда физикалық-географиялық биіктік белдеулілік білінеді.
Рельеф еліміздің шаруашылығының дамуына да әсер етеді: ол темір жол мен тас жол, суландыру жүйелері құрылыстарын салуда, ауыл шаруашылығына пайдалы жерлерді бөлуде, таулар мен жазық-тарда су энергиясын пайдалануда, пайдалы қазбаларды іздеуде және йгеруде, сонымен бірге өзен транспортын дамытуда ескеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет