Лекция Сабақтың тақырыбы : тмд елдері аумағының жер бедері. Сабақтың мақсаты мен міндеті: тмд аумағының жер бедері, орографиялық құрылысы туралы білім беру. Сабақтың жоспары



бет3/5
Дата22.02.2023
өлшемі43,67 Kb.
#169849
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 лекция ТМД өзгерген
56513e7e-0467-4d2f-85e8-64eef431ebd8
Орыс платформасы ТМД – ның Европалық бөлігін түгелдей дерлік алып жатыр. Оның шегінде Балтық және Украин қалқандары бөлінеді. Украин қалқанынын да, Балтық қалқанының, да кембрийге дейінгі қатпарлы негізі әр текті, олар әр түрлі бағыттағы тектоникалық жарықтармен айрылған. Қалқандардың ертедегі кембрийге дейінгі жыныстарында әр түрлі рудалы пайдалы қазба байлықтар бар: Кривой-Рог және Кола түбегінің темір рудасы, Кола түбегіндегі мыс-никель рудасы т. б.
Орыс платформасында кембрийге дейінгі жыныстардың сыртқа шығып жатқан жері Тиман бұйраты мен Қанин түбегінде. Ал Қанин түбегіндегі байырғы рифей шөгінділері ашық жатыр. Сонымен бірге кембрийге дейінгі жыныстардың сыртқа шығып жатқан жері Дон аңғарында, Павловск маңында, Воронеж антеклизасында байқалады.
Орыс платформасының көпшілік жерін Орыс плитасы алып жатыр. Кембрийге дейінгі фундаменттің орналасу тереңдігіне қарай платформа жамылғысының қальңдығы да әр түрлі. Плита шегінде синеклизалар (ойыс) мен антеклизалар (көтерілулер) байқалады. Ірі қүрылымдар Вятка, Ока-Цина, Дон-Медвежье белестері сияқты платформалық қатпарлармен және күмбездермен, сонымен бірге қабаттардың ыдырауымен және ыдырау сызықтарының бойымен опырылу арқылы күрделенген. Платформалық жамылғы жоғарғы протерозойдан бастап, төрттік дәуірдін жыныстарын қоса қамтиды. Онын, қальңдығы қалқан беткейлерде бірнеше ондаған метрден синеклизаларда бірнеше километрге дейін ауысып отырады. Шөгінді жамылғыньң қалыңдығы Қаспий маңы синеклизасында 8—10 км-ге жетеді, бұл мүмкін, барлық платформа бойынша ең қалыңы шығар. Украина синеклизасында оның қалыңдығы 8 км шамасында, ал Москва синеклизасында — 3 км-ге барады.
Геологиялық картадан көрінетініндей (қосымшаны қараңыз) платформалық жамылғының беті әр кезенде пайда болған жыныстардан түзілген. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ежелгі жъшыстардың едәуір жаңа жыныстармен ауысып отыратыны байқалады. Балтық қалқанынан оңтүстікке таман Орыс плитасынын, солтүстік батыс бөлігінде беткі қат-қабаттар көбіне палеозой дәуірінде пайда болған. Олар көп жерді алып жатыр. Орталық белігінде көпшілік жерінің бетін мезозой жыныстары, ал шьгғыс бөлігін пермь жыныстары алып жатыр. Оңтүстік бөлікте жамылғыньң беткі қабатында — үштік дәуірдің жыныстары, ал оңтүстік шығыста төрттік дәуірдің жыныстары басым.
Төрттік қат-қабат (олардын, жоғарғы қабаты) тұтастай дерлік континенттік шөгіндіден тұрады. Олар солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай біртіндеп ауысатын бірнеше зоналарды қүрайды. Балтық қалқаны шегінде төрттік шөгінділерінің жамылғысы өте жұқа, әрі ол тұтасып та жатқан жоқ. Бұлар, негізінен, мореналық (табандағы) жыныстар. Балтық қалқанынан оңтүстік және оңтүстік-шығысқа қарай негізгі, табандық морена зонасы орналасқан. Ол соңғы морена үйінділері зонасымен ауысады. Оңтүстікке қарай флювиогляциальдық шөгінділер — зандр, немесе орманды еңір зонасы орналасқан. Полесье зонасы жамылғы ретінде пайда болған саздақ және лесс жамылғысымен ауысады. Қиыр солтүстік пен оңтүстіктегі жағалық жерлерде теңіздік төрттік шөгінділер байқалады. Төрттік шөгінділердің аталған зоналары Орыс жазығында әлденешерет қайталанған мұзбасумен және трансгрессиямен байланысты.
Платформа жамылғысының қат-қабаты түрлі пайдалы қазындыларға бай. Мәселен, девонмен карбонның жоғарғы қабаттарында, орта юра және төменгі бор қабаттарында мұнай және газ бар. Таскөмір шө-гінділерінде таскөмірмен қоңыр көмір қабаттары бар. Украин синеклизасындағы жоғарғы девон шөгінділерінен астұзының қалың қабаты, ал Урал алдының шеткі ойысындағы пермь шөгінділеріне нас және калий тұзы табылды. Плитаның солтүстік батыс бөлігінің төменгі силур қабатында жанатын тақтатас, жоғарғы юрамен бор қабаттарында фосфориттің аралас қабаттары (Москвамаңында) жатыр. Плитаның оңтүстігіндегі палеоген шөгінділерін демарганец рудасы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет